?зін ?зі тану Жарасымды ?арым-?атынас


Тақырыбы : Жарасымды қарым-қатынас
Құндылық : дұрыс әрекет
Қасиеттер : мейірімділік,кешірімділік
Сыныбы : 10 сынып
Сабақ мақсаты : қазақ халқының ұлттық дәстүріндегі «үлкен» мен «кіші» арасындағы сыйласымды қарым-қатынасты ұлттық құндылық ретінде таныту.
Міндеттері
-«үлкен» мен «кіші» , «ел ағасы» деген сөздердің мәніні ашу;
«үлкен» мен «кіші» арасындағы сыйласымды қатынастың мәнін ұғындыру;
Өзінен үлкенді сыйлауға ,құрметтеуге ,инабатты болуға тәрбиелеу
Сабақтың барысы ;
Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды  бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Үй тапсырмасын С.Б.Дорженовтың ізімен
Қазақтың үлкенді құрметтеуге байланысты қандай рәсімдері бар?
«Ақсақал», «Ел ағасы» деп кімдерді атаған?
Дәйексөз
Жасы кіші ініні-ақылы артса аға тұт . Жасы үлкен ағаны –жасын сыйлап жаға тұт. М.Әуезов
Әңгімелеу Отбасы татулығы аңыз әңгіме Отбасындағы татулыққа қалай қол жеткізуге болады? «Сыйласаң сыйлы боларсың» дегенді қалай түсінесің? Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс 1топ «Сәлемдесу –әдептілік бастауы» , ІІ топ «Тіл табыса білейік!», ІІІ топ «Сыйласаң сыйлы боласың!» мәнін ашу Топпен ән айту «Ағаларым» Үйге тапсырма Дәптердегі №1,2 тапсырма Тыныштық сәті Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды  бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.