Саба?ты? та?ырыбы:Толы? ішкі ша?ылу (8 сынып)


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:
Толық ішкі шағылу Мектеп: НЗМ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
СЫНЫП: 8 сыныпОқушылардың саны: Сабақта жоқ оқушылардың саны:
Сабақтың оқу мақсаттарышекті бұрыш және толық ішкі шағылу анықтамаларын беру;
толық ішкі шағылуды көрсететін экспериментті сипаттау;
Сабақтың міндеттеріОқушылар орындай алуы керек:
Шекті бұрышқа жеткен кезде, сынған сәуленің жарықтылығы нөлге тең, яғни бұл сәуле өшіп, шағылған сәуленің жарықтылығы түскен сәуленің жарықтылығына тең болатынын білу;
Шекті (критикалық) бұрышты (c) және толық ішкі шағылуды анықтау;
Шыны призманың көмегімен жарықтың 600, 450 градуспен шағылуын түсіндіру.
Тілдік мақсаттар Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсінулері және қолдана алулары керек: нормаль, түскен сәуле, сынған сәуле, түсу бұрышы, сыну бұрышы, жарықтың толық шағылуы, шекті бұрыш.
Арнайы пәндік лексика және терминология:
Жарықтың толық ішкі шағылуы, шекті бұрыш
Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:
Жарық сәулесі ауадан шыныға өткенде, ол нормальға қарай ауытқиды. Сыну бұрышы түсу бұрышынан аз. Бұл түсу бұрышы 90°тең болғанда, орындалмайды.
Өткен сабақ материалдары Жарықтың шағылу және сыну заңдары. Дисперсия құбылысы.
Жоспар
Уақытша жоспарлау Жоспарланған іс-шаралар (төменде берілген ескертулерді өзіңіз жоспарлаған іс-шаралармен ауысытырыңыз) РесурстарБасы Үй тапсырмасын тексеру.
1- тапсырма. Сәуленің түсу бұыршы 600 тең. Шағылу бұрышы қандай болады?
2 –тапсырма. 1 және 2 ортаның шекарасында SA жарық сәулесі өзінің бағытын өзгертті. Түсу бұрышы мен сыну бұрышын көрсетіңіздер. Қай орта оптикалық тығыздығы көбірек, 1 ма, әлде 2 ме?
3710305-1076960 Миға шабуыл:
Сыну бұрышы 900 болуы мүмкін бе? Яғни екі орта шекарасының перпендикуляры бойымен тарала алады ма? Ортасы Жарық шоғы тығызырақ ортадан тығыздығы азырақ ортаға өткенде, таралу жылдамдығы артады.
n1>n2
Орталардың абсолюттік көрсеткіштері:
Егер жарық сәулесін оптикалық тығыздығы көбірек ортадан оптикалық тығыздығы азырақ ортаға бағыттасақ, түсу бұрышының ұлғаюына қарай сынған сәуле екі ортаның шекарасына жақындайды (сурет 1), кейін бөліну шекарасынан өтеді(сурет 2). Ал түсу бұрышының әрі қарай үлкеюіне қарай, сынған сәуле жоқ болып кетеді, яғни түскен сәуле екі ортаның бөліну шекарасында толық шағылады сурет(3).
97980581280 β=900 sinα=1n
00 β=900 sinα=1n


267970125095
57150119380
Бұл құбылысты толық ішкі шағылу деп, ал толық шағылу болатын бұрышты сындық немесе α0 шектік бұрыш деп атайды.
Шекті бұрыш (α0) – 90 градус сыну бұрыш сәйкес келетін түсу бұрышы.

163195-1298575
Су үшін шекті бұрыш 490, ал шыны үшін 420 құрайды.
Толық шағылу құбылыс қолданылатын приборлар мен құрылғылар: - бұрылмалы призма  - перископта- айналмалы призмада – бинокльде- оптикалық талшықтар – жарық өткізгіштерде Табиғат көріністері:-  су асты өсімдіктеріндегі су көпіршіктері айнадай көрінеді
- шық тамшылары - бриллианттың жарық сәулесіндегі «ойыны»  - стакандағы су беті астынғы қабырғасы арқылы қарағанда жарқырайды. 8 сынып оқулығы
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/law-refraction
Аяғы Сабақты бекіту. Есептер шығару
Суретті дәптерлеріңізге сызыңыздар. Барлық денелер шыныдан жасалған деп есептеп, әрбір жағдайға сынған сәулені салыңыздар.

Оптикада жарықтың призма пішінге ие денелер арқылы өту жағдайын жиі кездестіреміз. Призмаға түскен сәуле (мысалы, оның бүйіріне) екі рет сынады: призмаға кірерде және шығарда.

б суреттегі сызбаны - призманың қимасын (үшбұрыш) және оның бүйіріне түскен сәулені дәптерлеріңізге салып алыңыздар, Призма арқылы сәуленің жолын тұрғызыңыздар. Үшбұрышты призмадан өткен сәуле оның табанына қарай бұрылатынын көрсетіңіздер.
Әрбір жабық үш қорапта бір немесе екі үшбұрышты призма бар. Призмалар арқылы өткен сәуленің жолы көрсетілген. Призмалардың қораптағы орналасуын салыңыздар.
Үй тапсырмасы: 8 сынып оқулығы §68, 69. Генденштейн 8 сынып оқулығы
Қосымша ақпаратДифференциация – Сіз қосымша қолдауды қалай жоспарладыңыз? Неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырмаларды беруді жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың білімін тексеруді қалай жоспарлап отырсыз? Пәнаралық байланысДенсаулықты қорғаумен қауіпсіздікті сақтау және ИКТ байланысы қауіпсіздігінің сақталуын тексеруМағыналар байланысыБарлық оқушылар: жарық сәулесінің жолын түсу және сыну бұрыштарын сызу
Көпшілік оқушылар:
Кейбір оқушылар: толық ішкі шағылуға есептер шығару.
Оқушылардың есеп шығаруы барысында нұсқауын көрсету; жеке көмек беру. (1) Бақылауға байланысты сұрақтар.
(2) Бұрыштар дұрыс анықталғанын тексеру үшін қағаз экранды бақылау.
(3) Нормальдың дұрыс сызылғанын тексеру үшін қағаз экранды бақылау.
(4) Берілгендерді дұрыс белгілеу және жұмыс парағын дұрыс толтыру.
(5) Снелл заңын пайдаланып есептеулердің дұрыс жауаптарын беру. sin α және sin β түсіну үшін математикамен байланыстың болуы.
қорытындылары мен теорияларын бір-бірімен және мұғаліммен талқылау, олардың пікірлерін сыйлау қабілеттерін дамытады және бір-бірімен, үлкендермен қарым-қатынас жасауын тиімді етеді.
ШағылуСабақтың мақсаты / оқу мақсаты дұрыс па? Оқушылар бүгін не оқып-үйренді? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен дифференцияланған жұмысты сәтті дайындай алдым ба? Мен уақытты сақтадым ба? Мен жоспарда қандай өзгеріс енгіздім және қандай? Төменде қалдырылған орынды жүргізілген сабақ бойынша түсіндірмелер үшін қолданыңыз. Сол жақтағы бағанда берілген сабақ бойынша неғұрлым маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағаЕң табысты екі сәті қандай еді (білім беру мен оқуды қараңыз)?
1:
2:
Сабақтың қандай екі сәтін жақсарттым (білім беру мен оқуды қараңыз)?
1:
2:
Мен сабақта сынып және жекелеген адамдар туралы нені білдім, мен келесі сабақта нені әңгімелеймін?
Қосымша:
A – оқушылар анықтамалар мен арнайы терминологияны біледі;
B – оқушылар алған білімдерін қолдана алу қабілеттерін көрсете біледі;
C – оқушылар мәліметтерді талқылап, салыстыра біледі;
D –оқушылар мәліметтерді басқаларға ұсыну қабілеттерін көрсете алады.