Конспект урока по технологии на тему Гобелен то?у


Үйірме 8а сыныпПән: технология
Тақырып: Гобелен тоқу
Сабақ мақсаты:
Білімділік:оқушыларға сәндік-қолданбалы өнер туралы түсінік беру
Математикалық кестелеудің техникасын меңгерту.
Дамытушылық:әсемдікті сезінуге, көрнекті бейнелі ойлау қабілетін жетілдіріп,іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік:оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын оятып, ұқыптылыққа, эстетикалық жағынан дамыған,ойлау шеңбері кең,жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі,сарамандық
Сабақ типі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау,түсіндіру
Сабақ көрнекілігі: гобелен түрлері, жіппен бейнеленген суреттер
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, геометрия, әдебиет
САБАҚ БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру кезеңі
Өткен сабақтағы білімдерін тексеру
Жаңа сабақ.
Гобелен- қолдан тоқылған суретті түксіз кілем,пано гобелен Отаны-Франция. Гобелен алдымен Италия, испания, сосын Кавказ, Ресей жерлерінде дамыды. Қазақстанда 70 жылдары жақсы дамыды, себебі қазақтың теру алашасы, тықыр кілемі гобелен өнеріне өте ұқсас. Қазақстанда гобелен өнерінің негізгі салушы-Құрасбек Тыныбеков болса, оның өнерін жалғастырушысы Б.Зәуірбекова, бапановтар.
Жіппен бейнелеу –жіптерден жасаған дизайнның бір түрі.Тегіс қол инемен және жіптерден бейнелеу өнері алғашқыда Англияда пайда болды. Олар тақтайға шеге қадап, шартты кезекпен оған жіптерді керген кезде ерекше бір өрнектер пайда болған.Қазіргі таңда осы тәсілмен мерекелік хаттар,сәндік бұйымдар безендіруге болады.
Сарамандық жұмыс
Ертегілер желіісі бойынша гобелен тоқиды.
Қауіпсіздік ережелер қайталанады –инемен, қайшымен
Сабақты қорытындылау үшін оқушылардың жұмыстарына өздерінің пікірлерін, саралауларын тыңдау, өз жұмыстарын бір-біріне бағалату.
Мұғалім жұмыстарын талдайды,бағалайды
-Не білідіңіздер?
-Нені білгім келеді?