Дене ?оз?алысы ба?ытында ?рекет ететін к?шті? ж?мысы. ?уат.


Сабақ жоспары
11.04.2014
14.00-14.45 Физика 7а сынып
Сабақтың тақырыбы: Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат.
Мақсаты: Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы, қуат туралы, олардың байланыстылығын және формулаларын қорытып шығарып үйрену
Сілтеме «Физика және астрономия» (автор: Р.Башарұлы)
«Физика» 7 сынып электрондық оқулық
Оқу нәтижесі Жұмыс, қуат анықтамаларын, формулаларын біледі
Топпен жұмыс жасай біледі
Топ ережесіне бағына біледі.
Бір-бірін бағалауды үйренеді
Негізгі идеялар Жұмыс, қуат формулаларын ажырата алады. A = Fs және N =Аt формулаларын біледі.
Ресурстар Интерактивті тақта, постер, электрондық оқулық
Сабақ өткізілу уақыты: 45 мин
Оқыту әдістері Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
АКТ, СТО: сұрақ-жауап, диалог, миға шабуыл.
Бағалау: формативті бағалау, стикерлер, қол шапалақтау, жиынтық бағалау
Жұмыс түрлері: жұптық, топтық, жеке жұмыс
Дерек көздері Физика және астрономия оқулығы
Тапсырмалар Постер дайындау
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық
дайындық Әрбір күнге арналған рецептіні оқыту
Оқушыларды топқа бөлу
Оқушылар А, N, Дж, Вт қағаздарын суыру арқылы 4 топқа бөлінеді
І. Білу Сабақтың мақсатын айқындау
Миға шабуыл «Жұмыс» тақырыбына постер қорғауға бағыт-бағдар беру Өздеріне мақсат қоя білуге үйренеді.
Әр топ өз постерін қорғауға дайындалады.
Әр топтан бір оқушы тақырыптарын қорғап, жұмыс туралы білімдерін ортаға салады.
ІІ.Түсіну Әр топқа жұмыс, қуат тақырыбын түсініп оқуын тапсыру.
Анықтамалар, формулалар бойынша сұрақтар қойып, түсініктерін анықтау
-Жұмыс қалай белгіленеді?
- Қуат қалай белгіленеді?
-Жұмыстың формуласы?
-Қуаттың формуласы?
- Жұмыстың өлшем бірлігі
- Қуаттың өлшем бірлігі
Үйдегі қолданып жүрген заттардың қуатын білесіздер ма? Әр топ тақырыпты өз беттерінше оқып, мағынасын ашады.
Оқушылар сұраққа толық жауап береді.
Топ мүшелері жауаптарды өзара бағалап отырады.

-N
-A=F*S
- N=A/t
- Дж
- Вт
- автомобильдікі – 70-80 кВт, үтіктікі – т.б
ІІІ. Қолдану Формулаларды пайдалану арқылы есептер шығару
28 жат (1)
Машина 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000Н болса, онда ол 10с-та қанша жұмыс атқарады?
Берілгені: F=2000 Н
v=72 км/сағ=20 м/с
t=10 с
А=?
Шешуі: А= F*s; s=v*t
A=F*v*t= 2000*20*10=400000Дж

Оқушылар есепті оқиды, түсіндіреді, формуласын айтады, есептер шығарады, өз пікірлерін айтады.
1)Массасы 2 т автомобиль 0,5 км жолда бір қалыпты қозғалғанда оның двигателі қандай жұмыс өндіреді?
Берілгені: m=2т=2000 кг
S=0,5км=500м
Т/к А-?
A=F*s; F=mg; А=mgs;
Шешуі:
A=2000кг*10 Н/кг*500м= 10 МДж
Жауабы: А=10 МДж
2)Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс істейді?
Берілгені: t=10 с =600 c
N=30 Вт
Т/к A -? Шешуі:
A = N*t
A=600 с * 30 Вт= 18000 Дж
Жауабы: A=18 кДж
ІҮ. Талдау Интерактивті тақтадан «Физика» электрондық оқулығынан жұмыс, қуат тақырыбын тыңдату.
Сергіту сәті «Жұмыс, қуат» тақырыбына талдау жасау
Ү.Жинақтау
Интерактивті тақтадан сұрақтар қою.
1)Жұмыстың формуласы
2)Жұмыстың анықтамасы
3)Қуаттың анықтамасы
4)Қуаттың формуласы
5)Өлшем бірліктері
Сәйкестендір
Жұмыс N =Аt
Қуат A=F*s
Сұрақтарға жауап береді. Жеке, жұптық, топтық жұмыс жасайды.
Сәйкестендіреді.
Жұмыс A=F*s
Қуат N =Аt
ҮІ.Бағалау
Деңгейлік есептер шығару арқылы бағалау. Формативті бағалау, «өте жақсы», «жарайсың» сөздері арқылы ынталандыру. Оқушылар бір-бірін бағалайды.
V. Үйге тапсырмасын беру Тақырыпты оқу.
29 жаттығу №4 есепті шығару Оқушылар күнделіктеріне жазады.
VII. Рефлексия
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Тілек ағашына жапсыру