Саба? жоспары Ш?к?рім ??дайберді?лыны? Е?лік-Кебек поэмасы, 10-класс


Сабақтың тақырыбы: Шәкәрімнің поэмалары
Сабақтың мақсаты: Ш. Құдайбердіұлының поэмаларымен таныстыру «Еңлік-Кебек»
поэмасы туралы таныстыру, мазмұны мен көркемдік ерекшелігіне
кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау;
Сабақтың міндеттері:а) «Еңлік-Кебек» поэмасы туралы таныстыру, мазмұны мен
көркемдік ерекшелігіне кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау;
ә) Шынайы сезімге, адал махаббатқа,ынтымақтастыққа,
сыйластыққа және  ізгілікке  тәрбиелеу;
б) Оқушылардың    сөздік  қорын,  тіл  байлығын, өлеңді сатылай 
кешенді,композициялық  талдауын,  зейінін және  шапшаңдығын
дамыту;
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер, әдеби кітаптар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Сабақтың жүрісі:
І  Ұйымдастыру кезеңі
а/ сәлемдесу;       ә/ түгелдеу
II Үй тапсырмасын тексеру:
Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы жинаған мәліметтерін оқу, Шәкәрімнің философиялық өлеңдерінен мәнерлеп оқу
III Жаңа сабақ:
Шәкәрім қаламынан туған үш дастаны да ескі қазақ тұрмысын суреттейді. Бұл дастандар жанрлық тұрғыдан алғанда «Қалқаман-Мамыр» лиро-эпикалық жыр, «Еңлік-Кебек» -әлеуметтік дастан, «Нартайлақ-Айсұлу» -махаббат дастаны. Сонымен қатар ақын 1907 жылы Физулиден «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын, 1908 жылы Пушкиннен «Дубровский әңгімесін», «Қодардың өлімі» поэмаларын жазды. 1888 жылы «Қалқаман-Мамыр» дастанын, 1891 жылы «Еңлік-Кебек» дастанын жазып, 1912 жылы жеке кітап күйінде Семейде «Жәрдем» баспасынан бастырып шығарады.
«Еңлік-Кебек» дастаны – адам тағдыры, адал махаббат жолындағы күрес, рушылдық құрбаны болған екі жастың қайғылы тағдыры туралы баяндайды. Дастанның кейіпкерлері бірін-бірі ұнатқан, ғашық болған жастар Еңлік пен Кебек, бірақ дауласқан екі ру тобықты мен найман билері екеуін ат құйрығына байлап өлтіреді. Екі жастың төрт айлық баласы тау бөктерінде жылап жетім қалады.
Махаббат жолында құрбан болған, ерлікті аңсау мен зұлымдық қарсыласының бейнесі болған Еңлік пен Кебек есімдері ел есінде сақталды. Семей-Қарауыл тас жолында Еңлік-Кебек есткерткіші бар.
ІҮ  Сабақты бекіту:
1) Дастанның оқиғасын мазмұндау
2) Дастанды  сатылай  кешенді  талдау
«Еңлік-Кебек»  дастаны
1.Авторы.Ш.Құдайдердіұлы 
2.Тақырыбы─ екі  жас  арасындағы  махаббат,  әйел   теңсіздігі.
3.Жанр  түрі  поэзия (дастан).  Дастан ─ (парсы  сөзі  тарихи әңгіме,  ертегі, батырлар  жыры)  Таяу  және  орта  Шығыстың, Азияның  әдебиеті  мен  фольклорындағы  эпикалық  жанр,  өлең түріндегі  оқиғалы  шығарма.
4Идеясы.  Бұл  дастанның  идеясы  ─ескіліктің  бұлжымас заңын,  көрінісін  және  ру 
арасындағы  кикілжіңін  суреттеп көрсете  білуі.
5.Шумақ.3  шумақты.  (  Жалпы  131  шумақты)
6.Тармақ ─ өлеңнің  әр  жолы.  4  тармақты, барлығы
7.Бунақ ─ белгілі  бір  дауыс  ырғағымен  бөлінуі.3  бунақты.
8.Буын  саны ─ сөздің  құрамындағы  дауысты  дыбыстардың санына  байланысты.
  11-12  буынды.
9.Ұйқас  түрі.   (-а- а- ә- а)  қара  өлең  ұйқасы.
10.Әдеби  теориялық  ұғымдар. 
Эпитет ─ қос  басшысы,  жас  басы,   жасы  бала,  жаны  отты, сабаз  жолдас.
Теңеу─ атты  жаяу  бәріне  бірдей  мықты.
Портрет ─Көзі  өткір,  қараторы  жігіт  екен,
Орта  бойлы;  тапалдау,  кең  иықты. 
Ауыспалы  мағына -  жаны  отты  (жігерлі,  қайратты).
3)Түсіндірме  сөздік.
Жамағайын ─ аздаған  жақындық,  алыс  туыстық.
Жасы ─  көңілі  босау,  мұңаю,  қамығу,  беті  қайту.
Сабаз  ─  біреудің  іс-қылығына,  мінез-құлқына, кеңпейілділігіне риза  болғанда  айтылатын  көтерме  сөз.
Тапалдау  ─  аласалау,  кішілеу,  тәпелтектеу.
Барымта ─ жауласқан  екі  рудың  бірінің-бірі  мал-мүлкін іштен  тартып  алып,  кек  қайтаруы.
Ұрын ─ күйеу  жігіт  жеңгелеріне  сый-сияпат  беріп, айттырған  қыздың  ауылына  жасырын  келуі.
Абыз ─ ас  білгір,  білімдар  адам.
Бақсы ─ пірге,  аруаққа  сиынып,  ауруды  ұшықтап емдейтін  тәуіп.
4) Семантикалық карта:
 Мысалдар Портрет Теңеу Метафора Эпитет Аллитерация
«Тауық» деп қызды айтады, «сұңқар» - Кебек..          
Көзі өткір, қараторы жігіт екен,
Орта бойлы, тапалдау, кең иықты          
Ақыл деген-денеге егулі дән          
Қара жартас, темір масақ          
Шын сүймесең сүйдім деп айтпа маған,
Шала сүйген болады құр алдаған.          
5) Кейіпкерлер бейнесі:
Кейіпкерлер бейнесін шығармадан тауып оқу;
Кейіпкер бейнесін ашатын оқиғалар немесе сөздері арқылы дәлелдеу
6) Мақал-сөздің мәйегі
Дастаннан Шәкәрім қолданған қазақтың мақал-мәтелдерін табу
7) «Еңлік-Кебек» поэмасында Шәкәрім ақын қолданған мақал-мәтелдер:
...Жақсы әйел жаман ерді түзетпей ме?
...«Иесімен ас тәтті» деп Еңлікті
Шақырып ап екеуі отырды жеп...
...«Сақтықта қорлық жүрмес» деген бар ғой,
Сақтанбасаң артқыға сөз боларсың...
8) Сергіту сәті: Жұмбақ шешу
Тамам сөзді сөйлейді, сөйле десе,
Етінен ет кесемін сөйлемесе.
Айт десем, айтпайтұғын жауабы жоқ,
Сүйгенімді сөйлеттім әлденеше.
Бір нәрсе жұртқа мәлім, көзден ғайып,
Ұстауға еш болмайды, қолдан тайып.
Не сынап, не түстеуге ұқсамайды,
Кейде көп, кейде кетер тіпті азайып.
9) Шығармашылық жұмыс:
1-топ: «Махаббат жыры» тақырыбында эссе жазу
2-топ: Арнау өлеңдер
Ү Сабақты  қорыту. «Шәкәрім шыңы». Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылап,бекіту.
ҮI  Үйге  тапсырма:
Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» дастаны мен Мағауия Абайұлының «Еңлік-Кебек» дастанымен салыстыру, талдау
VII Бағалау