Аналармен ?ткізілген ашы? т?рбие са?аты ?лпештеген, аяла?ан апатайым!


«Сәлемдесу» тренингі Қытай Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі «коутоу» деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың сәлемдесу рәсімі «ваньфу» деп аталады. Олар қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады. Жапония Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі.  Жаңа Зеландия Жаңа Зеландия сапёр шекер жандарм маори халқының «хонги» сәлемдесу рәсіміне куә болады. Бұл сәлемдесудің сан ғасырлық тарихы бар. Бір-бірін көрген жандарм сәлемдескен кезде мұрындарын тигізіп амандасады. Тувалу Тувалу еліндегі дәстүрлі сәлемдесу дәстүрі өте қызық. Полинезияда орналасқан арал мемлекетіне саяхат жасаған жандар жергілікті халықпен жақындасу әрекетіне дайын болуы керек. Бір-бірін көрген бойда екі жан бір-бірінің беттеріне жақындап, терең дем алады. Тибет Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі, олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады.  1 2 3 4 5 6 Келесі 1. «Байғазы» салт -дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз. Артқа «Байғазы» – балалардың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы, қамшы, шана, ер тоқым т.б) берілетін ақшалай, заттай сыйлық, ақша. 2. «Көрімдік» салт-дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз. Артқа «Көрімдік» – жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге береді. Мұның маңызы алып беруде ғана емес, жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады. 3. «Бастаңғы» салтының мағынасын түсіндіріңіз. Артқа «Бастаңғы» – үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын «Бастаңғы» жаса дейді. Бастаңғының мәнісі – жастардың сол үйде ойын-сауық жасап, бас қосуында. 4. «Иткөйлек» салтының мағынасын түсіндіріңіз. Артқа «Иткөйлек» – ырымшыл халқымыз баланы (туғанына қырық күн) «қырқынан» шығарылғаннан кейін оның көйлегіне тәтті түйіп, иттің мойнына байлап жіберетін дәстүр бар. Итті балалар қуып жетіп, мойнындағы ит көйлекті шешіп алып, тәттісін бөліп жейді. Көйлекті баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады немесе адамдар алыс жолға шыққанда жол амандығын тілеу барысында апаттың болмауын ырым етіп, бойларында сақтаған. 5. «Жасау» салтының мағынасын түсіндіріңіз. Артқа «Жасау» – ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік «жасау» деп аталады. Халық қыздың жасауына жақсы бұйым, кілем, текемет, ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім-кешек, әсем әшекейлі заттар берген. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. Жасауды қыздың еншісі деседе болады. 6. «Енші» салтының мағынасын түсіндіріңіз. «Енші» – балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған отау тігіп, дүние-мүлік, мал береді. Мұны «енші» деп атайды. Артқа Мақал – мәтелдерді жалғастыр:1. Ананың алақаны - ...2. Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да ...3. Ана сүтін ақтамағанды ...4. Ағайын – алтау, ...5. Атаның құны, ...Ана сүті бой өсіреді, ...Ата-ананың қарызы - ...Қызы бардың - ...Ананың ізін қыз басар, ...Ән сазымен, ... Мақал – мәтелдерді жалғастыр:1. Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс2. Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызынан құтыла алмайсын3. Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды4. Ағайын – алтау, ана - біреу5. Атаның құны, ананың сүтіАна сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіредіАта-ананың қарызы – ұрпақтың өмірлік парызыҚызы бардың – назы барАнаның ізін қыз басар, атаның ізін ұл басарӘн сазымен, қыз назымен Әке көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер! Аналардың қандай шаруашылықта іскер екенін анықтаймыз. Аналардың көзін байлап мата түрін анықтау керек. Келесі Артқа Артқа Артқа Артқа Артқа Артқа Маған жарық сыйлаған кім? Анам!Жылатуға қимаған кім? Анам!Жөргегімді ауыстырып құндақтап,Мен деп жанын қимаған кім? Анам!Мен ауырсам жүдеген кім? Анам!Айыққанша қосылғанша қатарға,Тілегімді тілеген кім? Анам!Қателессем, кешірген кім? Анам!Анамдағы махаббатқа нанам!Ең бірінші ана керек балаға,Ақ аналар, жүріңдерші аман! Ситуациялық сұрақтар. 1-сұрақ: Сіздің қызыңыз бірбаламен есе дос. Оны тіпті өзіңізге де мойындады. Бірақ, ол жігіт өте бұзық, отбасы өте нашар тұрады. Сіз қандай әрекет жасайтын едіңіз? 2-сұрақ: Бүгін сіздің қызыңыздың ең жақын құрбысының туған күні. Қызыңыз сыйлық үшін ақша сұрады. Ал сізде ақша да, басқа бір бағалы сыйлық та жоқ. Мұны қызыңыз түсінер емес, үйді басына көтеріп, жылап отыр. Қарыз сұрадыңыз. Ешкімнен табылмады. Сіз қандай әрекетке барасыз? 3-сұрақ: Қызыңыз дәл қазір өтпелі кезеңде. Ол тым дөрекі болып барады. Сізді ана, жарыңызды әке деп қарамайды. Ылғи да дауыс көтеріп сөйлейді, айтқандарыңызды тыңдамайды. Күннен күнге бұзылып бара жатқандығын байқадыңыз. Темекі де шегетін секілді. Ашық сөйлесіп көріп едіңіз. Нәтиже жоқ. Не істейсіз? 4-сұрақ: Сіздің қызыңыз сыныптасының ақшасын ұрлап алыпты. Мұнымен қоймай ол қызбен төбелесуге дейін барыпты. Сізді ата-аналар жиналысына шақыртып масқара етті. Қызыңызды тәрбиелеу үшін қандай әрекеттер қолданасыз? Құрметті ата-аналар Сіздерге көп рахмет! Уважаемые родители! Большое Вам спасибо! Біз сіздерге ... тілейміз Мы желаем Вам... Зор денсаулық Крепкого здоровье Мол бақыт Огромного счастье Мөлдір махаббат Взаимной любви Отбасылық байлық Семейного благополучия Ашық аспан Светлого неба Жақсы көңіл-күй Отличного настроения Сенімді достар Верных друзей Мейрам Праздник Көктем Весна Қуаныш Радости Табыс Успеха Үміт Надежды