Разработка по воспитательному работу на тему Мені? Отаным-?аза?стан


Менің Отаным – Қазақстан.
Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Міндеттері:1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас
Көрнекіліктері: жалауша, суреттер, плакатСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Хор: Әнұран.- Кәне балалар Отан деген не?- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?- Біздің - Отанымыз Қазақстан.- Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады.ІІ. Негізгі бөлім.Оқушыларды 3 - топқа бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату. Шыққан суреттен әр топтың аты шығады. (Мозайка)1 - топ: Туған жер2 - топ: Отан3 - топ: Атамекен(Өлең, мақал - мәтел айтқан топқа текшеден беріп отырамын. Көп текше жинаған топ жеңіске жетеді.)Тақтада ілінген плакатқа назар аудару. Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай жинайды.20 – ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?20 – Еліміздің бас қаласы20 – ҚР президенті50 – ҚР туының авторы50 – ҚР елтаңбасының авторлары50 – Әнұранымыздың авторлары100 – Еліміздің көрікті жерлері100 – Отан туралы өлең айт100 – Отан туралы ән шырқаБалалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.1 - оқушы: Арыстандай айбаттым.Жолбарыстай қайраттым,Аспандаған байрақтыңҚанша жұлдыз жайнаттың.Қанша бұлбұл сайраттың,Қазақстан ардақтым.2 - оқушы: Күнді құшқан қос қыран,Аясында қалқыған.Аспан түсті туым бар,Көк теңіздей шалқыған.3 - оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып,Елтаңбам әлемге танылды анық.Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,Арманым ата заңым қабылданып.4 - оқушы: Өзіңдікі туыңда,От пен ауа, суың да.Жаса Қазақстаным,Белді бекем буында.5 - оқушы: Жаса жаңа АстанамӨркен жая бастағанБолашақтың есігінөз қолыңмен аш маған.6 - оқушы: Бұлт баспасын күнімдіТартылмасын өрісіңБиік ұстау туымдыҚасиетті борышым.7 - оқушы: Сәуле шашқан алтын түсті күні бар,Екпіндеген қыран құсты үні бар.Ою басқан мөп - мөлдір көк аспандай,Қазағымның желбіреген туы бар8 - оқушы: Отан деген атамекенОтан деген туған жер.Отан ана, Отан үлкенҚазақстан туған ел.- Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?1 - оқушы: Отан от басынан басталады.2 - оқушы: Туған жердей жер болмас,Туған елдей ел болмас.3 - оқушы: Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл.4 - оқушы: Отан оттан да ыстық.5 - оқушы: Отан үшін отқа түс күймейсің,Арың үшін алыссаң өлмейсің.Әр топтың ұпайын санап, қорытындысын шығару.Тілек.(Оқушыларға көгершіндер таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін плакатқа келіп, көгершіндерді іледі.)- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.Хор: «Көк тудың желбірегені» (Қолдарына жалаушалар алып сермейді)Қорытынды.Байтақ дала жерім меніңАрта берсін даңқың сеніңКөк байрағың желбіресінЕгеменді елім менің– дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен «Туған елім, туған жерім» атты кластан тыс шарамыз аяқталды.