Технология на тема: ?а?азды б?ктеу ?дісімен б?йымдар жасау


Сайрам Ауданы, Қорабулоқ ауылы
№100 Жалпы орта мектебінің
технология мұғалімі,
Мадкасимова Хакима Усмонқызы
Қағазды бүктеу әдісімен бұйымдар жасау
Сабақтың білімділік мақсаты: өзге елдер өнері (жапон өнері) – оригами туралы мағлұмат беру, қағазды буктеу арқылы қажетті бұйымдарды жасап үйрену;
Дамытушылық мақсаты: шығармашылығын, түс үйлесімін дұрыс таңдауды дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: шыдамдылыққа, әсемдікке, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сабақ тақрыбына сай сүреттер мен мәліметтер , дайын бұйымдар , эскиздер , нұсқау карталар , буклет , слайдтар , қолөнер туралы мақал-мәтелдер.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаздар , желім , сызғыш түрлері , қайшы.
Пәнаралық байланыс: сызу , сурет , музыка , денешынықтыру.
Сөздік жұмыс: оригами, киригами, кусудама
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндірмесі.
Қағазды бүктеу арқылы жасайтын бұйымдарды оригами деп атайды. Бұл өнердің өзіндік тарихы бар.Қағаздың өзі қытай елінде пайда болған, ал Жапонияда одан әр түрлі пішіндері бүктеп шығаруды ойлап тапұан. Алғашқы оригами әдісімен жапондық діни салттарда қорапша жасалып, оның ішіне садақаға берілген кішкене нан, балық шашылмай, жинақы болу үшін пайдаланған. Содан кейін бай ақсүйектердің ойлап тапқанындай, яғни қазіргі кезде біз бір-бірімізге тілек жазу үшін ашық хаттар жазамыз. Ал сол кездері ашық хат жазғанда олар көбелек, құстар, гүл немесе абстрактілі
Геометриялық пішіндермен бүктеліп қағаз жазып жүрген. Уақыт өте келе ХХ ғасырда оригами туралы бүкіл әлем білетін болды. Кейбір шеберлер бір қвғаздан бірнеше мың әр түрлі пішіндерді жасай алады. Қағазды қолөнердің көбінде пайдалануға болады. Оригамида қағазды тек бүктейді. Бұйымның дұрыс әдемі шығуы қағаздың дұрыс бүктелгеніне байланысты.
Сарамандық жұмыс.
Қауіпсіздік техникасын сақтау.
Жұмыстың барысы:
Үшбұрыштар жасауға арналған қағаздың дайындалу жолы.
А4 пішім ұзындығы – 297 мм, ені – 210 мм қажет.
Бір ғана А4 пішінімен ұзындығы 70 мм , ені 30 мм тең болатын 24 қағаз қиып дайындап аламыз.
Үшбұрыштардың жасалу жолы:
Керегінше, түр, түсіне қарай үшбұрыштар дайындалады.
Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру.