Биология п?ні бойынша 6 сынып?а арнал?ан тест тапсырмалары


6 сыныпқа арналған биологиядан тест тапсырмалары
І нұсқа
1. Тірі табиғатты зерттейтін ғылым:
А) География В) БиологияС) ХимияД) Экология
2. Қоректенгенде ауаға оттегін бөліп шығарады:
А) Жануарлар В) Адамдар С) Жасыл өсімдіктерД) Саңырауқұлақтар
3. Жасушаның көбею қызметін атқарады:
А) Пластидтер В) ВакуольС) ЯдроД) Цитоплазма
4. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы түзеді:
А) МүшеніВ) Мүшелер жүйесінС) АғзаныД) Ұлпаны
5. Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан сақтайды:
А) Жабын ұлпасыВ) Негізгі ұлпаС) Түзуші ұлпасыД) Тірек ұлпасы
6. Жанама тамырлар неден тарайды?
А) сабақтан;В) негізгі тамырдан;С) қосалқы тамырдан;Д) негізгі және қосалқы тамырдан.
7. Өсімдіктің вегетативті мүшелері:
A) Гүл, тұқым, жеміс. B) Тамыр, жеміс. C) Сабақ, гүл. Д) Тамыр, сабақ, жапырақ.
8. Өркен-бұл:
А) түрі өзгерген сабақ;В) жапырағы және бүршігі бар сабақ;С) гүлі бар сабақ;
Д) жапырағы бар сабақ.
9. Жылдық сақиналар ... түзіледі.
А) камбий жасушаларынан;В) өзек жасушаларынан;С) қабық жасушаларынан;
Д) сүрек жасушаларынан.
10. Органикалық заттар сабақтың қай бөлігінде қозғалады?
А) қабықшада;В) сүректе;С) флоэмада;Д) камбийде.
11. Гүл дегеніміз:
A) Көбею мүшесі.B) Жасушалар жиынтығы.C) Өсімді мүше. Д) Фотосинтезге қатысатын мүше
12. Органикалық тыңайтқышқа жатпайды:
A) АзотB) Қарашірік. С) ШымтезекД) Құс саңғырығы
13. Тұқымы су арқылы таралатын өсімдік:
A) Бақбақ. B) Ошаған. C) Долана. Д) Тұңғиық.
14. Спора арқылы көбейетін өсімдік:
A)Шырмауық. B) Алма. C) Қырықжапырақ. Д) Бидай.
15.Хламидомонада жасушасының сыртын қаптайтын:
A) Талшықтар. B) Қабықша.C) Хроматофор.Д) Кірпікшелер.
16. Биіктігі 50 метрге жететін балдыр:
A) Улотрикс.B) Хлорелла.C) Қызыл балдыр.Д) Ламинария.
17. Мүктердің көбеюі:
A) Ризоид арқылыB) Тұқым арқылы C) Тамыр арқылыD) Спора арқылы
18. Шымтезек мүгінің құрылысы:
A) Ризоид, сабақ, жапырақ.B) Ризоид, сабақ.C) Тамыр, сабақ, жапырақ. Д) Гүл, жеміс, тұқым.
19. Сабағы буын және буынаралықтан тұрытын өсімдік
A) қырықбуын.B) қысқарған сабақ C) қырықжапырақ. D) сорустар
20. Сүрек дегеніміз не?
А) аталық бүрі мен аналық бүрі бір өсімдікте орналасқан. В) өсімдіктердің ең ежелгі тобы.
С) ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі Д) жұмсақ, шар тәрізді, жидекке ұқсас болады.
21. Кәдімгі қарағай
22. Жемісі қауашақты өсімдік:
A) Алма, алмұрт B) Асбұршақ, соя. C) Шие, тұшала. Д) Сасық меңдуана, шегіргүл.
А )бір үйлі өсімдік В) екі үйлі өсімдік С) ағаш сабағы Д) ағаш дінінің су өткізгіштігі
23. Зеравшан аршасы жеміс беретін жыл
А) 10В) 30С) 50Д) 40
24. Ашық тұқымдылардың тұқымдары дамитын орын
А) ЖемісВ) Тұқым С) СпораД) Бүр
25. Бір гүлдің аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі
А) Өздігінен тозаңдануВ) Айқас тозаңдану С) Ұрықтану Д) Жынысты көбею
6 сыныпқа арналған биологиядан тест тапсырмалары
ІІ нұсқа
1. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым:
А) ботаника    В) зоология   С) биология  D) цитология
2. Микроскопты ойлап тапқан:
А) К.А.Тимирязев В) ЯнсендерС) Р.БроунД) Р.Гук
3. Жасуша дегеніміз:
A) Ағзаның ең кіші бөлшегі. B) Органоид. C) Ұлпа. D) Жеміс.
4. Өсімдіктерге түс беретін органоид:
A) Қабықша. B) Цитоплазма. C) Ядро. D) Пластид.
5. Жапырақ тақталарының керіліп, дауыл соқса да төтеп беруі байланысты:
А) Жабын ұлпа В) Тірек ұлпа С) Түзуші ұлпаД) Өткізгіш ұлпа
6. Қосалқы тамыр неден тарайды?
А) сабақтанВ) жапырақтанС) жанама тамырданД) сабақ пен жапырақтан
7. Өсімдіктің генеративті мүшелері:
A) Гүл, тұқым, жеміс. B) Тамыр, жеміс. C) Сабақ, гүл. D) Тамыр, сабақ, жапырақ.
8. Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ қалай аталады.
А) бүршік В) өркен С) сабақ Д) жапырақ
9. Камбий қайда орналасады?
А)Сүрек пен тоз арасында;В) сүрек пен өзектің арасында;С) қабық пен өң арасында;
Д) өң мен тоз арасында.
10. Су және минералды заттарды ... тасымалдайды.
А) сүрек тамырлары;В) қабық жасушалары;С) сүзгілі түтікшелер;
Д) камбий жасушалары.
11. Жіпшеден және тозаңқаптан тұрады:
а )гүлсағақ ә)күлте б)аталық в)аналық
12. Минералды тыңайтқыш:
А) фосфорВ) қиС) құс саңғырығыД) қара шірік
13. Тұқымы жел арқылы таралатын өсімдік:
А) қоғаВ) шоңайнаС) бақбақД) шетен
14. Споралар арқылы көбейетін өсімдік:
A) БегонияB) МүкC) БидайD) Алқа
15. Денесі бір ғана жасушадан тұратын балдыр:
A) Қызыл балдырB) СпирогираC) ХламидомонадаD) Ламинария
16. Барлық гүлді өсімдіктер екі үлкен класқа біріктіріледі:
A) даражарнақтылар және қосжарнақтыларB) ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар
C) орамжапырақгүлділер (шаршыгүлділер) және күрделігүлділерD) астық тұқымдастар және алқатұқымдастар
17. Қырықбуындар өсетін жер –
А) Құрғақ жерлерде В) Барлық ылғалды жерлерде С) Тас бетінде Д) суда
18. Тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасатын өсімдіктер қалай аталады?
А) Жабық тұқымды өсімдіктер В) Плаундар С) Қырықжапырақтәрізділер
Д) Ашық тұқымды өсімдіктер
19. Жапырақ тақтасын сабақпен жалғастырады:
A) Тостағанша.B) Күлте.C) Сағақ.D) Қабық.
20. Астық тұқымдас өсімдіктер тамыры:
A) Жанама B) Кіндік C) Негізгі D) Шашақ
21. Сүйекті-шырынды жемісі бар өсімдік-
A) КүнбағысB) Бидай C) ЖаңғақD) Алхор
22. Қылқан жапырақты өсімдік
A) СексеуілB) АршаC) ТобылғыD) Қайың
23. Қағаз алуға қолданылады
A) ШыршаB) СамырсынC) ҚайыңD) Балқарағай
24. Плаунның спораларын неге пайдаланады?
А) Бояу алуға В) Әтір алуға С) Тамаққа Д) Дәріге
25. Жүйенің ең кіші бірлігі:
А) Бөлім В) Түр С) Тұқымдас Д) Туыс