Презентация та?ырыбы: Етістікті? ша? категориясын ?айталау


Етістіктің шақ категориясын қайталау Сабақтың мақсат- міндеттері: Алған білімді қорытындылау, шақ категориясының бөліну ерекшеліктерін түсіндіру, оларды ауызекі сөйлеу тілінде дұрыс қолдану және таба білу, талдау. Бірлескен жұмысты жақсарту. Сабақтың түрі: сайыс сабақСабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: АКТ, оза оқыту, топтық оқыту, миға шабуыл, қалыптастырушы бағалау, Сабақтың әдісі: талдау, жинақтау, жүйелеу, салыстыруПәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, орыс тілі Үй тапсырмасын қайталау5 минут «Кім жылдам?» ережені қайталауӘр топ бір-біріне сұрақ қояды, өтілген тақырыптарға байланысты қайталау сұрақтарына тез жауап береді. Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясынан үзінді. Тапсырма: Келер шақ тұлғасында тұрған етістіктерді тауып, олардың жасалу жолын түсіндір.... Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Мен үшін әрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты өлшем болды, әрі солай бола бермек. Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде болашақта жетеміз. (5 мин.) Мысалы: Аталды – жедел өткен шақаталған еді – бұрынғы өткен шақаталатын еді – ауыспалы өткен шақ Шақтың 3 категориясын қатыстырып, мақал-мәтел жарысын ұйымдастыру. (Дәптермен жұмыс 5 мин ) Ерді намыс өлтірер, қоянды қамыс өлтірер.Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер.Білгенім бір тоғыз, білмегенім – тоқсан тоғыз.Анаға қарап қыз өсер, Атаға қарап ұл өсер.Сабырлы жетер мұратқа, Асыққан қалар ұятқа.Оқи берсең көзің ашылады, Отыра берсең, жалқаулық басынады. Елінен айырылған ер – жетім, Ерінен айырылған ел – жетім.Ақыл – адамды аздырмайтын ем, Білім – таусылмайтын кен. «Бас қатырғыш» әдісі. Тапсырма: төмендегі етістіктерді дұрыс құрап, 3 шақта кестелерге толтырып шық. Лек, сажа, қыо, лас, тай4 мин ЕтістікОсы шақӨткен шақКелер шақ ЕтістікОсы шақӨткен шақКелер шақкелкеле жатыркелдікелержасажасап тұржасадыжасамақшыоқыоқып отыроқыдыоқымақсалсалып жатырсалдысаларайтайтып жүрайттыайтпақ Үйге тапсырма: «Өткенге өкінбеймін, бүгінгі күніме – қанағат, келешекке - үміт» тақырыбында эссе жазу барысында 3 шақтағы етістік түрлерін қолдану.