Математикадан ашы? саба?. Та?ырыбы Разрядтан екі рет аттап ?ту ар?ылы ?осу ж?не азайтуды? жазбаша т?сілі3-сынып


Сабақтың тақырыбы: Разрядтан екі рет аттап өту арқылы қосу және азайтудың жазбаша тәсілі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жазбаша «баған» түрінде қосу және азайту тәсілін /алгоритмін/ қолдануды үйренуді қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге қызығушылығын
арттыру. Іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, жеке
оқушылардың білім дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.

Пәндік нәтиже: Оқушылар жазбаша «бағанмен» қосу және азайту тәсілін /алгоритмін/ қолдануды үйренеді.
Сабақ түрі: пысықтау сабағы.
Сабақтың типі: білім мен дағдыны қалыптастыру.
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд-презентациялар, бағалау парақтары,
деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Бұл сабаққа келмейді ешкім ермек үшін,Есеп-қисап,сан-цифр термек үшін.Көрсетіп есептеудің жолын талай,Келдім оларды айтып бермек үшін, -деп сабағымызды бастамас бұрын,бір-бірімізге деген көңіл-күйлерімізді білдірейік.
Психологиялық ахуал:
Ойға толсын санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
 (құшақтасып көріседі,  қол алысып амандасады.
І Ауызша есеп:
206 370 200 280 410 700 580
300-ге арттыр 506 670 500 580 710 1000 880
200-ге кеміт 6 170 0 80 210 500 380
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Қарсы отырған жұппен алмасып тексереді.
№4
458+167=954-486=991-777=
275+146=721-549=768-689=
522+245=658+173=666-297=
ІІІ Қызығушылықты ояту « Ой қозғау»
Адасқан әріптер/топқа бөлу/
к,ү,ж,і,р,й - жүйрік тобы
л, й,о,ш,ы - ойшыл тобы
р, а,п,т,ы, қ – тапқыр тобы
Топ тапсырмалары: / разрядтары бойынша, разрядттан аттап өту арқылы / орындау және оны тексеру/
І топІІ топ ІІІ топ
518-496632-259621-356
159+678459+378457+150
ІҮ Мағынаны тану: Есептер шығару /оқулықпен жұмыс/
№3 а/ бір шаруашылықта 248 қой, ал екіншісінде біріншісіне қарағанда 119 қой кем. Екі шаруашылықта барлығы неше қой бар?
ә/ Үш күнде 424 л қымыз сатылды. Бірінші күні 135 л қымыз, екінші күні 142 л қымыз, қалғаны үшінші күні сатылды. Үшінші күні неше литр қымыз сатылды?
№5 /ізденіске жетелейтін тапсырма/
Сергіту сәті
№6 Қиықшадағы жазылған сандарды бос орындарға қойып, өрнектің мәнін тап. Тура теңдік құрастыр.
3 = * 4 =
24
21
20
18
28
15
32
12
36
16
21

ІІІ Ой толғаныс
Тура теңдіктерді сәйкестендір. «Әрқайсысына затын табуға көмектес»
Үйге тапсырма
№4 , 31 бет
Бағалау: бағалау парақтары бойынша жүргізіледі
Кері рефлексея: «Көңіл күй» оқушылар сабақтан алған әсерлерін білдіреді