Та?ырыбы: ?зі?ді де, ?згені де аяла


Мектеп: №6
Мұғалім: Кабакова Жайна
Сабақтың тақырыбы: Өзінді де, өзгені де аяла.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үлкен кісілерге көмектесе отырып, қиянат жасамау құндылығын ұғындыру.
Міндеттері:
1. Сөз бен істің бірлігін ұғындыра отырып, қиянат жасамау туралы түсіндіру;
2. Ешкімге қиянат жасамау, өзіне есеп беру, ізгі істерін дамытуға мүмкіндік жасау;
3. Жанашырлық, қамқорлық, ешкімге қиянат жасамауға тәрбиелеу. Құндылығы: Қиянат жасамау
Қасиеттері: Ізгілік, жанашырлық,қамқорлық, қиянат жасамау
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) дәптер, тұрлі-түсті қарындаштар, плакаттар, суреттер.
Іс-әрекет кезеңдеріТәрбиеші әрекетіБалалардың іс-әрекеті. Ұйымдастыру кезеңiЖағымды күйге келу
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, жағымды орта қалыптастыру.
- Балалар,қайырлы күн! Мен сіздерді өзін – өзі тану сабағында көргеніме өте қуаныштымын.Көңіл- күйлеріңіз жақсы ма?
Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады)
Балалар көздерін жұмады. Мұғалім сөйлейді.
Сендердің жүректерің- ол жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады.Сендерге жылулық береді.Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер.Ал, кәне осы сезімдерімізді достарымызға, жақындарымызға , барлық адамзатқа, өзіміздің кішкене ғана жер шарымызға бәріне – бәріне жіберейік 

 
Балалар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
(2 минут)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ұйымдастырушылық  іздестірушілік
Әңгiмелесу (сұхбат)
Дәйексөз
Мәтінмен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Ойын
Шығармашылық жұмыс
Әңгімелесу
Балалар, бүгін сабақта «Өзіңді де, өзгені де аяла»деген тақырыпта әңгімелесеміз.
Аялау деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Сендерді кім аялайды?
Аялау қандай сезімге бөлейді?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Иә, балалар, аялау дегеніміз ата-ананы, достарды, үлкен-кішіні, қоршаған ортаны желеп-жебеу, оларға жанашырлықпен қарау, жақсылық жасау.
Дәйексөз.
«Аялауды табиғаттан үйрен»Дәйексөзді оқып, мағынасын ашып талдау.

Табиғаттың қай жаратылысын алып қарамайық, бәрі де адамдарды аялайды. Мысалы, нұрын төгеді, суын береді, ауасымен дем алдырады және олар осы жақсылығын міндет етпейді. Сондай-ақ адамдарды бөлмейді, бар жақсылығын бәріне бірдей көрсетеді. Адамдар да дәл солай жасауы тиіс. Сондықтан да халық «Аялауды табиғаттан үйрен» дейді.

Мәтінмен жұмыс
Жанашыр
Бірге оқитын құрбыларымен доп ойнап шаршаған Дастан үйіне қайтып келе жатты. Кенет ол көшенің бұрылысында кедір -бұдыр жолға қайта -қайта сүрініп-жығылып, сенделіп жүрген қыз баланы көрді. «Соқыр ма өзі, машина басып кетеді-ау» деп ойлады Дастан. Жүгіріп қыздың қасына келді.
Жолдан былай шық, - деді Дастан, қыздың қолынан ұстай алып, - әне, машина келе жатыр. Өзің неғып жүрсің?
А-а-дасып кеттім! – деді қыз бала өксіп.
Қайда тұрушы едің?
Көзі жоқ балалар үйінде. Сен кімсің?
Мен Дастанмын. Қорықпа, үйіңе апарып саламын. Ақбөпе жетім еді. Ол зағип балалар үйінде тұратын. Сонда оқиды. Өзі ән салады. Дауысы қандай әдемі, күміс қоңырау сияқты. Ақбөпе ән шырқаса, достары ұйып тыңдайды. Мана Ақбөпе аулада асыр салып ойнап жүріп көшеге шығып кеткенін өзі де аңғармаған. Артынан достары:
Ақбөпе, Ақбөпе! -деп шарқ ұрып іздеп, айқайлағанымен таба алмай қойған болатын.
Дастаннан әуелде сескеніп қалған Ақбөпенің бірте-бірте бойы үйренді. Енді ол қолын созып, жаңа досының қайратты кекілін, таңқы танауын, қалқиған құлағын сипады. Сонан соң жақындап, иығымен түйістіріп, бойын өлшеді. Екеуінің бойы бірдей екен. Екеуі әңгімелесіп, зағип балалар үйіне келе жатты.
Мен ғарышкер боламын, -деп қояды Дастан мұрнын маңыздана тартып.
Мен әнші болғым келеді, -дейді Ақбөпе, ұяла сөйлеп, жымиып.
Міне, олар Ақбөпенің үйіне келіп те қалды. Ақбөпенің келгенін сезген балалар қатты қуанды. Ақбөпені де, Дастанды да құшақтап, орталарына алды. Бірі билеп, бірі сырнай тартты. Шаршағанын ұмытып, Дастан үйіне ерекше көңілмен қайтты.
Дастан, Дастан, келіп тұр!-деп, көпке дейін қол бұлғап қалды, оның жаңа достары.
Дастан қандай адамгершілік қасиетін танытты?
Дастанды балалар не үшін мақтан тұтты деп ойлайсыңдар?
Осы әңгіме мазмұны бойынша қандай ой қорытуға болады?
Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі ребусты шешіп, шешуін жазыңдар.
Шешуі: Аялау – мейірімділікті қажет етеді.
Ойын: «Тапқыштар»
Ойынның жүрісі: Оқушалар әр түрлі смайликтерді таңдайды және смайликтердің артында сөздерді қимыл – қозғалыспен көрсетеді.
Шығармашылық жұмыс. Топтастыру
Оқушылар біз өзгелерді қалай аялаймыз?
«Аялау»
Балалар сұрақтарға жауап береді
Балалар дәйексөзді оқып, мағынасын ашады.
Балалар мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді
Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды
Оқушылар ойындарға қатысады
Оқушылар топтастырады. Рефлексивті- түзетушілік
    Сабақты қорыту
Балалар бүгінгі сабақтан не түйгенін әңгімелеп, өздерінің достарына деген ізгі тілектерін қима қағайдарға жазып, «Ізгілік жүрекшесіне» іледі.
   
Балалар өз ойларын айтып, тілектерін жазады. 
(3 минут)