?дебиеттік о?у Б?ршік 3 сынып


* Әдебиеттік оқу 3 “Ә” сыныпБастауыш сынып мұғаліміҚойбақова Риза * САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Мәтіннің мазмұнын түсініп оқуға, кейіпкер туралы ой айтуға мүмкіндік беру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын табиғат құбылыстары арқылы кеңейту.. Ойын түрлері арқылы ізенімпаздық қабілеттерін,есте сақтау қабілеттерін арттыру. Үй тапсырмасы Бозторғай-дала сәні» мәтінінің мазмұнын сұрау.Бозторғай қандай құс?СипаттаҚазақстанда неше түрі кездеседі?Бозторғай неше жұмыртқа салады?Аңшылық өнерде бозторғайға қатысты қандай ырымдар бар екен? * «Ретін тап» ойыны.1.Жапырақ, сабақ, гүл, тамыр,тұқым, жеміс.2.Қыс, күз, көктем, жаз.3.Айран, құрт, сүзбе, сүт.4.Сабақ, таңғы ас, қоңырау, түскі ас, үзіліс.5.Күн,бүршік, көктем, жапырақ. * Күн,бүршік, көктем, жапырақОсы атаулардың ең кішісі қайсысы? Оқулықпен жұмыс «Араласып кеткен оқиғалар» жаттығуы -Бүршік жарық дүниенің есігін қандай көңіл күймен ашты?-Айналадағы әдемілік пен өмірдің жасырын сырларын Бүршік қалай түсінеді?-Бүршіктен пайда болуынан табиғаттың қандай заңдылық байқалды? -Бүршіктен басқа көктемде оянатын қандай тіршілік иелерін атар едім.Жануарлар, шыбын-шіркей,жәндіктер. * Қастек Баянбаевтың “Араша” өлеңінің желісі бойынша сахналық қойылым. Бүршік тітіркендіБүршік шіміркенді.Бүк түсіп, бүрісіп жатты,Бүршік көзін ашты. “Ағаш отырғызу” ойыны -Балалар, бүршік ағаштың көктем келуіне байланысты алғашқы белгісі екен.Бүршіктен кейін қандай өзгеріс болады?-Жапырақ.-Ал, жапырақтың түсінің жасыл болуы неге байланысты?-Өйткені, күн жылуының әсерінен жапырақта хлорофилл деген зат алмасу процесі жүреді.Сондықтан жапырақ жасыл болады.-Ендеше, сендер қысқаша «Көктемдегі ағаштардың оянуы» тақырыбына мәтін құрастырыңдар. * ІІІ.Ойтолғаныс. -Ал, балалар, бүршіктің көзін ашуы, жануарлардың оянуы қай мезгілге байланысты екен?-Ендеше, сабағымызды әдемі өлеңмен аяқтайық.Көктем келді, құс келді,Ойнаймыз біз саз илеп.Біздің көлге түстенді,Былтыр кеткен қаз-үйрек.Көк көйлегін киді жер,Шешіп ап қар ішігін.Емірене сүйді жел, Тал-теректің бүршігін. - Балалар, сабақ ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар? ҮЙГЕ ТАПСЫРМА 1)“Бүршік” мәтінін оқу.2)Көктемгі бүршіктің пайда болуын бақыла.