Викториналы? с?ра?тар Д?румендерге бай азы?-т?ліктер туралы не білемін? (конспект)


Жалпы орта білім беретін Мереке мектеп – балабақшасы
Тақырыбы: «Дәрумендерге бай азық – түліктер туралы не білемін?» (викториналық сұрақтар)
Өткізген: Мергенева С.Ж.
Бигалиева С.Н.
Мақсотова Н.Г.
2016 – 2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Дәрумендерге бай азық – түліктер туралы не білемін?» (викториналық сұрақтар)
Мақсаты: Тамақтану мәдениетінің негізін қалау, оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту үшін дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы мектеп оқушыларын ақпараттандыру деңгейін арттыру.
Көрнекілігі: шығарылған газеттер, плакаттар.
Жүргізушінің кіріспе сөзі: Оқушыларға осы аптада тамақтану апталығы болып жатырғанын естеріне түсіріп, викториналық сұрақтар қойылатынын, сол сұрақтарға толық жауап беріп, әр түрлі дәмді сыйлықтар алатынын ескертеді. Сұрақтар денсаулық жөнінде мақал – мәтелдер, жұмбақтың шешуін тап, 3 тілде жауап беру.
Сұрақтар:
Доссыз адам болмайды,
Тұзсыз ..... (тағам) болмайды.
Не астың дәмін келтіреді? (Тұз – сол - salt)
Табаға салып жатқаным не? (нан – хлеб - bread )
Кілегей шайқап алғаным не? (сары май – масло - butter)
Сөреге кептіріп жайғаным не? (құрт)
«Уыз» дегеніміз не? (Жаңа туған малдың сүті. Қою, тәтті болады)
Дастархан басында айтылатын тыйым сөздер.
Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ (су – вода - water)
Жуынып болғанда,
Жүреді қолында (орамал – полотенце - towel)
Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен.
Еті арам, сорпасы адал немене екен? (шай – чай - tea)
Сылдыр сұйық ағады,
Ақ болсада қар емес,
Шешуін кім табады? (сүт – молоко - milk)
Бар еді бір жұмбағым егін емес
Кісіні егейін десе, ебі келмес,
Барлық ел, елаттарға тегіс бірдей,
Көтерсең ешнәрседен жеңіл емес. (тұз)
Тағамдағы тұздың жалпы мөлшері күніне қанша? (1 шәй қасық, яғни 6 грамм)
Адам баласы күніне неше рет тамақтануы қажет? (4 рет, таңғы ас, түскі ас, түстік, кешкі ас)
Судан алады,
Суға салсаң өледі (тұз – соль - salt)
Сусыз піскен ас көрдім,
Домаланған бас көрдім (қауын – дыне - melon)
Темекіден бөлінетін негізгі улы зат? (никотин)
Медицинаның қай саласы тері және оған байланысты ауруларды зерттейді? (Дермотология)
Жақында бұл өсімдіктің емдеу қасиеті ашылды, Египет пирамидасында осы өсімдіктің суреті бейнеленген. Бұл өсімдік тұмау, іріңдеп ауырған кейбір дене жарақаттарын емдеуге толық мүмкіндік бар және оны күнделікті ас мәзірінде де пайдаланамыз. Ол қандай өсімдік? (пияз – лук - onion)
АҚШ – та бұл зиянды әдетке өте қатаң тыйым салады, оның айып пұлы 1000 доллар. Дәмхана мен мейрамхана және көпшілік орындарында осы зиянды әдетті қолданса айып пұл толығымен төленеді. Бұл жағымсыз әдет қалай аталады? (темекі тарту)
Денсаулық және салауатты өмір салты туралы ғылым қалай аталады? (Валеология)
Ақ сандық айналадан тауып алдым,
Ішінде не бар, не жоқ таба алмадым (жұмыртқа – яйцо - egg )
Адам денесінде 639 бұлшықет, 212 сүйек бар екен. Отыру, тұру, сөйлеу т.б. сияқты бұлардың барлығына адамның қай дене мүшесі басшылық етеді? (Ми)
«Бауырсақ» сөзі қазақ тілінде қандай мағынаны білдіреді? (бауырмал, жақыншыл)
Сүттен қандай тағамдар әзірлейді? (қымыз, шұбат, айран, ірімшік, құрт сүзбе, қаймақ, сары май)
Түйенің сүті ..... (шұбат)
Бие сүті .... (қымыз)
Қазы айналдыратын ішекті неше сағат тұзды суға салып қояды?
(1 сағат).
Жүргізуші: Соңында қатысқан оқушыларға алғыс айтылып, таратылады.