«Дарынды ж?не талантты балалармен ж?мыс ж?ргізу жолдары». шеберлік сынып


Солтүстік Қазақстан облысы
«Дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізу жолдары».
Шеберлік сынып
Жамбыл ауданы
Украин орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Рамазанова Айнаш Қабдоллақызы
Еңбек өтілі: 21жыл
Білімі: Жоғары
Санаты: Жоғары
Бірінші \ілгері\деңгей
Дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізу жолдары.
Мақсаты: Дарынды және талантты балалармен жұмыстың өзектілігін айқындау.
Негізгі идеясы: Дарынды және талантты балалар ұғымдарын ажырату, олармен жұмыс жасау ерекшеліктерін айқындау.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: Оқу процесінде балаларды бақылау арқылы олардың дарындылықтарын айқындай біледі Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдарын меңгереді.
Дереккөздер: МАН І деңгей, интернет ресурстар.
Қазақстан Республикасының жаңа «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылғандай: «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі ерекше күш – адамдар, олардың ерік-жігері, табандылығы, білімі». Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі ақылды, ойлы, дарынды жастарымызды шығармашылық потенциалын жан-жақты өсіру қажеттілігі туындайды. Осы тақырыпта ой қозғау мақсатында жұмыла отырып, жұмыс істеуге шақырамын.
1.Психологиялық ахуалды реттеу - (сыни ойлауға арналған сұрақтар) \мұғалімдерге ұсынамын.\
Миға шабуыл а)Үйде бір қыз отыр. Егер Қыз тұрып кеткен жағдайда, сіз оның орнына отыра алмайсыз. Қыз қай жерде отыр? Ж: тізеде отыр.
б)Кенгуру жолбарыстан неге қорықпайды? Ж:себебі жолбарыс Австралияда өмір сүрмейді.
в)Сөмкенің ішінде 5 алма бар. 5 Бала алмаларды тең бөліп алды.Бірақ сөмкеде бір алма қалды. Ж:Біреу алманы сөмкесімен алды.
г)Ең кішкентай доп спорт ойындарының қай түрінде кездеседі? Ж: Үстел теннисі
2.Түрлі түсті қағаздармен топқа бөлу
Тапсырмалар: « Бұлақ көрсең көзін аш» ой қозғау.
1топ - Дарынды және талантты баланың бейнесі.
2топ - Дарынды және талантты баланы анықтау.
3топ -Дарынды және талантты балалармен жұмыс түрлері. Постер құрып, қорғау.
3. «Дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізу жолдары.».
Слайд “Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады. Абай. Абайдың сөздерімен қорытынды жасаймын: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені»
1-тапсырмаДарындылық туралы екі көзқарас бар. Балалардың барлығы да
дарынды болады.Дарынды балалар сирек кездеседіСоның қайсысымен келісіп, дәлелдей аласыз?
2-тапсырма
Талантты және дарынды бала деген кім? Дарынды бала - өз қатарларынан әлде қайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктерімен дараланатын бала!
Талантты бала - музыка, өнер,түрлі қолөнер, би немесе спорт, т.б. салалардағы жоғары деңгейде дамуы. (тума қасиет)
Слайд
Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқажету оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімге қойылатын педагогика-психологиялық талаптарды мынадай кезеңдерге бөлуге болады.
Слайд
1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:
- дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;
- оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;
- дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығу таныту және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;
- дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
– дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы;
Слайд
2. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар
- өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;
- қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;
- оқушы дарындылығын моделін білуі;
- жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;
- дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;
- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;
- дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;
Слайд
3. Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
- дарынды оқушына анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
- дарынды оқушыларды оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі;
- оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
- дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;
- оқушылармен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан сауатты орната білуі;
- дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз:
- баланың отбасы жағдайын зерттеу;
- шығармашылық қабілетін анықтау;
- сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу;
- ата-анасымен әңгімелесу;
- пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру;
Слайд
Осы айтылған тұжырымдарды қорыта келе, дарынды балалардың қабілетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:
1. Сабақтар, сабақтан тыс жұмыстар.
2. Пәндік үйірмелер;
3.сайыстар ;
4. Олимпиадалар;
5. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;
6. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);
7. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);
8. Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі);
9 Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу.
Слайд
Заман талабына сай қазіргі білім беру үрдісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны белгілі.Әр мұғалімнің басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына сіңіре алады.
Қорыта келе өз іс тәжірибемде дарынды балалармен қалай жұмыс істейтініме тоқтала кетсем, мектебіміз он бір жылдық жүзден астам ғана оқушысы бар мектеп болса да, дарынды балаларымыз баршылық деп айта аламын.Дарынды балаларды бастауыш сыныпта оқып жүрген кезінде ақ анықтауға болады. Сабақ барысындағы диалог құрудан бастап, сабақтың соңындағы баланың рефлексия жасауының өзі баланың дамуы үшін атқарылатын жұмыс. Сатылай кешенді талдау,Сын тұрғысынан ойлау,модульдік технологияның тиімділігі мол.Әрине баланың бойындағы қабілетін арығарай дамыта отырып, оның дарыны дамиды.Баршамызға белгілі жалпы деңгейлік жеке жұмыс жоспарын құрып аламын. Жоспарда жоғары, орта , төмен деңгейлі оқушылар тізімі құрылып, олармен атқарылатын жұмыс жоспарланады. Әрине, ол жұмыстар сабақ барысында да, сабақтан тыс уақытт а да атқарылады.барлық аудандық сайыстарға қатысуға тырысамыз. Нәтижеде бар . Аудандық олимпиадалардан қалмай қатысамыз.. Абай оқуларынан аудандық, облыстық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болдық, қашықтық олимпиадаларға да қатысып жүрміз. Жалпы дарынды балалармен жұмыстың нәтижесі бір күн емес, жылдар бойы атқарылатын жұмыстың жемісінен көрінеді.қазір жаңа заман талабына сай жаңа технологияларды алсақ, оқушыларымыздың еркін, шығармашыл болып өсуіне пайдасы зор деп ойлаймын. Биылғы деңгейлік курсы кезінде үйренген әдіс тәсілдерге тоқталсам, топпен, жеке жұмыстың жаңаша түрлері өте тиімді.
Жалпы берілген жеті модульдің тимділігі мол. Әрине біздің бұрыннан қолданып келе жатқана әдіс тәсілдерімізбен ұқсастығы да бар, бірақ заман талабына сай өзгеру жаңа формация ұстазының міндеті сондықтанда, ағыммен бірге өзгере білуіміз керек деп ойлаймын.Уақыт талабы, кезеңі де осыны талап етеді.
3.Сауалнама
4.Дарындылық тағылымы туралы парақтар тарату.
5.Рефлексия
503 Service Unavailable

Service Unavailable

The server is temporarily unable to service your request due to maintenance downtime or capacity problems. Please try again later.