Презентация на тему : Функциональная грамотность


Коучинг- сессия Тақырыбы : Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту оқушыны жеке  тұлға ретінде қалыптастырудың негізгі жолы. Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.  Функционалды сауаттылықБілімБілікБелсенділікШғармашылықДағды «...білім тек қана жастарға пәнді түсіну қабілеті ғана емес, ол алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуі…» (Н. Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауынан (27 қаңтар 2012 ж.)   Функционалды сауаттылықтың формаларыЖалпы сауаттылық Компьютерлік сауаттылықСаяси-қоғамдық сауаттылық.Жедел жағдаяттар кезіндегі сауаттылығыТұрмыстық сауаттылықШетел тілін білу сауаттылығы Коммуникативтік сауаттылық.  Ақпараттық сауаттылық. Функционалды сауаттылықтың жоқтығын қалай білеміз? -Функционалды сауаттылықтың жоқтығын жиі кездесетін кез келген жағдаяттарға түскенде білеміз. Функционалды сауаттылықтың жоқтығын жағдаяттардың өзгерген кезінде, өмір сүру әрекеті және кәсіби іс-әрекеттер кезінде байқалады. Адамдар көбінесе жаңа технологияларды қолданысқа алған кезде көреді. Мысалы, кейбір адамдар банкоматтан ақша алу әрекеті, ұялы телефондардың инструкциялары, кейбір қондырғыларды қалай пайдалану керектігін білмейді, т.б.  Функционалды сауаттылықпен қандай құзіреттіліктер байланысты : 1. Әр түрлі технологияларды таңдау және қолдану қабілеті. 2. Мәселелерді көре білу және оны шешу жолдарын іздестіру қабілеті. 3. Өмір бойы оқу қабілеті. Функционалдық сауаттылықтың екінші механизмі-оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту: Бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау : - оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау Сырттай бағалау : - әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері / бағалау (ҰБТ, ОЖСБ ) Халықаралық: - TIMSS , PISA және PIRLS зерттеулерге қатысуы ; Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы - өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін бағалау -Критериялық бағалау жүйесі енгізу.  PISA пен TIMSS айырмашылығы TIMSS: -Қатысушы барлық елдердің жалпы қабылданған стандарт бойынша білім сапасын бағалайды PISA: - Оқу барысында меңгерген білімдерін өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.  Мысал: Кітап сөрелері Сандық жүйелер: - Кітап сөресін жинақтау үшін ағаш ұстасына келесі бөлшектер қажет: 4 ұзын ағаш тақтай, 6 қысқа ағаш тақтай, 12 кіші скобы, 2 үлкен скобы және 14 шуруп (бұрама). -Ағаш ұстасында 26 ұзын тақтай бар, оның 33-і қысқа, 200 кішкентай скобасы бар. Сонымен бірге 20 үлкен скобасы мен 510 шурупы бар. Сұрақ: -Ағаш ұстасы ең көп дегенде осы бөлшектерден қанша сөре құрастыра алады?  Мысал: Баспалдақ Кеңістік және көлем жүйелері Сұрақ: -суретте 14 басқышты баспалдақ бейнеленген. Оның жалпы биіктігі 252 см. Әрбір 14 басқыштың ұзындық шамасы қандай? Баспалдақ биіктігі 252 см, ұзындығы 400 см. Биіктігі.......см.  2018 жыл іс-әрекеттің басты саласы – оқу сауаттылығы Оқу сауаттылығы: Жеке тұлғаның қоғамдық өмірге қатысып, өзінің білімі мен мүмкіндігін дамыту үшін мақсатқа жетуде мәтінді түсіну, қолдану, ойлану, байланыстыру қабілеті .