Поурочный план на тему ??мыра м?сіні


Құмыра мүсіні
Бөлімі: Ермексазбен жұмысСабақтың тақырыбы: Құмыра мүсініСабақтың мақсаты: 1) Бейнелеу өнері пәнімен байланыстыра отырып, ермексаздан дөңгелек жасау, оны жалпайту, «шұжық тәрізді» созу әдістерін меңгерту. Жұмыс орнында материал мен құралдарды дұрыс орналастырып, қолдана білуге үйрету.2) Оқушылардың іске деген икемділігін, шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамыту.3) Құмыра мүсінін жасау барысында адамгершілік тәрбие беру.Сабаққа қажетті материалдар: ермексаз, кескіш, қалың қатырма қағаз немесе тақтайша, су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері (сурет салу тәсілдері), ана тілі (өлең оқу), тіл дамыту (ой шақыру).Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңіСәлемдесу
– Балалар, бүгін біз ермексазбен жұмыс жасауды жалғастырамыз. Гном бізге ермексаздан «Құмыра» мүсінін жасауға көмектеседі.Қауіпсіздік ережесі– Ермексазбен жұмыс істеу кезінде қолыңды сулап отыруды ұмытпа. Сонда ермексаз қолыңа жұқпайды. Қолыңды жұмыс кезінде аузыңа салма. Айналаңды ұқыпты ұста.II. Жаңа сабақ1. Ой ашарБіз құмыраны күнделікті көріп жүрміз. Біз бүгін құмыраның мүсінін жасаймыз.
– Құмыра туралы не білеміз? Ойланайық. (оқушылардың мүмкін жауаптарын толық тыңдау).1. Жұмысқа қажетті материалдарды түгендеу– Сонымен, біз ермексаздан құмыра мүсінін жасаймыз. Ол үшін ермексаздан дөңгелек жасау, оны жалпайту, «шұжық тәрізді» созу әдістерін үйренеміз. Қажетті материалдарды тыңдайық.Қажетті құралдар: ермексаз, ермексазды бөлетін кескіш,, тақтайша немесе қатырма қағаз., су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.– Балалар, құрал - жабдықтарымыз түгел ме? Тағы бір түгендеп жіберейік: ермексаз, кескіш, қалың қатырма қағаз немесе тақтайша, су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.Құрал - жабдықтарымызды парта бетіне реттеп қоямыз. Ұқыпты бол!2. ТүсіндіруҚұмыра мүсінін жасау үшін ермексаздың үш түрін біріктіреміз.Үш түрлі ермексазды жұмсартып, илеп, үш бөлікке бөлеміз.1 - ші бөлігі үлкен болсын. Ол негізі болады.2 - ші бөлігі орташа, ол мойны мен табаны кетеді.3 - ші бөлігі аузы кетеді.Мүсіндеуді бастаймыз.- Алдымен дөңгелектеп шар жасаймыз- Содан кейін сұқ саусақпен шардың ортасынан басамыз.- Міне қаңқасы дайын болды.- Екінші бөліктен мойын болатындай бөліп алып, дөңгелетіп пішінін шығарамыз.Үш саусақтың көмегімен аузын шымшып созамыз.Құмыра да дайын болды.IV. Оқушылардың сарамандық жұмысыОқушылар түсіндіру негізінде жұмыс жасайды. Мұғалім жұмыс жасауда қиналған балаларға барып көмек көрсетіп, нұсқау беріп отырады. Ермексазбен жұмыс істеу кезінде қолды сулап отыру ескертіледі.Жұмыс аяқталған соң, балалар кімнің жұмысы әдемі болды, кімде кемшілік бар, оны қалай түзетуге болатынын айтады. Басқа жұмыстармен салыстырады. Қиялыңдағы құмыра шықты - ау деймін.Мен де қуаныштымын. Жарайсыңдар.V. Жаңа түсінікті сабақта қолдану- Олай болса, өз Құмыраларыңнын бейнесін салып көріңдер. (Мұғалім балаларды мадақтап отырады).VI. Қорытындылау– Балалар, біз бүгін не үйрендік?–...– Не білдік?–...– Ермексаздан мүсінді қалай жасауға болады екен? Ермексазды созудың қандай тәсілдерін үйрендік?–...VIІ. БағалауБалалар өз жолдастарының еңбегіне баға береді. Әдемі жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастыру.VІIІ. Актуализация– Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Неге?(пікірлерін тыңдау).