Ата-ана – бала?а ?мір сыйла?ан,отбасыны? негізгі ді?гегі


Әлемге әйгілі шығыс ғұлама Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. Осыған байланысты баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Халық даналығында: «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз. Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынып, ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттауы қажет. «Ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше, үй ішінің, үлкендердің әдептілік танытқаны жөн.  Ата – аналарға кеңес. Егер:Егер баланы үнемі сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды.Баланы мақтап отырса ол өз қадірі үшін оқиды.Бала төзімділікте өссе, ол басқаларды түсінуге үйренеді.Бала адалдықта өссе, ол адал болып жетеді.Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамдарға сеніммен қарайды.Бала кекшілідікте өссе, ол қатыгез болып өседі.Бала түсінікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді. Баланы ерекше әлпештеп жібермеңіз. Тіпті әлпештеуге тура келген кейбір жағдайда да оны баланың өзіне сездіруге болмайды.Баланы орынсыз мадақтай бермеңіз. Егер сіз балаңызды жақсы көргіңіз келсе... Баланың ырқына жүре бермеңіз. Балаңыз не талап қойса, соған елпілдеп, айтқанын да айтпағанын да алып бере беруге болмайды.. Өте керекті зат, ақша секілді нәрселерге келгенде қайсысының қажет қайсысының қажет емес екендігін айтып, түсіндіріп қою қажет. Бірінші кеңес. Екінші кеңес. Балаңыз төмен баға алып келгендегі ата-ананың әрекеті кандай ? АТА-АНАНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ Бала Мақтау керек Сену керек Көмектесу керек Мұғаліммен тығыз байланыста болу керек Баланың денсаулығын, тазалығын Баланың икемділігін,бейімділігін Ата-ана құқығын Бала тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдерді Баланың қарым-қатынас ортасын Ата-ана міндетін Мектеп ережесін Бала құқығын Ата-ана білуі керек Ата-ана меңгеру керек ХХІ ҒАСЫР АТА-АНАСЫ ҚАНДАЙ БОЛУ КЕРЕК ? Ата - анаға көз қуаныш,Алдына алған еркесі,Көңіліне көп жұбаныш.Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата - ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.