Конспект ?дебиеттік о?у ?.М?сірепов К?лде (3 класс)


Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов Көлде
Мақсаты: Ғабит Мүсіреповтың өмірбаянымен таныстырып, көл туралы толық мәлімет беріп, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету, сөйлемді дұрыс оқуға, ойын тиянақтай білуге дағдыландырып, табиғат әлемінің әсемдігіне зер салып, бағалай білуге, табиғат байлығын қорғауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: «Көл» туралы мағлұмат алады; мәтінді өз бетімен меңгереді; өз ойын ашық, еркін жеткізе алады; өз білімін өзектендіре алады;
Түйінді идея: «Көл тартылса құс қашар»
Көрнекілігі: «Қазақстандағы көлдер» бейне баян, құстар, көлдің суретіСабақтың барысы:
Психолгиялық дайындық
Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бір біріне сәттілік тілейді.
Хормен:
Біз тілейміз күнімізге сәттілік,
Қонақтарға бақыт, байлық, денсаулық.
«Бас қосайық» әдісі
Оқушылар суреттерді таңдай отырып, аққу, үйрек, қоға, қамыс болып 4 топқа бөлінеді.
«Ассосация»
Әр топ өздері туралы таныстырылым дайындайды, постер қорғайды.

үйрек
қамыс
қоға
аққу


«Ойлан тап»
Аққу, үйрек, қоға, қамыс арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?
(оқушылар пікірі тыңдалады)
Ендеше, жұмбақты шешіп көрейік
Ауыл сыртында сайда,
Жатыр үлкен айна. (көл)
Бүгінгі сабақтың тақырыбы не болмақ?
Көл туралы.
Көл дегеніміз не?
Көл туралы не білеміз?
Жер бетіндегі суға толған ойыстарды көл деп атайды. Көлдер тұщы және тұзды болады.
«Сен білесің бе?» Еліміздегі көлдер туралы ақпарат беру. Бейне көрсетілім.
«Нақты ақпарат» (суреттер топтамасымен жұмыс)
Ғабит Мүсірепов туралы мағлұмат беру.
1 топ Ғабит Мүсірепов кім?
топ Өмірбаяны
топ Әңгімелері
топ Романдары, пьесалары
Әр топ таныстырып, постер қорғайды.
Бағалау түрі- бағдаршам
. «Ойлан . Бірік. Бөліс.»
Мәтінді бөліктерге бөлу. Әр топ мәтін бөліктерімен танысады, топта талқылайды.
«Кубизм» әдісі
1 Мәтін мазмұнын бейнелеп көрсетеді
Сахналап көрсету
3 Әңгімелеп айту
Мінездеме беру (қарға)
«Көл астында»
Көлдің түбінде нелер болады?
Балықтар, тастар т.б.
Дәптермен жұмыс
Доңыз- арам ниетті, қаскүнем
Бағалау: топтар бірі бірін бағалайды көл- жақсы, көлшік – орташа, теңіз- өте жақсы
Сергіту сәті
Әуен тыңдай отырып, әр топ өз аттарына саәйкес қимыл көрсетеді.
Аққу- бір біріне қарап тербеледі, үйрек- қанаттарын қағады, қоға, қамыс қолдарымен тербеледі.
« Блиц кездесу»
Екі оқушы ортаға шығып, бір біріне қарама- қарсы жаққа қарап отырады.
Тақтаға қараған оқушы тақтадағы тақырыпқа байланысты негізгі сөзді түсіндіреді. Қарсы отырған оқушы жасырынған сөзді табады.
Сөздер: көл, аққу, шық, ара, қарға
«Образға ену» Әр оқушы көл болып әңгімелейді.
«Сөздер банкісі» жадыны дамытуға арналған тапсырма
Әр топқа банкі және сөздер беріледі. Топ мүшелері тақырыпқа байланысты сөздерді банкіге жинайды.
Топ басшысының бағалауы
Аққу- өте жақсы үйрек- жақсы қарға- орташа
Кері байланыс
1656715209550-5086352470153707765253365
Түсінбедім түсіндім түсіндім, жаңа ақпарат алдым

Ойыл қазақ орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Көлде»
Класы: 3 «ә»
Пәні: Әдебиеттік оқу
Өткізген: Майланова Т.Е.
2014-2015 оқу жылы