Саба?ты? та?ырыбы: Белтемірде тартылу,шал?адан жатып денені к?теру


Сабақтың тақырыбы: Белтемірде тартылу,шалқадан жатып денені көтеру
Өткізілетін күні: _________________Сыныбы: 9
Өткізілетін орны: Спорт алаңы. Уақыты: 45 мин.
Сабақтын мақсаты:
1. Білімділік: Кесте бойынша жаттығу
2. Денсаулық сақтау : Қол бұлшық еттерін жетілдіру.
3. Тәрбиелеу: Физикалық дене бітімін жетілдіру. Тәртіпке тарту.
Қолданатын спорт құралдары: ысқырғыш
Сабақтағы тапсырмалар Сабақтың мазмұны Шамасы, мөлшері Ұйымдастыру - әдістемелік нұсқау
Ұйымдастыру бөлімі
Сабақтың тақырыбы және тапсырмасымен таныстыру. Сапта тұрғанда сымбаттарына, дұрыс тұруларына назар аудару. Сапқа тұру. Сәлемдесу. Денсаулықтарын, көңіл – күйлерін сұрау. 1-2 мин Сабақтағы жаттығулардың орындалу тәртібі, қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
Дайындық бөлімі – жалпы дамыту жаттығулары
Саптық жаттығулардың орындалу ережелері Саптағы жат-лар «Оң-ға!», «Сол-ға!», «Айнал!»,
«Алға!», «Алға бас!».Қолдарын жоғары көтеріп
аяқтың ұшымен,өкшемен жүру.
Спорттық жүріс,жеңіл жүгіру,жүгіріп келе жатып әр түрлі дене қыздыру жаттығуларын орындау.
Бір орында тұрып және қозғала жүріп жалпы дамыту жаттығуларын орындау. 6-8мин Жүгіргенде қауіпсіздік ережелеріне
әр жаттығудың дұрыс орындалуын талап ету.
Дұрыс тыныс алу.
Негізгі бөлім
Белтемірде тартылу
қолмен турникті ұстау
иық – кеуде күшімен тартылу
иекті белтемірден асыру
шайқалмау, жұлқынбау
талтылу нәтижесін кестені
пайдалана отыра көбейту
сақтандыру ережелері
Шалқадан жатып денені көтеру
Екі қолды желкеде ұстап, денені көтеру
15 -20 мин Белтемірде тартылған кезде
жаттығудың дұрыс орындалуын талап ету, жақсы орындайтын оқушыны үлгі етіп шығару.
Көмекші арқылы аяқты бүкпей денені көтеру
Ойын бөлімі
-жеке бұлшық ет топтарын дамытуға
арналған әр түрлі
жаттығулар Сыныпты сапқа тұрғызып, үш топқа бөлу. Екі топқа футбол ойнату. Бір топқа күштік жаттығулар: отырып тұру, пресс,қолды бүгіп жазып денені көтеру, кермеде тартылу жаттығулары. Топтарды ауыстырып отыру. 10-15 мин Ойын дағдысын қалыптастыру,
ойын ережесі сақтау
Қорытынды бөлім
Бір қатарға сапқа тұрғызу. Бағаларын қою.
Сабақ барысында жіберген қателіктерді, жетістіктерді айту. 1-2 мин Үйде жаттығуды қайталау