Ертегілер ?лемінде ойын т?рінде


Драматизацияланған ойындар.
Драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді. Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек, себебі, ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құрылады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Драматизациялық ойындарда мазмұны, рөлдер, ойын әрекеттерi қандай да бiр әдеби шығарманың, ертегiнiң т.б. сюжетi мен мазмұнына сәйкес болады. Драматизация ойынында балаға қандай болсын айқын тәсiл көрсетпеу керек. Ол үшiн ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс. Драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:
І. Шығарманы өзгертпей дәл түрінде сахнаға қою.
ІІ. Мәтінге шығармашылық түрде өзгеріс жасап, сахнаға қою.
Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады:
1. Дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықгыру.

«Қатынас»
Көркем әдебиет
«Бауырсақ» ертегісі(саусақ театры).
Мақсаты: Ертегі мазмұның балалардың естеріне түсіріп,сұрақтарға толық жауап берулерін қадағалау. Тіл байлықтарын дамыту. Артистік өнерге машықтандыру, дауыс ырғағын өзгерте отырып, кейіпкерлердің дауысына сала білуге үйрету.Ойын құралдары: Саусақ басына кигізілетін ойыншықтар.
Ойын барысы:
Автор: Ерте-ерте-ертеде шал мен кемпір тұрыпты. Бір күні шал кемпіріне айтады.
Шал(1-бала): Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берші.
Кемпір(2-бала): Неден пісірейін? Ұн жоқ қой.
Шал: Әй, кемпір, қойманың түбін қырып көрсең. Бір бауырсақ пісіретін үн табылар.
Автор: Кемпір солай істеді. Қойма түбін қырып-қырып екі уыс ұн табады да. Қаймақ қосып, қамыр илейді. Бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытуға қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түсіп, жолға шығып, домалап кетеді. Жолда домалап келе жатса, алдынан қоян шығады.
Қоян(3-бала): Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ(4-бала): Жоқ, сен мені жеме, қоян, мен өлең айтып беремін, тыңдап көрші.
Әже қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған,
Қаймаққа илеген,
Майға пісірген,
Терезе алдына суытқан,
Бауырсақпын домалақ!
Атадан кеттім,
Әжеден кеттім,
Қоян сенен де кетемін!
Автор: Бауырсақ алға қарай домалап кетеді, қоян қалып қояды. Бауырсақ орман ішіиен домалап келе жатқанда, алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр(5-бала): Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ: Жоқ, сен мені жеме, мен өлең айтып беремін, тыңдап көрші.
Әже қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған,
Қаймаққа илеген,
Майға пісірген,
Терезе алдына суытқан,
Бауырсақпын домалақ!
Атадан кеттім,
Әжеден кеттім,
Қояннан кеттім,
Қасқыр сенен де кетемін!
Автор: Бауырсақ домалап кетеді. Қарсы алдынан қорбандап аю шығады.
Аю(6-бала): Әй, бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ: Жоқ, сен мені жеме, мен өлең айтып беремін, тыңдап көрші.
Әже қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған,
Қаймаққа илеген,
Майға пісірген,
Терезе алдына суытқан,
Бауырсақпын домалақ!
Атадан кеттім,
Әжеден кеттім,
Қояннан кеттім,
Қасқырдан кеттім,
Аю сенен де кетемін!
Автор: Бауырсақ домалап кетеді, аю қалып қояды. Бауырсақ зымырап келе жатса,
алдынан түлкі шыға келеді.
Түлкі(7-бала): Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайсың, қандай әдемісін!
Автор: Бауырсақ қуанып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса тыңдаған болып,
білдірмей бауырсаққа жақындап отырады.
Бауырсақ: Әже қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған,
Қаймаққа илеген,
Майға пісірген,
Терезе алдына суытқан,
Бауырсақпын домалақ!
Атадан кеттім,
Әжеден кеттім,
Қоян сенен де кетемін!
Түлкі: Әдемі өлең екен! Айналайын, бауырсақ, мен қартайдым, құлағым естімейді ғой. Кәне, менің тұмсығыма отырып, өлеңді тағы бір айтып берші.
Автор: Бауырсақ мақтағанға мәз болып, түлкінің тұмсығына шығып, өлеңін айта бастағанда, түлкі бауырсақты «ап!» деп жеп қояды.
« Шалқан » ертегісі(фланелеграфта )Мақсаты: Балаларды ертегіні мұқият тыңдай білуге үйрету, сөз қорын жетілдіру, әңгімелей білуге дағдыландыру. Еңбекке, бірлікке тәрбиелеу.
Ойын құралдары: Фланелеграф тақтасы,ертегі кейіпкерлерінің суреттері.
Ойын барысы:
Автор: Атай көктемде шалқан егеді. Шалқан үлкен дәу болып өседі. Күзде атасы шалқанды жапырағынан ұстап тартып көрді. Бірақ шалқан жұлынбады.
Атай: Көмекке әжені шақырады.
Автор: Әже - атадан, атай – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.
Әже: Әжесі немере қызын шақырады.
Автор: Немересі - әжесінен, әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.
Немере: Немересі итті көмекке шақырады.
Автор: Ит –немересінен, немересі - әжесінен, әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.
Ит: Ит мысықты көмекке шақырады.
Автор: Мысық – иттен, ит –немересінен, немересі - әжесінен, әжесі – атасынан,
атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.
Мысық: Мысық тышқанды көмекке шақырады.
Автор: Тышқан –мысықтан, мысық – иттен, ит –немересінен, немересі - әжесінен,
әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартып - тартып.
Осылай бәрі қосылып шалқанды жұлып алды.