Ашы? саба? та?ырыбы: Орта ?асырларда?ы ?ытай мемлекеті


Күні:
Сыныбы: 7а,в Пәні: Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §26.Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Білімділік: Қытай мемлекетіндегі феодалдық қатынастың дамуы,шаруашылығы,көшпелі тайпалар шапқыншылығы,діннің таралуы туралы айтып,оқушылардың білімділігін арттыру.
Тәрбиелік: Көшпелі тайпалардың шапқыншылығына және монғол феодалдарының басқыншылығына қарсы ерлікке күресуін сипаттай отырып,оқушыларды батырлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Орта ғасыр-ғы Қытай мем-ң билеушілері,саясаты,шаруашылығы туралы оқушыларға толықтай мағлұмат беріп,ойлау,өз пікірін айта алуға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап,әңгіме
Көрнекілік: суреттер, карта,карточкалар
ПАБ:тарих,еңбек

I. Ұйымдастыру(оқушыларды түгендеу,отырғызу)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1.Жапонияның саяси құрылымы қандай еді?
2.Шаруалардың көтерілісінің шығу себебі?
3. Жапондықтар қандай қолөнермен айналысты?
ІІІ.Жаңа сабақтың жоспары:
Қытай мем-гі феодалдық қатынастың дамуы
Шаруашылығы туралы
Көшпелі тайпалар шапқыншылығы
Діннің таралуы
⁄Жері- Ұлы Қытай қорғанынан Оңт Қытай теңізіне дейін,Хуанхэ,Янцзы өзеніне және Сычуань,Шаньдань аймақтарына дейінгі жерлер жатты.
Әкімшілік жағынан 10 аймаққа ,округке,уезге бөлінді.Соңғы құлдық Хань империясы құлаған соң,елде феодалдыққатынас дами бастап еді.
Шаруашылығы- ежелден жер шаруашылығымен,Жібек құртын өсірумен ,қолөнермен (қыш,темір,қола бұйымдар) айналысты.
Қытайдағы жериелігінің 2 түрі:
Император қолындағы жер мем-тің меншігі деп есептелді
Императорға қызмет атқарған адамдар шаруалардың жер үлесі
IVғ Цзинь империясы әлсіреу себебі- феодалдық қатынас тереңдеп,ішкі соғыстар әсері еді.
IV басы,Қытайдың солт-гі көршісі ғұн тайпалары феодалдық бытыраңқылықты пайдаланып, шабуыл жасады.
311 ж ғұндар Лоянды,
316 ж екінші астанасыЧаньанды алып,Қытайдың солт аймағын түгел бағындырды да өз мемлекетін құрды.Көшпелі тайпалар (моюн,сэнби,танғұт-тибет,тоба,т.б.) әлсін-әлсін шабуылдағанмен жеке мемлекет бола алмады.
589 ж Қытайда біртұтас феодалдық мемлекет құрылып,ел императоры - Янь Цзянь болды.
616 ж дейін Суй әулеті басқарып,
618 ж (618-907 жж) оның орнына Тан әулеті келді
960- 1279 жж Сун әулеті билікке келді
Император палата кеңсе чиновниктерін басқарушы
Тексеруші палатасы әскери басшы
Сот ісін басқарушы
Император ,оның отбасына,кеңесшілеріне қызмет жасайтын сарай басшысы Салық жинаушы
Дін басшысы

XIII ғ II жарт Монғол феодалдары Қытайды толық басып алып,Юань әулеті (1271-1368 жж) монғолдардың елін басқарды.
1367 ж қытай халқы елді азат етіп,өкіметті Мин әулеті алды (1368-1644 жж)
IV-V ғғ Қытайдың мемлекеттік діні- будда діні болды.Буддизм Қытайға Үндістаннан келіп,оны уағыздаушы және таратушы болып Будда храмы деп есептелініп,оның жер иелігі болды.
I ғ жаңа заманның Қытайда даосизм діні тарады.
Негізін-Чжан Лин (Чжан Даолин) қалады. Негізгі қағидасы- ежелгі Қытай аңыз-ң кейіпк-не тағзым жасау болды.Адамдарды аңыз арқылы аспанға,жеке адамдардың құдыретіне табындырып отырды.
IV. Бекіту сұрақтары:
Қытайдың саяси құрылымы қандай?
Императорлық әкімшілік басқару жүйесі қандай болды?
Ежелгі Қытай мем-де қандай діндер үстемдік етті?
Қытайдың жер аумағы туралы айт.
Әкімшілік жағынан қалай бөлінді?
Көшпелі тайпалар қай жылдары шапқыншылық жасады?
V.Қорытынды:Кесте бойынша түсіндір.
Білемін Білдім Білгім келеді
VI.Үйге тапсырма:§26. оқу.

VII.Бағалау: