«???ы?-?ділет пен парасат негізі» ???ы? сыныпты? саба?ы


Тақырып: «Құқық-әділет пен парасат негізі»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, әр адам өз бостандығы мен құқықтарын қорғауға құқылы екенін дәлелдеу, оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы түсіндіру;
Тәрбиелілік: Конституцияны, заңдық күші бар нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге, құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға және адамгершілік құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу; өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау мен өзіндік түйін жасау, ой қорыту дағдыларын дамыту;
Көрнекілігі: Заңдық әдебиеттер, арнайы үлестірмелер, плакат, ту, ҚР рәміздері, ҚР географиялық картасы, конституция.
Психолог:
-Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар!
Тақырытың өзектілігін дәлелдеу үшін ҚР Президентінің биылғы Жолдауына тоқталсақ, онда демократияны, саяси жүйені, құқықтық тәртіп пен заәоңдылықты одан әрі дамыту мәселесіне, азаматтардың Конституция мен еліміздің заңдарының орындалуын қамтамасыз етуге ерекше мән берген.
Президент Жолдауына сәйкес заңды бұзған адам құқықтық жауапкершілікке тартылуы, заң қалай бұрса солай бұрылатын тәрте есем екенін әркім ұғынуы тиіс екендігіне, өйтпейінше құқықтық мемлекет пен жемократиялық қоғам құра алмайтындығымызға баса назар аударылған. Адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары Ата заңымызда толық, жан-жақты көрініс тапқан. Өйткені, қазір ҚР Конституциясы еліміздегі барлық заңдардың қайнар көзі болып табылады.
Біздің мектебіміздің оқушыларынан құрылған «Бала құқығы-асыл қазына» және «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» топтарының құқықтық білім сайысын тамашалаңыздар.
Ойынға осы екі топ қатысады. Ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді. Алдымен, екі топ жетекшілері карточка таңдайды. Осыған орай, ә топ өз кезегімен ойындарын бастайды.
Сайыс барысы төмендегідей кезеңдерден тұрады:
Миға шабуыл «Заңсыз арал»
Бала құқығы туралы Конвенция
«Ойға жүгінсек» тарихи шолу
Топтық тапсырмалар
Бала ма, бала емес па?
Құжатты тани біл
Мен заңды қаншалықты білемін?!
«Жақсы» ширату ойыны
Қорытынды
Миға шабуыл «Заңсыз арал»
Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек не болар еді?
Жауабы: Егерде біз дәл оындай заңсыз арарлда өмір сүретін болсақ, айналамыз бәрі тек қана заңсыздыққа, әділетсіздікке, қайырымсыздыққа толы болар еді. Елде бостандық, бейбітшілік болмас еді. Заң бар жерде тәртіп бар. Адам баласының барлығы дерлік заң алдында бірдей. Оның шен шекпеніне қарап, әділетсіздік жасаптып қоймайды.
Пікір алмасу.
Бала құқығы туралы Конвенция.( Оқушылар адам құқығы туралы мәліметтер береді)
Қане, анықтап алайық, құқық дегеніміз не?
Құқық - қоғамдағы адамдардың өзара қарым-қатынасын реттеп отыратын мемелекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым.
Міндет - адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап.
Мораль - адамның іс-әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық әділдік пен әділетсіздік және т.б. тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен принциптер жүйесі.
Конституция – конституциялық құрылысты бекітетін, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін бекітетін, мемлекеттік биліктің федеральды органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси-құқықтық акт.
Декларация – тараптар мақұлдаған жалпы принциптер мен мақсаттаррды қалыптастыратын салтанантты акт.
Ойға жүгінсек
Психолог:
-Адамдар ағаш пайда болған кезде олардың арасында дау жанжалдар, келіспеушілікті болды, бірақ, оны шешетін заң болмады.
Біздің елімізде ең алғашқы Конституция негізін қалаушы Қорқыт бабамыз. Ол кісінің конституциясы «Адат» деп аталады.
Бұдан кейін Шыңғыс ханның «Жасағы», Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
Қазақ мемелекетінің тарихында 5 конституция болды.
ҚАССР –ның 1924 жылғы Конституциясы, қазақ КСР-нің 1937 және 1978 жылдарындағы Конституциялары.
Психолог: Қазақстан Республикасының Конституциялары қай жылдары қабылданған?(1993-1995)
Психолог: Ал, адам құқығына үлес қосқан кімдер екен?
Адам құқығына үлес қосқан Ш.Монтеське, И.Кант,Т.Джефферсон сияқты ойшылардан адам құқықтарының негізгі ережеелерін алғаш рет анықтап, белгілеген. Өзімізддің ойшылдарымыз Төле, Әйтеке, Қазыбек билер және Абай Құнанбаевта адам құқықтарымен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы - Конституция қорғайды.
Психолог:
Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?
1989 жылдың 20 қарашасында Бала құқықтары туралы заң.
Конвенция БҰҰ-да Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға»қол қойды. Енді осы мәселе төңірегінде өздерің зерттеу жұмыстарын жүргізіп, құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді.
Адам құқығы
-Табиғи құқық
-Азаматтыққа байланысты құқық
-Экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқықтар
Біліп жүрейік!
1 – маусым- халықаралық балаларды қорғау күні
20-қараша-дүниежүзілік балалар күні
10-желтоқсан- адам құқығы күні
10.12.1948 ж - адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациячын БҰҰ қабылдады.
1959ж - әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды.
1979ж – халықаралық балалар жылы өтті.
20.11.1989ж – БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды.
28.01.1994ж – ҚР-ның тұңғыш Конституциясы қабылданды.
08.06.1994ж – ҚР Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті.
30.08.1995ж – ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда баяндалып, екінші рет қабылданды.
4. Топтық тапсырмалар:
Викториналық сұрақтар:
Мемлекетіміздің заңын не қорғайды?
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы заңы қашан пайда болды?(1993 ж 28 қаңтар)
Заңды кімдер жасайды?(Парламент депутаттары)
ҚР соңғы Конституциясы қашан шықты?(1995 ж 30 тамыз)
Ата заң қанша тарау,қанша баптан тұрады?(9тарау, 98 баптан)
Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не?(бостандық)
ҚР-ның азаматтары қандай білім алуға құқылы?(орта)
Әлемде ең алғаш Конституция қай елде қабылданды?(АҚШ)
Қазақстандағы ең қымбат қазына?(Адам)
Қазақстан БҰҰ-на қашан мүше болды?(1992ж)
Шағын топтармен жұмыс
Кененбаев Мұрат әке-шешсден жетім қалды, өзі күтім тілеп отырған кәрі әжесінің қолында тұрады. Бірден-бір күнкөріс көзі-асыраушысынан айырылған адамға берілетін зейнетақы. Биыл әжесін күтеді, кейде машина жуып табыс табады, кешкі мектепте оқиды.
Сәбитова Ира 16 жасында сәбилі болды. Ол кешкі мектепте оқиды. Ата-анасымен бірге тұрады.
Киркорова Асия 11 жаста, соның 4 жылын ол үй астындағы жертөле қабатта өткізіп келеді. Ата-анасы әуелі оны таяқтан көз ашырмады, ақыры өздері үйден кетіп тынды. Сондан бері хабар жоқ.
Александр Ким мен Саша Малинамен 17 жастан үйленді.
17 жастанғы Тимур Қанатбаевты Орал қалалық соты ұрлық жасағаны үшін сотталды. Бұған дейін ол бұзақылығы үшін түрмеде отырып шыққан еді.
«Құжатты тани біл»
Психолог: заңды құжаттардан үзінділер оқып оқушыларға тапсыру
Берілген немесе ұсынылған құжаттың ресми дұрыс атауын айту. Дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.
1 тапсырма 1 топқа:
Жұмағалиев Асқар Болатұлы 2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсіп, 2006 жылы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің толық курсын аяқтап шықты. Мемлекеттік аттестатау комиссия шешімі бойынша тарих пәнінің мұғалімі біліктілігі берілді. Ол қандай құжатқа ие болды? (жоғары білімді маман екенін дәлелдейтін құжат-диплом)
2 тапсырма 2 топқа:
Азамат Болат Абай Темірұлы
Туған жылы 21.07.1990
Туған жылы: Кеңжыра ауылы, Ақсу ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
Бұл жөнінде туу туралы актілерді тіркеу кітабында
1990 жыл шілде айының 24 күні жазылды
Әкесі Тоқтаров Темір: Болатұлы
Ұлты: Қазақ
Тіркелген орны: АХАЖ Жансүгіріп кенті
Берілген уақыты: 24 шілде 1990 жыл
Бұл қандай құжат? (Туу туралы куәлік)
«Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?»
Дүкенде спирттік ішімдікпен қоса наркотик сатылады
Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр
Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтып бермеді
Бір оқушы сыныптасына: «Ертең 200 тг әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті
Химиялық завод өзінің и зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды
Психолог:
Барлық адам заң алдында бірдей, барлық адам заңға бағынуы тиіс. «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең»
ҚР Конституциясының 14-бабы
Есіңде сақта!
Қылмыс – қоғамға қауіпті әрекет!
Кәмелеттік жасқа толмасада 16 жастан бастап жасөспірім кез келген қылмысы үшін жауапқа тартылады.
«Жақсы» ширату ойыны
Күннің шыққаны жақсы ма? (Күнді бейне)
Жақсы! (шапалақтайды)
Желдің соққаны жақсы ма? (Желді бейнел)
Жақсы!(шапалақ)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (Адымдайды)
Жақсы? (Шапалақ)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (Өздерін құшақтайды)
Жақсы? (Шапалақ)
Туған өлкеде жақсы ма?(Құшақтарын жаяды)
Жақсы? (Шапалақ)
Үйіміз бар жерде жақсы ма?(Үйді бейнелейді)
Жақсы? (Шапалақ)
Биде айналған жаұ
Қсы ма? (Айналады)
Жақсы? (Шапалақ)
Қазақстандық болған жақсы ма? (Бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы (Шапалақ)
Қорытынды:
Мен жігіт 15-30 арасында
Бұл шақта көп бересім, аласым да
Жан-жағым ьолған мақсат, толған таңдау,
Алайын анасын ба, мынасын ба?!-деп С. Торайғыров айтқандай, Тәуелсіз Қазақстан атты құқықтық мемлекеттің болашақ құрлысшылары Сіздер – Ата Заңды құрметтеп, Отанға адал қызмет етер азамат болыңыздар!!!
!ділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы,
Тыныштықтың туы боп
Заң салтанат құрады, -деп осымен өзіміздің құқықтық сыныптық сағатымызды аяқтаймыз.
Психолог Ж.Қанатова
А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектеп
«Құқық - әділет пен парасат негізі»