Ке? байта?, к?з жетпейтін жерім мені? кеш


Тақырыбы: «Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің»
Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне жеткізгендігімізді,осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту.Отанды сүюге,құрметтеуге,желтоқсандықтарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Барысы:
Күндер өтті кешегі,Жігер құм боп жасыған.Несіне оны жасырам?Гимініміз бүгінгі,Баға жетпес асыл ән,-деп бүгінгі жиынымызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен бастаймыз. 1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің»
атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай президентіміздің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 2-жүргізуші:Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш!Азат өлкем күндей күлген шығыстан,Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.Ата- бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!-деп келісі кезекті кешімізді ашып беру үшін құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Жанасбаев Жиренбай ағайға беріледі. 1-жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім меніңТаулы орман, жасыл жайлау көлім меніңБүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәуелсіз Қазақстан – елім менің,-деп келесі кезекті әуелеген әсем әнге береміз.Ән «Гүлжазира Қазақстан»
Орындайтындар: 3 - сынып оқушылары: Сабыржанқызы Қарақат пен Аятбек Қарақат1- жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік.
Тәуелсізбін  мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен ендігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
Өзіңдікі -Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де
Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!
Қанатыңнан қайрылып,
Қыр -арқаңнан айрылып
Қонақ-
Тәуелсіздіктен,
Қала көрме айрылып!-деп келесі әсем әнді қабыл алыңыздар.
Ән: «Отаным Қазақстан» Орындайтын: 4-сынып оқушысы Тұрғанбек Сымбат.
1 – жүргізуші:Тарихтың ойлы - қырлы белестерінде халықтың жүрегінде сақталып, жадында жатталып қалатын, қоғамдық дамуға айрықша әсер етіп, ұлттық сана сезімге қозғау салатын аса маңызды оқиғалар болады. Қазақ халқы үшін осындай оқиғалардың бірі – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.2 – жүргізуші: Иә, күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы Қазақ топырағына ұлттық санасы, намысы жетелеген жаңа, әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, «Тәуелсіздік керек, қазақ халқының өз көсемі сайлансын» деген ұранмен шеруге шықты.1 – жүргізуші: Жастарға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға: «Бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды. 1986 жылы 19 желтоқсан күні Қазақстанды басқарып келген Дінмұхаммед Қонаевтың орнына Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ Генадий Колбинді қойған еді. Қонаевтың орнынан алып тасталу себебін білгісі келген қазақ жастары, оқу орындарының студенттері алаңға шықты. Ширек ғасыр Қазақстанды басқарған ел ағасының өз орнына қайта келуін талап етті.Еркіндікке Желтоқсаным бастады,Қазақ жасын бүкіл әлем қоштады.86 жаңғырығы жар салып,Тәуелсіздік ұлы ұранын тастады.Елемепті қысқы ызғар суықты,Өне бойын жастардың қан жуыпты.Қайрат, Ләззат жас қырандар аяулыӨз халқының бағы болып туыпты.Жиырма бес жыл Тәуелсіздік туғалы,Қазақ елі бірлікке бел буғалы.Жиырма бес жыл Қазақстан халқыныңӨз тағдырын өзі шешіп тұрғаны
Келесі кезекті әсем әнге береміз.
Ән: «Астана» Орындайтын: 8-сынып оқушысы Малтабар Айзат
Сахналық көрініс.(Сахнада ұрандар жазылған плакаттар көтерген жастар. Қыз бен жігіт топтан бөлініп шығады, жұртқа қарап сөйлейді.)Жігіт: Шерібекұлы Мұхамеджан.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.Жақсы менен жаманды айырмадың,Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.Кешегі Абайдың айтып кеткен аңғалдығынан әлі де арылмағансың ба, халқым - ау?! Елдігің қайда, бірлігің қайда ұл - қызың қайда, қазағым? Қалың ұйқыдан қашан оянасың, басыңды қашан көтеріп, еңсеңді қашан түзейсің, елім - ау?!Қыз: Ережеп Мерей.
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген...Көз алдыңдағы қилы - қилы халіңді неге көрмейсің, жерің тозды, саның азайды, тілің күрмелді. Мәңгүртке айналған ұрпағыңның болашағына неге алаңдамайсың, аңқау қазағым?!
Ата - бабаңның жерінде, атамекен еліңде жүріп өз билігіңнің өз қолыңнан кеткені ме, Елім?!(Сахнаның екінші жағынан солдаттар шығып жастарды қоршайды)Әскер: Сайынбай Рамазан.
Кәне, тоқтатыңдар ереуілді! Қарай көр өздерін, абайшыл, қазақшыл бола қалғандарын! Мына комедияны дереу доғарып, тез тараңдар!
Қыз: Ережеп Мерей
Ағай, бүкіл халықтың тағдырын ойыншық ету де комедия ма? Жо - жоқ, бұл трагедия.Әскер:Сайынбай Рамазан.
Әй, қаршадайынан қағынған қазақшыл қарындас! Кәне, түс алдыға, көзіңе көк шыбын үймелетейік! ( қыздың қолын қайыра бастайды)Жігіт: Шерібекұлы Мұхамеджан
Үйретілген иттей арсылдаған ағасымақ, қай атаңнан көріпең қызға қол жұмсағанды, тарт қанға боялған қолыңды!Әскер: Сайынбай Рамазан.
Ә, солай ма, тарт ендеше сазайыңды!(Солдаттар жастар тобын ұрып, сахнадан шығып кетеді)Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан алаңы» өлеңі
Тұрғанбек Назым 9-сынып оқушысы
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер...Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.Сол арадан сатқындықта елестейді қара бет,Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.Машрап Нұрдос 9-сынып оқушысы
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ,Кемсітпекші "желтоқсанның жалаң аяқтары" деп.Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы боладыБұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,Сол заңға сай сені бақыт, не сор іздеп табады. ...Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналыДаңқын ешкім, ешкім бүркей алмас.Оны да еске саладыЖелтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.
2-жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достықҰлы достық Нұрлы достықКүн достық Достық деген қасиетті ұранғаКең даланың жүрегі де үн қостыБиші қыздар биімен де үн қосты Би: «Шаттық» биі. Орындайтындар: «Қыздар-ай» тобы
Келесі кезекті оқушыларға береміз.
1-оқушы: Ізбасар Нұрсұлтан.
Тәуелсіздік биік болсын,тұғырың.
Тарылмасын терең алған тынысың
Бұдан алған күндеріміз құрсын,
Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырың.
2-оқушы:Машрап Гүлім .
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдым.
Желтоқсанда егеменді ел болсың деп талпындым.
Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның.
Айналайын,айналайын, қасиетті халқымның.
3-оқушы: Қалмырза Дінмұхаммед.
Тұрағым Қазақстан елді мекенім,
Сүйгем жоқ,сүйе алмаймын жерді бөтен.
Танытқан бар әлемге қазақ атын,
Туымды асқақтата желбіретем.
4-оқушы: Мақаш Аруна.
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, СабираҚұрбаны болған жаланың Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,Бұғаудағы боздақтары кете бардыБірі атылып, ал бірі дарға асылып2-жүргізуші: Қазақпын, еңселі елмін егеменді,Кеңейттім кең әлемге керегемді.Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттарТаныды тепе-тең деп тереземді.Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.Ән: «Жасұландар маршы»
Орындайтындар: 2-сынып оқушылары Әліпбай Әминағзам мен Үсенбек Рәмина
5-оқушы: Бегалы Бибарыс
Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,
Еуропада,  Азияда емеспін мен.
Аралықпын жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тең өстім мен.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
 6-оқушы: Арыстанбек Мейіржан
 Қасиетті Қазақстаным,мекенім,
Ақиқаттың  алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ- дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік-достығымыз, Ынтымағы жарасқан. Тәуелсіздік-ел бірлігі, Асқақ арман таласқан. Тәуелсіздік-өткеніміз, Асулардан сан асқан. Тәуелсіздік-ертеңіміз, Арайланып таңы атқан. Тәуелсіздік- ардагерім, Ұрпақтармен жалғасқан. Тәуелсіздік аға жолы, Болашаққа нық басқан,-деп әуелеген әсем әнге береміз.
Ән: «Қазақстан Республикам менің»
Орындайтындар: 8-сынып оқушылары Малтабар Айзат пен Мақаш Айсұлу 
2-жүргізуші:
Тәуесіз оңайлықпен келмеді. Бізге мұны ешкім аяп бермеді. Тәуелсіздік- Қайрат, Ләззат, Ерболдың, Тас көшеде, тас-талқан болып өлгені. Шала-жансар қар астына көмгені, Тәуелсіздік ата-баба арманы. Қандай елмін бүгін міне, көр мені! Алаулайды мүмкін емес сөнбегі,-деп Нұрсұлтан мен Тоқтардың орындауындағы «Қазақтай ел қайда?» әнін қабыл алыңыздар.1-жүргізуші:
Сан ғасырлар тарихынан кешегі
Туған жердің шежіресі өседі
Менің елім Қазақстан-Отаным,
Болашағы бізбен бірге өседі-дей келе бүгінгі кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегі
Шораева Назігай апайға береледі.
2-жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағынаЖас өрендер желбіретіп нық ұстаҒасырларға жалғастырып елдіктіДақ түсірме ата- баба рухынаҮлгі бізге аталардың ерлігіҰлағаты өнегесі еңбегіТәуелсіздік туын ұстап жоғарыБүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі - дей келе, бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.1- жүргізуші:Қазақ елім!Туды жастық дәуірің.Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,Туған күнің құтты болсын, алыбым!Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!