Коучинг жоспары «Математика саба?ында жобалау ж?мысын ?йымдастыруды? ?ылыми –?дістемелік негіздері»


«Математика сабағында жобалау жұмысын ұйымдастырудың ғылыми –әдістемелік негіздері»
«Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз де үйренеміз» 
Сенека Луций
Коучинг жоспары
23.08.2016 ж Педагогикалық студия
Коучинг тақырыбы: Математика сабағында жобалау жұмысын ұйымдастырудың ғылыми –әдістемелік негіздері
Жалпы мақсат: Коуч сессия қатысушыларын жобалау жұмысын тәжірибеде қолдана білуге бағыттау арқылы ынтымақтаса жұмыс істеуге баулу, мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйрену, тәжірибе тарату.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық;
Жобалап оқыту туралы әдістемелік кітаптар;
Интернет желісі, әдеби материалдар, газет-журналдар.
Оқу нәтижесі Кәсіби шеберлікті арттыру.
Түйінді идеялар: Жобалап оқытуды үйрету арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.
Сабақта қолданылатын материалдар: А- 4 парақтары, стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам.смайлик.
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
СТО әдісі
АКТ 1. Жеке жұмыс
2. Топтық жұмыс
3. «Ой қозғау»,
«5 жолды өлең »
Тапсырмалар: Сұрақ- жауап, салыстыру, ассоциация.
Оқуға арналған тапсырма: Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық;
Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Коучингтің жүргізілу барысы
Коуч сессияны өткізу кезеңдері Уақыты Коуч іс- әрекеті Коучингке қатысушылардың іс- әрекеттері
1 Ұйымдастыру 1 мин Коучинг тақырыбы мен мақсаты таныстырылады Тыңдайды
2 Жағымды психологиялық ахуал орнату 2 мин Сұрақтар қойылады. Сұрақтарға «бас бармақ» көрсету арқылы жауап береді.
3 Шағын топқа бөлу 2 мин Суреттер тарату арқылы топқа бөлу Суреттердің түсі бойынша топқа бөлініп отырады.
4
Ой түрткі.
Слайд арқылы коучингке түсінік беру. 3 мин Математика сабағында жобалау жұмысын ұйымдастырудың ғылыми –әдістемелік негіздері туралы айту Слайд көреді
5 «Ой қозғау»
Математика сабағында жобалау жұмысын ұйымдастыру. 10 мин Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге баулу
Әр топ өз тапсырмаларына тұжырымдама құрастырады.
6 Шығармашылық жұмыс.
15 мин Негізгі ерекшеліктері туралы анықтама беру. Әр топ орындаған тапсырмаларын қорғайды
7 Сергіту сәті 2 мин Би жаттығуларын жасату. Қимыл жасау арқылы бой сергітеді.
8 Топпен жұмыс
«5 жолды өлең» 5 мин Тапсырманы орындау барысында қандай әрекеттер жасадыңыз? Өлең жолдарын құрастырады.
9 Рефлексия 3 мин 2 жұлдыз, 1 тілек Өз ойларын айтады
10 Қорытындылау2 мин Слайд арқылы тақырыпты пысықтау Шаймерденова С.Б.
№3 Красный Яр көпсалалы
орта мектеп-гимназиясының
математика пәні мұғалімі