Презентация по казахской литературе на тему Тола?ай 5 класс


Қазақ әдебиеті Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы Толағайдың ерекше сипаты, ерен іс-әрекеті
Сілтеме Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі
Ресурстар Тақта, слайд суреттер,кеспе қағаздар
Сабақтың мақсаты
«Толағай» әдеби ертегінің мазмұны мен идеясын ұғыну. Толағайдың ерекше сипатын, ерен іс-әрекетін, жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдерін ұғындыру.
Тәрбиелік: туған жерді қадірлеу, халқына қызмет ету, адамгершілік пен адалдық қасиетін, ата-ана қадірін ұғындыру. Толағай бейнесі арқылы Отанды сүюге, адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: логикалық ойларын дамыту,сыни тұрғыда ойлау, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, шығармашылыққа баулу. Сөздік қорларын молайту.
Сабақтың түрі: сабақ
Әдісі: әдеби ертегіні талдау, мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс, іздену, салыстыру, баяндау, сұрақ - жауап.
Күтілетін нәтиже – өзіне, бір-біріне деген сенімділікті орнату
еркін ойлауға мүмкіндік беру
айтылған ойды негізге ақпарат көзімен салыстыра алу
сұрақтар мен жауаптардың нақты болуы
топтарда пікірін тыңдата отырып ой қорыта білу
АКТ-ны пайдалана алу
Қосымша ақпараттар арқылы ой-өрісін кеңейту
бірін –бірі бағалай білу
Сабақтың барысы
Топқа бөлу Сыныпты ертегі кейіпкерлеріне байланысты топқа бөлу.
I топ "Кендебай"
II топ "Ер Төстік"
III топ "Толағай"
Үй тапсырмасын сұрау
1. Ерекше өскен Толағай I Кендебай
2. Толағайдың жолбарыспен айқасы II Ер Төстік
3. Елі үшін құрбан болған Толағай. III Толағай
Әр топ өзіне берілген бөлімді мазмұндап болған соң, ерлік, батырлық, Отан туралы мақал - мәтел айтқызу. Мысалы: Отан үшін отқа түс күймейсің. Ер ел үшін туады, елі үшін өледі.
«Бируме» әдісі арқылы өлең жолдарын шығару
.............. болыпты,
................ беріпті.
.................іздеп,
.................кетіпті.
.................жинапты,
................. қалыпты,
.................жинап,
................ салыпты.
Ой толғаныс Тест сұрақтары.
1.Ә.Тәжібаев қашан туылды? А) 1905ж. В) 1909ж. С) 1910ж. 1907ж.
2.Толағай неше жасында садақ тартты? А) 7 В) 9 С) 11 Д)8
3.Толағай әкесімен қайда шықты? А) Аңға В) Соғысқа С) Қонаққа Д) Саяхатқа
4.Саржан қандай аңмен күресті? А) Қасқыр В) Арыстан С) Жолбарыс Д) Аю
5.Толағай әкесін қалай құтқарды? А) Аңды атып өлтірді В) Аңды көрге лақтырып жіберді С) Аңды қақпанға түсірді Д) Аңды бауыздап өлтірді
6.Толағай жеңген аңын не деп ойлады? А) Мысық В) Сілеусін С) Жолбарыс Д) Арыстан
7.Дастандағы жаңбырлы өңір қайда? А) Сыр бойы В) Тарбағатай С) Жетісу Д) Балқаш
8.Жыр қалай аяқталды? А) Толағай сүрініп қайтыс болды В) Толағай мұрат-мақсатына жетіпті С) Толағай 100 жасады Д) Толағай жауының қолынан қаза табады
І. Мағынаны тану. Бүгін біз Толағайдың ерекше сипаты, ерен іс-әрекеті туралы сөз етеміз. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген аңыздардың негізінде туады. Әдеби ертегілер де халық ертегілері сияқты өлең сөз және қара сөз түрінде айтыла береді.Бұлар да еңбек адамын қадірлеуді, туған елін сүюді, биік адамгершілікті, шыншыл, әділетті болуды уағыздайды. Енді «Толағай» атты әдеби ертегінің ішкі мазмұнына, оқиғасына бойлап көрейік.
I Кендебай тобы "Стоп кадр" әдісі арқылы Толағай ертегісін ары қарай жалғастыру (мультфильмнен үзінді көрсетіледі)
IІ. Ер Төстік тобы "Уақыт тізбегі" әдісі арқылы ертегі желісі бойынша бөлімдерге бөліп, ат қою (ертегіден тұрақты сөз тіркестерін, мақал - мәтелдерді, көркем бейнелі ойларды теріп жазу
III Толағай тобы. "Хикая картасы" әдісі арқылы( Толағайға мінездеме беру) мінезі қай оқиға тұсында батыл, өжет тауды көтеріп әкелуі (Ертегіден ұнаған тұсының суретін салу
IY. Сергіту сәті "Ата-анаға құрмет" тақырыбында бейнеролик көрсету, жан-жақты талқылау
Y. "Толағай" әдеби ертегісін құрылысына қарай талдау жасау
Басталуы. Саржан атты мерген болуы
Дамуы. Толағайдың дүниеге келуі
Байланысы. Әкесімен аң аулауға шығуы
Шиеленісуі. Жолбарыспен айқасуы
Шарықтау шегі. Еліне жауын жаумауы
Шешімі. Еліне жауын жаудыруы
Қорытынды. Отан үшін отқа түс күймейсің.
YI.Салыстыру. Қос диаграммасы (Толағай бейнесін басқа ертегідегі кейіпкермен салыстыру) Кендебай мен Толағайдың ортақ қасиеттері
YII. Кері байланыс "Біздің түйген ой"
YIII. Үйге тапсырма "Туады ерлер елі үшін" тақырыбында эссе жазу
Бағалау
Мағынаны тану
Ой толғаныс ІІІ. Толғаныс. Автор орындығы Мұғалім сөзі: Оқушылар, ортадағы мына отырғыш автор орындығы деп аталады. Бұнда Толағай бейнесіне еніп, оқырмандар қойған сұраққа Толағай болып жауап беруіміз керек. Қане, кім Толағай болғысы келеді. (Бір оқушы ортадағы орындыққа отырады. ) 1. Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме? 2. Алда - жалда жұрт күйзелсе сен не істер едің? 3. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойыңнан табыла ма?
4. «Толағай» әдеби ертегісін құрылысына талдау жасау. Басталуы. Саржан атты мерген болуы Дамуы. Толағайдың дүниеге келуі Байланысы. Әкесімен аң аулауға шығуы Шиеленісуі. Жолбарыспен айқасуы Шарықтау шегі. Еліне жауын жаумауы Шешімі. Еліне жауын жаудыруы Қорытынды. Отан үшін отқа түс күймейсің.
Рольдік ойындар Кім? Қашан? Қайда? Шығармалардан үзінді оқимын. Оқушылар қай кейіпкерлердің қашан, қай жерде айтқанын табады. 1 – топқа. «Ұйықта қозым» (Саржаннның Толағайды ұйықтатуы ) 2) Өлдім, балам, Толағайжан! 3) Көзімді іліп алайын. 4) Күшті болсаң келе қал 5. Жауын қайда көп жауады, білсең апа айтшы. Сабақты бекіту. 1. Ертегі дастанға қандай оқиға арқау болған? 2. Ақын суреттеп отырған оқиға қай заманға сай келеді? 3. Ә. Тәжібаев кім болған? 4. Қандай шығармалары бар? Қорытынды. «Ерлік аспаннан түспейді, Ол Отанды сүюден басталады. Ал Отанды сүю үй ішіңнен, отбасынан басталады. Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді. Елін сүйген ер атанады. Өйткені ерлік білекте емес, елін сүйе білген адал жүректе» деп Б. Момышұлының қанатты сөзін естен шығармайық.
Үй тапсырмасы «Отан үшін отқа түс күймейсің» (ойтолғау жазу) Күнделіктеріне жазадыБағалау Бағалау парақшаларын тарату Парақшаларды толтырадыЕртегілердің бір саласы - әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан оны әдеби ертегі деп атаймыз. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме аңыздардың негізінде туады. Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтыла береді. іргелі ақындардың жыр додасы да өзіндік әсерін тигізсе керек. Ә. Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісіне Толағай атты батыр бала туралы және оның атымен аталып кеткен Толағай тауы туралы халық аңызы арқау болған. Ә. Тәжібаев талғампаз тарих төрінен ойып тұрып орын алған тұлға. Осыдан тура бір ғасыр бұрын Сыр өңірінде дүние есігін ашқан Әбділда әкесінен ерте айрылса да, анасының аяла алақаны арқасында жатқа жалтақтамай өсті. Бала кезінен әдебиетке құмарлығын оятқан да анасы. Айманкүл шеше таңды таңға қосып, қисса оқитын. Ақынның әдебиетке жақындығы осыдан басталса керек. Әбділда ақын халқын «Толағаймен» табыстырды. Толағай еліне жаңбырлы тауды қалай көтеріп әкелсе, ақын поэзияға өзінің арқалы жырларын арқалап келді. 2. « Толағай» ертегі дастанын мазмұндау
Қазақ әдебиеті Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың
атауы Ә.Тәжібаев «Толағай»
Сабақтың
жабдығы Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
Жалпы
мақсаттар а) білімділігі: «Толағай»әдеби ертегісінің жазылуына ел аузындағы аңыздың арқауболғандығы.Әдеби ертегінің мазмұны мен идеясын ұғыну. ә)тәриелілігі:Елге,Отанға деген патриоттық сезімдерін оятып,сүйі
Оқыту нәт
ижесі
спеншілігін арттыру. Батырлыққа, ерлікке, отаншылдыққа тәрбиелеу. б)дамытушылығы: Әдеби ертегіні халық ертегісінен ажырата білуге үйрету,талдай білуге,өзіндік ойын дәлелдей тұжырымдай білуге жетелеу,мәнерлепоқуға машықтандыру. Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың әдісі: Әдеби ертегіні талдау,жеке тапсырмаларды орындау,салыстыра талдау,мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ жауап.
Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық: Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік.
Үйтапсырмасын сұрау Үй жұмысы дәптерлерін тексеру,бағалау
Мағынаны тану
д) «Толағай» ертегісінің авторы Ә.Тәжібаевтың әр алуан қырын таныту. 1.Әбділдә Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кіріспе сөз./Слайд арқылы / -Балалар, біз бүгін халқымыздың дарынды қаламгері Ә.Тәжібаев туралы біраз мағлұмат алып, шығармашылығынан хабардар боламыз. Иә, балалар , Ә. Тәжібаев –туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі.. Оның өмірінен біраз мағлұматты өздерің де айтып өттіңдер. Оның ірі еңбектері мен де таныс болдық. Бүгінгі сабағымыз Ә. Тәжібаевтың Толағай әдеби ертегісі төңірегінде болмақ. ІҮ. Әбділда Тәжібаев: ақын, дастаншы, прозашы, ойшыл, драматург, әдебиетші, қоғам қайраткері, үздік қаламгер. 2.Әдеби ертегінің жай ертегіден айырмашылығына тоқталу: – ертегі дегеніміз не? – оны неге ауыз әдебиеті түріне жатқызамыз? – ертегілер қалай жазылады, – қандай ертегілер білеміз? … Ертегілердің бір саласы-әдеби ертегілер. Авторы белгілі болса ертегіні әдеби ертегі деп атайды. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген аңыздардың негізінде туады. Әдеби ертегілер де халық ертегілері сияқты өлең сөз және қара сөз түрінде
айтыла береді.Бұлар да еңбек адамын қадірлеуді, туған елін сүюді, биік адамгершілікті, шыншыл, әділетті болуды уағыздайды. – ал, бүгінгі тақырыпқа назар аударайықшы, «Толағай» ертегісі неліктен әдеби ертегі деп аталған, оның ертегіден қандай айырмашылығын байқадыңдар? (өлеңмен жазылған авторы бар) 3.-Дұрыс. Енді «Толағай» атты әдеби ертегінің ішкі мазмұнына, оқиғасына бойлап көрейік. Алдымен мына бір өлең жолына назар аударайықшы.\Толағай ертегісіне байланысты жасалған суретті журналды қолданамын.\ -Мен де тудым біреуі боп еркектің , Мені де әжем әлдилеген,тербеткен. Қорқыт күйін,ерлік жырын жаттатып, Танытқан сол: 4-ғажайыбын жер-көктің. Таңдамадым жыраулықтан басқаны, Жатқа айтамын Сар даламның дастанын. Ал тыңдаңдар,Толағайды,Тарғынды, Жыр сүйетін достарым мен жастарым. – жас баланың атын қалай қойды? \Осы жерде шумақ өлеңін оқып беремін.\ 4.Ертегіні оқи отырып, мазмұнына тоқталамыз. 5. Жолбарыспен кездесуінде, мақал –мәтелдер арқылы талдатамын. \ Толағайдың анасынан ақыл сұраған жерінде анаға көңіл бөлдіру.\ – Балалар, сонау ықылым заманнан қазақ халқы ананы ерекше бағалаған, ананың сөзінен көп тәлім алған. Осы жердегі Толағайдың сөздерінен де соны көруге болады. 6. – Балалар, енді сендермен сергіту сәті ретінде мына бір қойылымға назар аударайық. Толағайдың жаңбырлы жер іздеп кеткен жерін инцинировка арқылы оқушылар көрсетеді. ТОЛАҒАЙ: – Ел басына ауыр күн туды. Маған еліме көмек беру керек. Қайтсем жауын жаудырамын, Ел сусынын қандырармын Адал ақыл айтар кімдер? АНАСЫ: – Балам, Толағайжан! Мына жерде жалғыз өзің не істеп жүрсің? Тыныштық па? ТОЛАҒАЙ: – Уа, Анашым! Жаным күйзелді. Мынау бір тамшы жауын жаумай, елім күйзелуде. Не істесем болады? АНАСЫ: – Е, балам! Бұған сен не істей аласың? Бұл – Алла әмірі ТОЛАҒАЙ: – Білсең, Апа, айтшы! Көп жауады қайда жауын? АНАСЫ: – Толағайжан, менің білуімше,
Қарлы, шыңды тау жерінде, Тарбағатай өңірінде Тауда тандыр Үзілмейді жылда жаңбыр, – дейді ТОЛАҒАЙ: – Иә, (қуанып) Анашым! Мен онда сонда барамын. Сол жаңбырды еліме алып келемін. Бұл жерде бір сәтке де кідірмеймін (жүгіре басып кетеді) 7. – Толағай бейнесі сендерге ұнады ма? – осындай елге деген сүйіспеншілік сезім, сендердің бойларыңнан табыла ма? 8. Толағайдың таудың астында қалып өлген жеріндегі Отаны үшін өлді бала – өлді сөзін қазақ тілі мен байланыстыру. – Балалар қазақ тілінде бұл сөзді қалай жеткізеді. -Дұрыс, дүниеден өтті, көз жұмды, бақилық болды, о дүниеге аттанды, Дүние салды, қайтыс болды, – Енді лексикадан бұларды қандай сөздер қатарына жатқызамыз? – Толағай бейнесі мен «Керқұла атты Кендебайдағы» Кендебай бейнесін салыстырып көрейікші. - Енді тақтаға назарымызды аударып көрейікші.
Кендебай Толағай 1 Ай сайын емес, күн сайын, 6 күнде күліп, 60 күнде 6-жастағы бала болды 2. Шыңыраудан атанды жалғыз өзі тартып шығарады, көкжалды өлтіреді, айдаһарды, арыстанды жеңеді) 3.Таз, кедей балаға, ата-анасын қайтарып әкелді 1.Толағай алып денелі, он баланы көтерсе қабырғасы қайыспайтын, мықты болды. 2. Жолбарысты мысықтай көріп, ұршықтай иіреді, тауды жалғыз өзі көтереді) 3.Толағай еліне жауын алып келіп, халқын аман алып қалды.
Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық, Алақанды созайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Бір отырып, бір тұрып, Сәл тынығып алайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс Тест сұрақтары. 1.Ә.Тәжібаев қашан туылды? А) 1905ж В) 1909ж С) 1910ж 2.Толағай неше жасында садақ тартты? А) 7 В) 9 С) 11 3.Толағай әкесімен қайда шықты? А) Аңға В) Соғысқа С) Қонаққа 4.Саржан қандай аңмен күресті? А) Қасқыр В) Арыстан С) Жолбарыс5.Толағай әкесін қалай құтқарды? А) Аңды атып өлтірді В) Аңды көрге лақтырып жіберді С) Аңды қақпанға түсірді 6.Толағай жеңген аңын не деп ойлады? А) Мысық В) Сілеусін С) Жолбарыс 7.Дастандағы жаңбырлы өңір қайда? А) Сыр бойы В) Тарбағатай С) Жетісу 8.Жыр қалай аяқталды? А) Толағай сүрініп қайтыс болды В) Толағай мұрат-мақсатына жетіпті С) Толағай 100 жасадыҮй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазадыБағалау Бағалау парақшаларын тарату Парақшаларды толтырадыКері байланыс– Толағай бейнесі мен «Керқұла атты Кендебайдағы» Кендебай бейнесін салыстырып көрейікші. - Енді тақтаға назарымызды аударып көрейікші.
Кендебай Толағай 1 Ай сайын емес, күн сайын, 6 күнде күліп, 60 күнде 6-жастағы бала болды 2. Шыңыраудан атанды жалғыз өзі тартып шығарады, көкжалды өлтіреді, айдаһарды, арыстанды жеңеді) 3.Таз, кедей балаға, ата-анасын қайтарып әкелді 1.Толағай алып денелі, он баланы көтерсе қабырғасы қайыспайтын, мықты болды. 2. Жолбарысты мысықтай көріп, ұршықтай иіреді, тауды жалғыз өзі көтереді) 3.Толағай еліне жауын алып келіп, халқын аман алып қалды.