Презентация по казахскому языку на тему Б функциональная грамотность


Функционалдық сауаттылық «Функционалдық сауаттылық» термині қашан пайда болды? «Функционалдық сауаттылық» термині алғаш рет 1957 жылы ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды. Сауаттылық деген не? Сауаттылық – бұл оқу, жазу, есептеу және құжаттармен жұмыс жасай алу дағдылары. Минималды сауаттылық – бұл қарапайым хабарламаларды оқу мен жазуға қабілеттілік. Функционалдық сауаттылық деген не? Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Функционалдық сауаттылық деген не? Функционалдық сауаттылық – бұл адамның әлеуметтік ортамен қарым-қатынас барысында (мысалы: банктте счет ашу, нұсқаулықты оқу, сауалнаманы толтыру, т.с.с.) оқу мен жазу дағдыларын пайдалана алу қабілеті. Нақты айтқанда, бұл сауаттылық деңгейі адамға қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға және мұнда тез бейімделуге мүмкіндік береді. Функционалдық сауаттылықтың формалары 1. Жалпы сауаттылық. 2. Компьютерлік сауаттылық. 3. Төтенше жағдайларда дұрыс әрекет жасау сауаттылығы.4. Ақпараттық сауаттылық. 5. Коммуникативтік сауаттылық. 6. Шет тілдерді меңгерудегі сауаттылық.7. Тұрмыстық сауаттылық. 8. Қоғамдық-саяси сауаттылық. Функционалдық сауаттылықтың ерекшеліктері Функционалдық сауаттылық1) Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру үшін базалық деңгей болып табылады; 2) Тұрмыстық проблемаларды шешуге бағытталады; 3) Адамды нақты жағдайлардағы тәртібіне байланысты сипаттайды;4) Стандартты мәселелерді шешумен байланысты; 5) Ең алдымен ересек адамдарды бағалау үшін пайдаланылады. Функционалдық сауаттылықтың жетіспеушілігі қалай білінеді? Функционалдық сауатсыздық жағдаяттардың, өмірдің немесе қәсіби қызметтің өзгерген жағдайында білінеді. Көбінде адамның оған бейтаныс жаңа технологиялармен кездескен жағдайда білінеді. Мысалы, адам сызбаларды, схемаларды, нұсқаулықтарды түсінбейді, немесе ұялы телефонды, банкоматты пайдалана алмайды. Функционалдық сауаттылықпен қандай құзыреттіліктер байланысты? 1. Түрлі технологияларды таңдап, қолдана білу. 2. Проблемаларды көре білу және оларды шешу жолдарын іздей алу.3. Өмір бойы оқуға қабілеттілігі. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту механизмдері 1) Білім беру мазмұны (стандарттар, оқу бағдарламалары);2) Оқыту формалары мен әдістері;3) Оқудағы жетістіктерді диагностикалау мен бағалау жүйесі;4) Қосымша білім беру бағдарламалары;5) Мектепті басқару моделі;6) Серіктестік принциптеріне негізделген қолайлы білім беру ортасының болуы;7) Балаларды оқыту мен тәрбиелеу үдерісіндегі ата-аналардың белсенді рөлі.