Сынып са?ат «Не? ?айда? ?ашан? интеллектуалды? ойын».


Мұнайлы ауданы
№6 орта мектебі

«Не? Қайда? Қашан? интеллектуалдық ойын».
( сынып сағаты )
Күні: 29.10.2016
Сыныбы: 7 «б»
Сынып жетекшісі: Танатарова Гаухар
2016/2017 оқу жылы

Тақырыбы: «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойын»
Мақсаты: оқушылардың танымдық, интеллектуалдық өй-өрісін кеңейту.
Сабақтың түрі: тәрбие сағат.
Сабақтың көрнектілігі: интерактивті тақта, қара корап, сұрақтары бар конверттер, күй әуені, суреттер, бейне роликтер.
Барысы: Сәлеметсіздер ме кұрметті жиналған қауым, бүгінгі «Не?Қайда?Қашан?» ойынына қош келіпсіздер. Сөзімді Абай атамыздың қара сөздерінен бастағым келіп отыр. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен дейді. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай - керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық бермейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.» екен. Бүгінгі ойынымыз да сол себептен «Не?Қайда?Қашан?» деп аталады. 7 сынып оқушылары Білсем екен деген типке жатады деген үмітпен, оқушыларды таныстыруға өтуге рұқсат етіңіздер.
1- Есебаев Ренат
2- Дузанова Динара
3- Базарбаева Дариға
4- Мұхамед Аружан
5- Укибаева Алима
6- Орынбасарова Жулдыз
Осы ойында тек қана сәттілік тілеймін.
Ойын шартымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Бұл ойында бар жоғы 10 сұрақтан ғана тұрады. Әр сұрақтың жауабын ойланып, ақылдасуға 1 минут уақыт беріледі.  Сол уақыт ішінде сұрақтың дұрыс жауабын тауып, топбасшы уақыт аяқталған соң жауапты кім айтатынын шешеді. Егер дұрыс жауап берсе ойыншылар еңсесіне 1 ұпай, ал жауап бере алмаса көрермендерге 1ұпай есептелінеді. Сұрақтар пән бойынша келмейді,жалпы интеллектіге, жан-жақтылыққа байланысты сұрақтар өте көп. Сол сияқты білімділер тобынан тек 1 рет қана  көмек сұрауға болады.   Ойын шарты түсінікті деп ойлаймын.  Ойынымызды бастайық.
«Бейне сұрақ»
 
1.     (карточка) Бұл фигураның аты грек тілінен аударғанда "тартылған садақтың жібі" дегенді білдіреді. Бұл не? (Гипотенуза)
 сұрақ.
Көбi оның бар болғанына сенбейдi. Бірақ та Кант, кез келген адамның бiлiмi осыдан бастайтынын айтқан. Кiмде ол бар, сол ғана кейде қателесуі де мүмкін.Канттың не туралы айтқанын тап? (интуиция) 
« Бейне сұрақ»
2004 жылы ағылшын халқына мынандай сұрақ қойылды. Сiз қай затты жек көресiз, және де бұл затсыз өмiр сүре алмайсыз? 1-орында ұялы телефон, 3-орында телевизор. 2-орында тәулігіне бірақ рет қолданылатын зат. Сұрақ: 2-орын алған қандай зат? (будильник-ұйқыдан оятатын) 
сұрақ.
Үнділіктер оны "сунья" деп атаған, ал араб математиктері "сифр". Қазір біз ол цифрды қалай атаймыз. (Нөл)
 «Карточка»
Маған бұл заттар қажет болады. Олар: алма, шоколад, 2 қалам, туу туралы куәлік және су. Сұрақ: Қашан және не үшін маған олар қажет? (11 сыныпта ҰБТ тапсырғанда)
«Әуен сұрақ» (карточка)
Әуен қойылады, 1-2 минут тындалған соң жүргізуші: бұл әуенді естіген боларсыздыр? Ендеше сұрақ:
Бұл күйдің аты қалай және авторы кім?(«Көңіл ашар» күйі, авторы - Құрманғазы)
Бейне сұрақ:
Ол құрылғының шығу тарихы соғыстан кейінгі жылдарымен тығыз байланысты. АТ және Т зерттеу лабораториясы ойлап тапқан. 1947 жылы ол өте қажет еді, бірақ оны өзімен бірге алып жүру қиын болды, себебі оның салмағы 30 - 40 кг дейін жетті. 50 жылдары оның салмағы азайып, 70 жылдары 12-14 кг болды. Қазіргі заманда ол құрылғы кеңінен таралған, салмағы 1 кг-да жетпейді. Мектебімізде ол құрылғыны ұстауға тиым салынған, бірақ ата-аналардың айтуы бойынша ол балаларына қажет. Сұрақ: қандай құрылғы туралы айтылып отыр? (Ұялы телефон)
«Қара қорап»
Сұрақ: Іле, Қаратал, Бүйен,  Ақсу, Лепсі, Басқан, Сарқант – бір сөзбен қалай аталады? (Жетісу)
Сұрақ: Қазақ халқының «Түйе мойын» оюы қандай қозғалыс түрлендіруіне жатады? (Осьтік симметрия)
Сұрақ: Хеопс пирамидасының биіктігін Фалес ненің көмегімен өлшеді? (Өз көлеңкесінің көмегімен)
Сұрақ: Мысқал, келі, қадақ, пұт ненің өлшем бірліктері? (ауырлықтың)
 
(бейне сұрақ)
Кештердің бірінде император Наполеон ІІІ сарай әйелдеріне жылтыр металдан жасалған сырға, білезік, түйреуіштер сыйға таратты. Өкiнiшке орай, әшекейлер кештің аяғында қарайып кетті. Қазір бiздiң заманымызда бұл материалдан осы әшекейлерді  жасауды ойламас едi. Металды атаңыз. (Алюминий)
«Бейне сұрақ»
Адам баласының ағзасында  75 пайыздан астам су бар. Ал қанның 90 пайызы судан құралғаны мәлім. Ендеше сұрақ: Адам ағзасындағы ең құрғақ зат не? (Тіс эмалі)
Сұрақ: Архимед жерді орнынан жылжыту үшін қандай нүктені талап етті?  (Тірек)
Сұрақ: Пифагор өзінің тамаша теоремасын дәлелдегенде, құдайларға 100 бұқаны құрбандыққа шалыпты. Содан бері барлық мал неден қорқатын болған? (жаңалықтан)
Сұрақ: «Қараңдаршы, 20 жастағы ақымақ, математиканы оқуға енді келіпті» - деп, оқушылар кімге қарап күліп тұр? (Ломоносовқа)
Ұпай сандарын қосып, жеңімпазды анықтайды.  Ойынға қатысқандарыңыз үшін рахмет