И.Крылов (ауд. Ы.Алтынсарин) «Ат пен Есек» мысал ?ле?і


Сабақтың атауы И.Крылов (ауд. Ы.Алтынсарин) «Ат пен Есек» мысал өлеңі
Сілтеме Оқулық ;И.Крылов шығармалары;
Слайдтан тапсырма көздері;
Жалпы мақсаттар сыни ойлау көқарасын дамыта отырып, мысал өлеңнің мағынасын түсіну; жағдаятты шешу арқылы сабақтың қызығушылығын арттыру; білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер диалогтік оқытуды қолдану арқылы негізгі идеяны түсіну; қабілетті оқушыны табу; жас ерекшелігін ескеру; ой түйіндеуіне орай көшбасшылқты анықтау.
Оқыту нәтижесі Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді;
өз біліміне есеп беріп, бағалауға үйренеді; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстырып біледі;
өзге топтарды тыңдауға үйретіледі.
Негізгі идеялар Көтере алмаған қосып арқалайды.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Тапсырмалар 1-тапсырма. «Акула» /Л.Толстой/
Мәтіннен қандай ой түйдің?/ 5минут/
2-тапсырма. Мәтінді мақсатты оқу. 3-тапсырма.
Мысалдан қандай ой түюге болады?
4-тапсырма. Дәлелдеме жасау.
Кейінгі тапсырмалар «Адал дос» тақырыбына эссе жазу.
Мұғалімнің ойлары
Ой қозғау.1.Топқа бөлу. /3 минут/
2.Миға шабуыл. 5минут
1-топ«Достық»2-топ«Мейірім»3-топ«Көмек»4-топ«Еңбек»
2. Үй тапсырмасы:
1-тапсырма. «Акула» /Л.Толстой/
-Ең қауіпті тұсын әңгімеле,осы кезде өзің қандай сезімде болдың?
Мәтіннен қандай ой түйдің?/ 5минут/
Модуль:сыни тұрғыдан ойлау –негізгі ойды анықтау.
2-тапсырма. Мәтінді мақсатты оқу.
1-топ: Есек Атқа қандай өтініш айтады?
2-топ: Ат өзінің істеген қылығына неге өкінді?
3-топ: Өлеңнен Есектің сөзін тауып, мазмұнына сәйкес ырғақпен оқы.
4-топ: Шығарманың мысалға жататынын дәлелде.
Алдымен өлеңнен өзіңе ұнайтын 2 шумақты мәнерлеп оқып беру.Модульдер: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер-мақсатты оқу, диалог. Сыни тұрғыдан ойлау – мағынаны ашу, дәлелдеу. «Талантты және дарынды балаларды оқыту»- мәнерлеп оқу машықтары.
3-тапсырма.
Мысалдан қандай ой түюге болады? Пікірлерін өмірмен және топ аттарымен байланыстыра жеткізу.
Модуль:сыни тұрғыдан ойлау- әңгіме құрастыру.
Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту-сөйлеу дағдылары.
4-тапсырма.-Төмендегі мақалдардың ішінен мәтіннің мазмұнын ашатын мақалды тауып, дәлелдеме жасау.
1. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.
2. Көтере алмаған қосып арқалайды.
3. Ырыс алды-ынтымақ.
4. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
5. Өзгеге жасаған ізетің-өзіңе жасаған құрметің.
Модуль: сыни тұрғыдан ойлау- салыстыру, дәлелдеу.
Бағалау .
Модульдер: сыни тұрғыдан ойлау- сыни пікір. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау -формативті және жиынтық бағалау.