Сценарий 8 марта К?рікті к?ктем аруы!


Бекітемін: Келісемін:
Әдіскер: Расоль С Меңгеруші: Абдуллина Р.К
«____» _________2016 жыл «____»__________2016 жыл
«Көрікті көктем аруы!» сайысы
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Әсем музыка ойнап тұрады.
Тақырыбы: «Көрікті көктем аруы!»
Мақсаты: Балаларға 8 наурыз мерекесі жайлы түсінік беру.. Білімдерін бекіту. Тақпақты мәнерлеп айтуды үйрету.
Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата-аналар, көрікті қыздар. Көктемнің алғашқы 8 – наурыз мерекесі құтты болсын!
Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да, жоқ ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана – деп жырлағандай бүгінгі естияр тобы бүлдіршіндерінің «Көрікті көктем аруы!» қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көріп таң қалдырмай сахнада,
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі – деп ару қыздарымызды ортаға қошеметпен шақырайық.
(Ер балалар ортаға қыздарды алып кіреді. Қоржыннан реттік нөмірлерін суыру.)
Жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік әділқазыларды таныстырып.
(Жүргізуші әділқазы алқаларымен таныстырады.)
1.
2.
3.
Жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 4 бөлімнен тұрады:
Таныстыру. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс - тұрысы сынға түседі.2. «Өнерлі өрге жүзер» Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.(ән айту, би билеу, ертегіден үзінді, тақпақ т. б. өнерлерін көрсетуге болады.)3. «Қол өнер» Ару қыздарымыз бен аналарына берілетін тапсырма «Шеберлік» деп аталады. Аналар кәзір сіздерге түрлі - түсті қағаздар беріледі, өз қиялдарыңыздан шеберлік таныту.4. «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісін көрсету.
Жүргізуші:
Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыруға» кезек берейік.Өнер қуып арулар өтер дейміз,Бір басына өнері жетер дейміз.Сайысқа түскен қыздар кезектесіп,Өздерін таныстырып өтер дейміз.
1 – бала: Жанеля
Менің атым Жанеля
Бейбіт деген әкем аты
Ал руым уак
Қыз сынына қатысып
Жеңісті алам бүгін
2 – бала: ВероникаАшып өмір есігін.Тербетті анам бесігін,Әдемі, ақылды қыз болдым,Вероника менің есімім.
3 –бала: АружанТаныстырсам өзімді,Асқар қызы Аружанмын,Бұл сайысқа қатысып,Талаптанып көремін.Әнді жақсы айтамын,Болып жатқан сайыста,Бақты сынап мен бүгін,Озып шығам қалайда.
4 – бала: ФаризаОтырмысың көрерменЗалға бүгін жиылыпСөз анасы сәлем деп,Тізе бүгем иіліп.Мен де шықтым ортағаҚанатымды жаяАлдарыңа кеп тұрғанСұнғатқызы ФаризамынАтамның жұлдызымын,Әжемнің құндызымын,Төрт жасынан бәйге шапқан................(руы) бір қызымын!

5 – бала: Дильнұр
Қызымын (руы) ақбурай деген батыр елдіңЖасымнан мен өнерге жетік едімӘн саламын би билеймін мың бұралыпКаримова Дильнұр атым меніңСәлем берем иіліп алдарындаАмандасу қазақы салтым менің
6 – бала: Райхан
Таныстырсам өзімдіАтым менің ФаризаКішкентаймын мен әліЖұрттың бәрі тани маДархан атты әкем барЕркелетер күлімдепТоты деген анам барМәпелетер гүлім деп.
7 – бала: Айша
Кел құлақ салайық
Таныстырсам өзімді
\Рано или Шадиярқызы Айшамын
Урдабек ата тегімін
Кіші жүздің қызымын
Перзентімін қазақтың
Қылықты қыз болып жаралдым
Ана сүтінен нәр алдым
Қыз сынында бүгінгі
Жұлдыз болып жанайын

8 – бала: Ақмаржан
Сәлем беріп алдыңызға бас ием.
Қош келдіңіздер барша жандар сайысқа,
Таныстырам өзімді
Мен сүйкімді Маратқызы Ақмаржан.
9 – бала: Дамира
Армысыздар халайық,
Амандасып алайық.
Менің атым Дамира
Мақтануға лайық!
Жүргізуші: Әділ қазыларға құттықтау сөз кезегін берейік.
Жүргізуші: Ендігі кезекте «Өнерлі өрге жүзер» бөліміне ару қыздарымыз дайын болғанша ер балаларымызға кезек берейік. (ұлдар тақпақтары).
1 - бала: ЕрнарСенен өскен балалар,Батырлар мен даналар.Құттықтаймыз мейраммен,Құрметті ата - аналар!
2 – бала: ЖарасАналарды сүйеміз,Сөзін ойға түйеміз.Әрқашан біз ардақтап,Әжеге бас иеміз.
3 – бала: ЕльназарАна дейміз бәріміз де аңқылдап,Ана дейді жас сәби де жарқылдап.Ана деген бәйтерегі өмірдің,Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
4 – бала: АділжанӘлпештеген әжем қымбатҚамқор болған анам қымбатБірге ойнаған досым қымбатҚөмектескен інім қымбатБілім берген ұстаз қымбат.
5 – бала: ДидарАнам мені Айым – дейдіМен мұңайсам уайым жейдіАнам мені «Күнім» - дейдіМен қуансам күлімдейді.
6 – бала: РамазанТаусылмайды өлеңіКүнде айтып бередіБарған сайын бір жаққаКәмпит алып келедіӘжем мені өйткеніӨте жақсы көреді.
7 – бала: АсылханЕркелесем күлімдейтінҰрысқаны білінбейтін.Маңдайымнан иіскеп меніңҚұлыншағым, күнім дейтін.
8 – бала: Сағындық
Маған қымбат жан жоқ сірә анаданБар жақсылық аналардан таралғанЖер бетіне өмір нәрін себушіАна алдында борышты ғой бар адам
9 – бала: Евгений
Вот пришло восьмое марта
Распирает счастье грудь
Подарить мне маме надо
В этот праздник что нибудь
Ей в подарок причешусь
Влезу в пару лучших тапок
И духами надушусь
10 – бала: Тимур
Жүргізуші: Әділ қазылардың бағаларына назар аударайық.
Жүргізуші: 3 – бөлім. «Қол өнер» Ару қыздарымыз бен аналарына берілетін тапсырма «Шеберлік» деп аталады. (Аналар кәзір сіздерге түрлі - түсті қағаздар беріледі, өз қиялдарыңыздан шеберлік таныту.)Жүргізуші:
Жадырап сәуле бейне күн дидары.Бұлбұлдай дауысыңмен ән силашы,Күй тартып, би де биле, өлең оқыАруға қай өнер де жарасадыАруларымыз келесі бөлімге дайын болғанша ер балаларымыздыңБиін тамашалайық.
Би: «Матрос» биін қабыл алыңыздар!
Тренинг Айнагуль Сергазиновна
Жүргізуші:
Құйылған ақ сезіммен дара шыңдайЖүрегі арулардың ақылға бай.«Ана көрген тон пішер» деген бабамШеберлігі бұл қыздардың таң қалғандай – (қыздарымыздың өз қиялдарымен жасаған жұмыстарын тамашалайық!)
Жүргізуші: Әділ қазылар өз бағаларыңызды берсеңіздер.
Жүргізуші:
4 – бөлім: «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісін көрсету.
Сұлулық табиғаттан басталады,Көктеммен олар бірге шаттанады.Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнаған.Сүйкімді қыздарымызды ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Әділқазылар әділ бағасын бергенше ұлдарымызбен қыздарымыздың әнін тамашалайық.
Ән: «Ай дидарлы Анашым»
(Балалар аналарына гүл шоқтарын сыйлайды.)
Жүргізуші:«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау. (грамота, сыйлық)Би билеп ән мен күйде аяқталдыУақытта біраз жерге таяп қалдыКөктеммен қоса келгенАру қыздар, аналар мерекесі аяқталды.Құттықтау сөз кезегін ата – аналарға ұсыну.