А?и?ат кестелері есептер шы?ару


Сабақтың тақырыбы: Ақиқат кестелері.Мектеп
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп»КММ
Күні Мұғалім есімі Бахтыбаева С
Сынып 8 Қатысқандар саны қатыспағандар саны
Сабақ негізделген оқу мақсаты Ақиқат кестесі , логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру.
Оқу нәтижелері Барлық оқушылар
Ақиқат кестелер туралы қосымша мәлімет алады.
Оқушылардың басым бөлігі
Ақиқат кестелерді оқушылар біледі
Кейбір оқушылар
Ақиқат кестелері туралы кейбір оқушылар білмейді
Алдыңғы оқу Логика және логикалық операциялар.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Басталуы
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау.
Ой қозғау Оқушылармен амандасу.
Шаттық шеңберін құрып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
1.Логика дегеніміз не?
2.Пікір дегеніміз не?Логика неше түрі бар?
3.Формалды және табиғи тілде берілетін пікірлерге мысал келтіріңіз?
4.Пікір сұраулы сөйлем түрінде өрнектелуі мүмкін бе?
Пікір алгебрасы нені зерттейді?
5.Ықтималды логика дегеніміз не? Ортасы
Логикалық көбейту. ЖӘНЕ жалғауының көмегімен қарапайым екі А және В айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту немесе конъюнкция , ал операцияның нәтижесі – логикалық көбейтінді деп аталады. ЖӘНЕ операциясы «.» немесе «&» белгісімен белгіленеді. ЖӘНЕ логикалық операциясының ақиқаттық кестесі: Мұндағы А мен В – иә немес жоқ мәндерін қабылдай алатын екі айтылым. Пікірлердің екеуі де ақиқат болғанда, А және В конъюнкциясы ақиқат. А немесе В пікірлерінің бірі немесе екеуі де жалған болса, онда А және В конънкциясы жалған. Логикалық қосу. Біріктіруші мағынада қолданылатын НЕМЕСЕ жалғауының көмегімен қарапайым А және В айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық қосу немесе дизъюнкция, ал опрецияның нәтижесі – логикалық қосынды деп аталады. НЕМЕСЕ операциясы «v» белгісімен немесе «+» белгісімен белгіленеді. НЕМЕСЕ логикалық операциясының ақиқаттық кестесі: А немесе В пікірлерінің ең болмағанда біреуі ақиқат болғанда , А немесе В дизъюнкциясы ақиқат болады. А және В пікірлерінің екеуі де жалған болғанда, А немесе В дизъюнкциясы жалған болады. Логикалық терістеу. Қарапайым А айтылымына ЕМЕС шылауын қосу логикалық терістеу операциясы деп аталады, операцияның орындалу нәтижесінде жаңа айтылым пайда болады. ЕМЕС операциясы айтылымның үстіне сызықша салу арқылы белгіленеді. ЕМЕС операциясының ақиқаттық кестесі: Егер бастапқы айтылым жалған болса, онда терістеу ақиқат және керісінше бастапқы айтылым ақиқат болса, онда терістеу жалған болады. Кейбір айтылымдарды терістегенде емес сөзінің орнына жалған сөзі қолданылады.  Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы
Аяқталуы
Жана сабаққа орындалатын тапсырмалар:
Практикумдагы 18 беттегі логикалық пайымдаулардың негізгі ұгымдарын толтыру. (Практикум) 3.1,3.2,3.3,, тапсырмаларды орындату. 3.6, 3.7,3.8,3.9,3.10 тапсырмалар.
Сұрақ жауап арқылы сұрау?
1.Логика дегеніміз не? 2. Қандай пікірлер жалпы деп аталады? Жалпы және жеке пікірлерге мысал келтіріңдер? 3. ЖӘНЕ жалғаулығына мысал келтіріңдер? 4.НЕМЕСЕ жалғаулығымен бөлуші рөлде, біріктіруші рөлде мысал келтіріңдер? 5. Пікір дегеніміз не? 6. Формалды және табиғи тілде берілетін пікірлерге мысал келтіріңіз? 
Үйге тапсырма:
Практикум: 3.4,3.5 тапсырмалар, Оқулық: 34 беттегі 4,5,6 тапсырмаларды орындау.
Қосымша ақпарат
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз? Рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
1.
2.