Сыныптан тыс ж?мыс «?ызы?ты биология еліне саяхат»


Тақырыбы: «Қызықты биология еліне саяхат»
Мақсаты : Оқушылардың логикалық ой өрісін жетілдіре отырып өз ойларын анық айқын жеткізу дағдысын қалыптастыру. Қоршаған ортаны қорғауға тірі тіршілік иелеріне қамқор болуға тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Әдіс – тәсілдері: пікір – талас, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: суреттер, кестелер
Сайыс жоспары:
Таныстыру
Менен сұрақ, сіздерден жылдам жауап
(топ басшысы 1 минутта 10 сұраққа жауап беру керек)
« Полиглот»
«Сырлы сандық»
«Тапқыш болсаң , тауып көр» (термин сөздер)
«Ойлы болсаң озып көр» ( мақал – мәтел )
«Ой толғаныс» мына заттарды (топырақ, су, өсімдік ) қатыстырып эссе жаз.
Жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді асыл халқым
Арта берсін абырой, атақ даңқың
Ұстаздар аман ба екен құрбы – құрдас
Сыныптас бірге оқып болған сырлас
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Қызықты биология еліне саяхат» сайысына қош келдіңіздер.
Жүргізуші:
Шеберлікті, білімді
Сырлап сіздер көріңдер
Әділ баға беріңдер
(Әділ қазылар алқасы сайланады)
Әділ қазылар алқасымен таныс болайық
1.
2.
3.
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау
Сәт сапар тілеп бәріңізге
Сайысты біз басталық
Көрсетіп өнерлеріңізді
Қалмаңыздар жасқанып
Жүргізуші: Басталар сайыс енді жоспармен
Достарым отырсың ба елеңдесіп
Ата –салты, баба дәстүр жолыменен
Алайық біз әуелі сәлемдесіп
Ендеше сайысымыздың 1 бөлімі «таныстыруға» кезек берелік
( әр топ өздерін таныстырады)
Жүргізуші:
Білімділер болады әркез алда,
Тез жауап бер ойланып тұрып қалма
2. «Менен – сұрақ, сізден жауап» бөліміне кезек келді.
Жігіттің сұлтаны бар ел бастаған,
Қыздардың қыздары бар ел мақтаған
Екі топтың басшылары топ бастаған
Сіздерді топ басшылар сайысына шақырамын
Әр топ басшысы ортаға шығып 1 минутта сұраққа тез әрі дұрыс жауап беру керек.
9 сынып оқушыларынан құралған « Алғырлар» тобы Топ басшысына сұрақ
Жасушаның құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым (цитология)
Жұмыртқаның ақуызына ұқсас, мөлдір желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат(цитоплазма)
Жасушаның көбеюіне қатысады (ядро)
Тек өсімдік жасушасына тән денешіктер( пластид)
Жасушаларды энергиямен қамтамасыз етеді( митохондрия)
Генетиканың негізін салушы ( Г. Мендель)
Нәруызды түзетін аминқышқылының саны (20)
Тіршіліктің негізгі өлшем бірлігі (жасуша)
Генотип және фенотип ұғымдарын қалыптастырды( В. Иогансен)
Ядролық сынақ өткізуге мараторий жариялаған тұлға: (Н. Назарбаев)
Жүргізуші
10 сынып оқушыларынан құралған «Зерделілер» тобы Топ басшысына сұрақ
Жасушадағы органикалық қосылыстар ( нәруыз, көмірсу, май)
Фотосинтез процесі нәтижесінде өсімдіктер бөлетін газ ( оттек)
Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді ( лизосома)
Индикатор өсімдік (қына)
Нуклейн қышқылдарын атаңыз (ДНҚ, РНҚ)
Түсті ажырата алмайтын ауруды қалай атайды (дальтонизм)
Зат алмасудың екінші атауы ( метоболизм)
Мәдени өсімдіктердің шығу орталығын анықтады (Н.И вавилов)
Адамның хромосома саны( 46)
Микробиология ғылымында күкіртті бактериияны зерттеген
(С.Н Виноградский)
Жүргізуші
Кезең «Полиглот» кезеңі. Әр топқа үш сұрақтан беріледі.
Жауаптарын үш тілге аударады.
Өсімдіктің жер асты мүшесі. ( тамыр- корень- root)
Ең ірі жеміс (асқабақ – тыква- pumpkin)
Қай мүше жасыл асхана деп аталады(жапырақ- лист- letter)
2 топқа сұрақ
Өсімдіктің жапырақ , гүл жеміс бекінетін бөлімі ( сабақ- стебель- stalk)
Көбеюге қажетті түрі өзгерген, қысқарған өркен (гүл- цветок- flower)
Мәңгі жасыл ағаш ( шырша- ель – spruce)
Жүргізуші
Кезең «Сырлы сандық» логикалық сұрақтар
Әр топқа 5 сұрақтан беріледі.
Қайсысында мойын омыртқалары көп керікте ме, әлде доңызда ма?
(бірдей)
Қай құста ми шайқалысы болады ? (тоқылдақ )
Кірпі қыста не жейді? ( ештеңе , себебі ол қыста ұйықтайды)
Әтеш өзін тауық деп айта ала ма? (жоқ , себебі ол сөйлей алмайды)
Ең биік жануар (жираф 6 м. жетеді)
Жүргізуші
Теңізде қандай тас болмайды? (Құрғақ)
Жапырағы түгел тікенекке айналып кеткен өсімдік ?( кактус)
9 – бас, 22- аяқ неше тауық, неше ешкі?
(2 ешкі, 7 тауық)
Адам өмір ұзақтығын қандай құс айтады? (көкек)
Ең кішкене құс (колибри ,салмағы -4,6 г)
Жүргізуші
5 кезең. «Тапқыш болсаң , тауып көр» (термин сөздер)
Оқушыларға уақыт беріледі таңдаған саласы бойынша термин сөздерді жазып шығады.

Жүргізуші
6 кезең. «Ойлы болсаң озып көр» ( мақал – мәтел )
Ағаш көркі – жапырақ ( адам көркі шүберек)
Дәрі шөптен шығады ( дана көптен шығады)
Дала көркі мал ( өзен көркі тал)
2 топ
Тау бұлағымен көрікті ( бұлақ құрағымен көрікті)
Қораңда малың болсын, ( көшеңде талың болсын)
Ағаш ексең аялап, (басыңа болар саябақ)
Жүргізуші
кезең
«Ой толғаныс» мына заттарды (топырақ, су, өсімдік ) қатыстырып эссе жаз.
Жүргізуші
Бүгінгі «Қызықты биология еліне саяхат» сайысы өз мәресіне жетті.
Олай болса сайыстың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтау үшін ортаға әділ қазыларды шақырамыз.
Білім –теңіз, мектепті кеме дейміз
Білім мен тәрбиені егіз неге дейміз
Жастарды болашаққа жетелейміз
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір күрес, жеткізе ме мұратың
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегін
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын
Жүргізуші
Қош демейміз әлі талай сайыс бар
Өнерлерің өрлей берсін қайыспаңдар
Ойлы орта кеңейсін күннен күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше достар!!!
«Нағарашы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жолда жүру ережесін сақтайық»
Серғазиева С.Н