?аза? тілі м?тін 2сынып.


«Амангелді орта мектебі»КММ Ибраева Г.Т.
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Сабақтың мақсаты: Мәтін туралы берілген ұғымдары кеңейеді, мәтінге тән белгілерді еске түсіреді, мәтіндегі сөйлемдердің байланысу тәсілдерін байқайды.
Міндеттері: 1.Өзара байланыстыра сөйлеу қабілеттері дамиды
2. СТО стратегияларын пайдаланып, шығармашылықпен жұмыс істеуге, ізденуге үйренеді, өз ойын еркін жеткізе алуға төселеді.
4. Дос, достық сөздерінің мәнін ашады
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: теледидар, суреттер, қағазға жазылған қима мәтіндер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Күн атауын жазу
Көркем жазу: лл лл лл
І. Қызығушылықты ояту. «Ой шақыру» стратегиясы.
Жұмбақтарды шеш, жауабын жаз.
Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,
Тоны бар киеріне шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп-шығар, сапары жоқ. ( Мысық)
Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәнін түсінуге жараған. (Әріптер)
Судан алады,
Суға салса өледі. (Тұз)
Жоғарыдан айдадым,
Белін жіппен байладым.
Сыпыра тақта астында
Шалып, қағып ойнадым. ( Іс машина)
Сүмбелі теректі, қызыл желекті.
Ерден қалмайды, жауда керекті. ( Найза)

Бірінші әріптерін қосқанда қандай сөз шықты? Мәтін
«Топтастыру» стратегиясы
аты негізгі бөлім соңы

басы Мәтін жоспар
екі не одан да көп сәйлем
ІІ. Мағынаны тану.
Бүгінгі сабақ «Кубизм» тәсілі бойынша өтеді. Оның 6 бар.
І. Суреттеңіз
Мәтін дегеніміз не? Ережесі
ІІ. Зерттеңіз. 196-жаттығу.Үй тапсырмасын тексеру.
ШҚО табиғат ғажайыптары (іздеп жазып келу) Рахман қайнары туралы дерек.
ІІІ. Қолдан.-Мен сендерге мәтін құрастыруға дайындап қойған сөздерімді біреу орындарын ауыстырып кетіпті. Сондықтан біз қайтадан мәтінді құрастырайық
1. Балалар мектептен келе жатты. 2. Бір әжей құдықтан су алып жатыр еді.
3. Дәулет әжейге құдықтан су алып берді. 4. Әжей қуанып қалды.
5. Ол алғыс айтты. 6. Дәулет өз жөніне кетті .
(Сөздердің артында қоян бейнесі шығады.)
-Сөйлемдердің орны ауысса мәтін бола ма?
Қорытынды шығару: мәтіндегі сөйлемдердің де өз орны болады екен. Бір-бірімен байланысты сөйлемдер ғана мәтінді құрайды.
-Бүгін біз сабағымызда мәтіндегі сөйлемдердің байланысын сақтай отырып мәтін құруға үйренеміз.
-Қоянға сергіту жаттығуын орындап берейік.
Сергіту сәті.
Кітаппен жұмыс.
197- жаттығу. Ақселеу мәтінін оқу
«Түртіп алу» стратегиясы. Білемін, мен үшін жаңа сөз
Бөліктерін оқу, жоспар құру. Жоспарын дәптерге жазу.
Мәтінде не туралы айтылған? Достық . Олай болса дос дегеніміз қандай болу керек?
әдепті
ақылды
мейірім Дос батыл

кешірімді
ІІІ. Ой толғаныс
Орнымыздан тұрамыз. Жұп құрамыз. «Сұқ саусақ» стратегиясы
Таңдаған жұп «Авторға хат» стратегиясы бойынша хат жазады, 2 жұп «Менің досым» шығарма жазады. 3 жұп «Терминдер арқылы болжау» стратегиясы бойынша тірек сөздермен мәтін құрайды. (Әдемі доп, көкесі, балалар, үйдің төбесі, футбол)
«Қабырғаға қарап оқу» стратегиясы. (Өзіне ұнаған жерден қабырғаны таңдап алулары керек. Жазғандарын сол жерде оқып, түзету енгізіп алуына болады.)
«Автор орындығы» стратегиясы. (Жазғандарын сынып ортасына отырып оқиды.)
ІV. Қиялда
«Егер мен жазушы болсам»...
V. Салыстыр. Мәтін Ортақ белгісі Сөйлем
Көп ой
Байланысқан сөйлемдер
сөздер
Басы
Негізгі бөлім
Соңы
Жоспар
аты Сөйлем
Сөздер
ой
Бір ойды білдіреді.
сөздер
Хабарлы
Сұраулы
лепті
VІ. Дәлелде. Өмірде адам өміріне мәтін қажет, қажет емес пе дәлелде.
Қорыту .
5 жолды өлең
Мәтін
Қызықты, қысқа
Оқиды, құрады, жазады
Мәтін-байланысқан сөйлемдер
Аяқталған ой.
-Бүгін біз сабақта нені түсіндік?
Мәтіннің құрылымындағы сөйлемдердің де өз орны болады екен. Бір-бірімен байланысты сөйлемдер ғана мәтінді құрайды.
Бағалау
Үйге тапсырма: 198- жаттығу. Ауыл маңында кездесетін құстардың суретін салып келу.