Ойын-сауы? ерте?гілігі: Алтын к?з


Ж.Тобаяқов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі
«Еркетай»шағын орталығы
588009-3810Алтын күз
00Алтын күз

Орындаған: Ақбаева С.Б.
Чурсинлва Л.В.
Жайнақ батыр ауылы 2015 ж
«Бекітемін» «Келісемін»
Мектеп директоры Ж.М.Чуюмбекова Тәрбие ісі жөнінде директордың
орынбасары А.И.Жамболусова
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Табиғи материалдардың өмірге қажеттілігін және оны қолдану жолдарын үйрету. табиғатты аялауға, ұқыптылыққа дағдаландыру, әсемдікті сезінуге тәрбиелеу.
Қатысушылар: Балалар, қыз, әже, күз ханшайым
Түрі: Ойын-сауық ертеңгілігі
Алтын күз
Жүргізуші
Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жүз.
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, алтын күз!
Жүргізуші: Бүгін біздің зал қандай әдемі түрлі-түсті жапырақтарға толы. Балалар, бүгін бізде қандай мейрам?
Балалар: Күз мейрамы!
Залға қыз жылап келеді
Қыз: Әже, Әже, әжеме барам! А-а-а!
Жүргізуші: Сенкімсің? Неге жылайсьң?
Қыз: Менің атым.... ! Мен сүйікті, өзім жақсы көретін
әжемді сағындым! Жаз бойы әжеммен 6ipre ойнадым, ол маған көп қызықты epтeгi айтатын. А-а-а! (жылай бастайды) Әжеме барамын!
Жүргізуші: Тоқта, тоқта, жылама! Балалар, бұл кішкентай қызға көмектесу керек! Біз саған әжеңе баруға көмектесейік.
Қыз: Ол ауылда тұрады.
Жүргізуші:: Жақсы, онда. балалар, 6ipгe сүйікті әжесінің ауылына барайық.
Жүргізуші: Балалар, қараңдар, қандай әдемі айнала, ағаштар сары көйлек киіп, жерді алтындатгы.
Алдынан Күз ханшайымы шығады.
Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар! Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қайда жол тарттыңдар?
Жүргізуші: Біз балалармен кішкене қыздың әжесінің ауылына бара жатырмыз. Күз, 6iз ceнi көргенімізге қуаныштымыз! Балалар ciз туралы тақпақтар, ән де көп біледі
Балалардың тақпақтары.
С.Әділет: Сары жапырақ төгілген,
Тоғайды да көрдім мен.
Eндi сары бояумен,
Күз cypeтін салам мен.

Ж.Сезім: Жазда өседi таңқурай,
Жемісін тер қалдырмай.
Апаң қақ та қайнатар,
Қыста керек нәр мұндай.
С. Айқын: Уылжыған бүлдірген,
Әбден пісіп үлгерген.
Бірақ оның көйлекті,
Былғайтынын кім білген.
Б.Айым: Торсиған бал уызға,
Кіп-кішкентай қарақат.
Сальп қояр ауызға,
Болса егер бала тaп.
Ән: «Куз береке».
Күз: Қандай ақылды балалар! Ал, ойынды ұнатасьңдар ма?
Жүргізуші: Әрине, ойынды балалар жақсы көреді, ойынға олар әркез дайын.
Күз: Олай болса, маған мына әдемі әр түсті жапырақтарды жинауға көмектесіңдер!
Ойын: «Күз жапырақтар».
Балалар жапырақтарды әртүсіне қарай жинайды. (Жасыл, сары, қызыл) Күзге 6ip шоғын береді
Қыз: Қандай әдемі жапырақтар! Бұлардь мен сүйікті әжеме сыйға берсем бе екен? Әжем қатты қуанып қалушы еді.
Күз: Олай болса, әжеге тез барып қайтайық.
Жүргізуші: Жауын жауса қуанып,
Көмекке келер қолшатыр.
Қолшатырды алайық,
Шырқап биге салайық.
Би: «Қолшатыр».
Жүргізуші: Жолымыз көңілді болу үшін «Күз жомарт» ән in орындайық!
Ән: «Күз жомарт».
Күз: Miнe, балалар, 6iз әженің ауылына келдік.
Қыз: Әже, әже, сәлеметсің бе! (Алдынан әжесі шығады.)
Әже: Сәлеметсің бе, балапаным! Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен мұнда жалғыз тұрған жоқпын, менің достарым бар.
Қошақан келеді
Жүргізуші: Ал, біздің кішкентай балапандардьң сіздерге (әжеге қарап айту) жыр-шашуы бар.
Ән: «Қошақан».
Балалардың тақпақтары.
Бағжан: Қуалап допша ойнаса,
Қабығы тіпті қатты екен.
Қазанға түсіп қайнаса,
Тілді үйірген тәтті екен.
Ернар: Бақша ішін аралап,
Қара, күлгін, сары ала.
Қауын жатыр сүйкімі
Үлкенге де балаға.
Бақдаулет: Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.
Самир: Самал қозғап қалғанда,
Үзіледі сары алма,
Шолып едім бақшаны,
Қауын өскен сап-сары.
Би: «Саңырауқұлақтар».
Күз: Қымбатты әже! Сіздің иығыңызда қандай керемет әдемі орамал! Бұл орамал, мен ойлаймьн, жай орамал емес. Мен бұл ғажайып орамалмен балаларға ойын сыйлағым келіп тұр
«Сиқырлы орамал» ойыны.
Балалар көңілді музыкамен залда жүреді музыка біткенде, отырып қолдарымен көздерін жұмады. Күз бip баланы орамалмен жабады.
Күз: Бip, eкi, үш!
Орамалды көтереміз.
Kiм бар астында көреміз
Көзіңді аш, атыңды айт,кім орамалдың астында қалды?
Ойын үш рет ойнатылады, соңғы ретте Күз орамалмен алма толған себетті жабады.
Жүргізуші: Барльқ бала осында! Орамалдың астында кім қалды?
Күз: Орамалды көтереміз, астында не бар көреміз! Бұл не, балалар? Бұл менiң сендерге арналған сыйльқтарым!
Әже: Мен де балапандарыма сыйлық бергім келіп тұр! Қошақаным, көмектес маган (бауырсақ алып шығады).
Жүргізуші: Сіздерге үлкен рахмет, ал 6iзгe балабақшаға қайту керек.
Күз, Әже: Сау болыңыздар!
Балалар бақшаға оралады.
Жүргізуші: Балалар, бүгін саяхат сендерге ұнады ма? Ал күздің және әженің сыйлықтары ше? Тобымызға барып, олардың дәмін көрейік! Бipaқ Күз бізбен әлi қоштаспайды. Бiз далаға серуенге шьққанда онымен кездесеміз.
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болайық бәріміз,
Келгенше күз айналып!
(Балалар ән ырғағымен залдан шығады).
Алтын күз ертеңгілігіміз осымен аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!