Урок Таза болса таби?ат,аман болар адамзат.


Әдеп сабағы
Қаламбаев атындағы жалпы о\м Мұғалім:Кенешбаева Г
ДТІЖО:
Күні: 20.01.2017ж Қатысқандар Қатыспағандар
Тақырыбы Таза болса табиғат аман болар адамзат! Мақсаты Оқушыларға экологиялық тәрбие беру  Сабақтың міндеттері:  Балалардың табиғат туралы білімдерін тереңдете отырып, білімдерін ізгілендіру. 
-оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын дамыту.  Табиғат-Ананы қорғауға және қастерлей білуге  тәрбиелеу. 
Көрнекілігі слайдтар, кітап, дәптер, сурет қиындылары.
Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер: Әкел досым қолыңды.
                               Татуласқан орынды.
                               Өкпелесіп не керек,
                               Көрсет кәне соныңды.
                               Баққа бірге кірейік,
                                   Қол ұстасып жүрейік,
                               Татулыққтың белгісі,
                               Кел қосылып күлейік.
                               -Ха -ха -ха,- ха-ха-ха,
Қызығушылықты ояту Оқушыларды ауа,өсімдік,жануар атты топтарға біріктіру
Әңгімелесу. 
-«Егерде .............. болмаса не болар еді?» (әр топ өз атын қорғайды) Егерде өсімдіктер болмаса не болар еді? Егерде жануарлар болмаса не болар еді? Егерде ауа болмаса не болар еді?.
Оқушыларға қоршаған орта туралы бейне материал көрсету
-Бейне материал не туралы екенін әр топ өз ойларын не түсінгендерін айтады.
Мағынаны тану Әр топ табиғат туралы жасырылған жұмбақтарға жауап береді.
Ойын: «Кім жылдам?» Әр топтан 1 -2 ойыншыдан шығып шеңбер ішінде шашылып жатқан қоқысты қоқыс шелегіне жинау.Қай топ көп жинаса сол топ ойында жеңімпаз.Ойынның мақсаты оқушыларды табиғатты таза ұстауға баулу.
Шығармашылық жұмыс
Табиғатқа байланысты нақыл сөздер мағынасын ашу
-Табиғат-тіршілік көзі.
-Табиғат- тал бесігің,.
«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғттың тілі жоқ»
Әр топ осы нақыл сөздердің мағынасын табу керек.
Ой толғау  Шығармашылық жұмыс
«Табиғатты аялайық!»- тақырыбында сурет салу
«Таза болса табиғат,аман болар адамзат!» ұранымен сабақты қорытындылау.
Қорытындылау «Жүректен -жүрекке» бір –біріне тілек айту