Сыныптан тыс ашы? саба?. ?зі?е деген махаббат


Өзіңе деген махаббат Өзіңе деген махаббат-тамаша нәрсе, өйткені ол-адамның өз қабілетін сезінгенінің белгісі. Т.Гоббас -адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы.-күнделікті өміріне махаббатты енгізуін қалыптасыру 1.Өзіңе деген махаббат дегенді қалай түсінесіздер?2. Өзіңе деген махаббат неден басталуы керек деп ойлайсыздар? Тыныштық сәті Ыңғайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз, денеңізді босатып тынышталыңыз. Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз.Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз.Таза ауа,сылдырлаған мөлдір бұлақ суы,құстардың сайраған дауысы,сіз жеңіл дем алудасыз.Күн шуағы сіздің теріңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде.Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап,сізді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіп, қуат беріп тұрғанын сезініңіз. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз. Өзіндік жұмыс Әрбір адамның жақсы қасиеттері болады,өз бойыныздағы асыл қасиеттерді бағалаңыз және қабылдаңыз,сонымен қатар ол қасиеттер сіздің өз күшіңізге сенімдік береді және қиын сәттерді жеңе білуге көмектеседі.Ешқашан өз қабілеттеріңізді төмендетпеңіз.Ал енді бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді жазайық.Сонымен қатар өзіміздің бойымызда жоқ,бірақ болса екен деген қасиеттерді жазуларыңызға болады.Тізім жасауға сіздерге 3 минут беріледі. Мына таблица бойынша сұрақтарға жауап береміз Маған өзімнің бойымнан не ұнайды? Өз бойымнан қандай қасиеттерді өзгерткім келеді? Маған кедергісі тиіп жүрген кейбір қасиеттерімді қандай жақсы қасиеттерге өзгерткім келеді? Өздеріңіздің қалауларыңыз бойынша жазғандарыңызды оқуларыңызға болады.Тыңдаушылардың сізге себебін түсіңдіруіңізді сұрауына құқығы жоқ. Не себепті олай ойлайтыныңыз ол сіздің жеке пікіріңіз.Талдау үшін қойылатын сұрақтар1.Сұрақтарға жауап бергенде қандай сезімде болдыңыз?2.Сізге сенімділік қалай әсер етеді?3.Бойыңызда қандай қасиеттердің болғанын қалайсыз? Әңгімелесу Даналық тағылымы Бір күні хан бақты аралап жүрген кезінде қурап бара жатқан талдарды, бұталарды және гүлдерді байқайды.Сонда емен айтады:мен қарағай секілді ұзын бола алмаймын,сол себепті мен құса болып қурап бара жатырмын.Хан қарағайға қарап еді ол жүзім ағаштары сияқты жеміс бере алмағандығынан қурап бара жатыр екен. Ал, жүзім ағашы болса өзінің раушан гүл сияқты құлпыра алмайтынына өкінді.Тек бір ғана ырғай гүлі жайқалып өсіп тұрды.Таңданған ханға ырғай гүлінің айтқаны: “Сен мені отырғызған кезде, менен ырғай гүлінің өскенін қаладың.Сен егер менің орныма еменді,қарағайды,раушан гүлін өсіргің келсе,соларды отырғызушы едің.Сондықтан мен өзімнің ырғай гүлінен басқа ешкім бола алмайтынымды білгендіктен мені көрген адамдар ләззат алсын деп әдемі болып гүлдеуге тырыстым”-дейді. Талдау Сіз бұл өмірге келуіңіз кездейсоқ емес, демек әлемге сіз керексіз әйтпесе сіздің орныңызға басқа адам келетін еді. Сол себепті сіз бұл өмірге кездейсоқ келген жоқсыз.Әр адам өмірге келген соң өзіне лайықты міндеттелген борышын атқаруы тиіс.Не үшін,сіз басқа адам болуыңыз керек,басқа біреуге еліктеуіңіз керек?Сіз бұл өмірге өз үлесіңізді қосу үшін келдіңіз және бұл сіздің ғана қолыңыздан келеді.Өзіңізге мұқият қарасаңыз,сіз сияқты адам бұл әлемде жоқ екендігін байқайсыз сондықтан басқа адам болудың қажеті жоқ.Адам өзі ғана өз өміріне қуаныш,жарық нұр сыйлай алады. Жаттығу.Мен кіммін?Айнаны алып,көзімізге мұқият қараймыз,содан соң атымызды атап,мына сөздерді қайталаймыз:“Мен өзімді жақсы көремін және бойымдағы барлық кемшіліктерімді қабылдай аламын.Осы сөздерді шын жүректен айтуға тырысыңыз. Талқылау 1.Өз көзіңізге қарағанда қандай сезімде болдыңыз?2.Өміріңізде өзіңізді қабылдай алмаған сәттеріңіз болды ма?3.Оған не кедергі болды? жаттығу Қолдарыңызға айнаны алып өздеріңізге мен өзгергім келеді деп айтыңыз.Осы уақытта қандай сезімде болдыңыз,соған көңіл бөліңіз.Сіз осы сөздерді айтқан кезде,қорқыныш сезімі пайда болса , өзіңізге неліктен деген сұрақ қойыңыз.Демек ол қорқынышты жоюыңыз керек.Содан соң айнаны алып,көзіңізге мұқият қарап,дауысыңызды қатты шығарып:мен барлық үрей мен сенімсіздіктен арылғым келеді деп 5 рет қайталаңыз.Жалпы айнамен жұмыс жасау өте пайдалы.Адам өз көзіне қарап өзі жайлы көптеген мәлімет алуына болады.Сонымен қатар бұл әдіс арқылы жақсы нәтиже алуға болады. Мен Махаббат аралына хат жазу Әр қайсысымыз өзімізге деген демек өз жүрегімізге тілек кемесі арқылы хат жазамыз. Ән көңілдің ажары Мен өзімді сүйем Cені де сүйем білем Өзіңді сүйе білсең, Сүйесің мені білем Қорытынды Сөз соңында айтарым ең бастысы өзіңе деген махаббатты менмендікпен шатастырып алуға болмайды. Барлық іс-әрекет тіршілікпен негізделсе, демек адам өзін адам ретінде сезіну үшін де өзіне деген сый-құрмет пен махаббат болуы керек. Шығыс даналығы. Сіз басқа адам бола алмайсыз, тек қана өзіңіз ғана бола аласыз. Сол себепті сабыр сақтаңыз. Қоршаған орта сізді дәл осы қалпыңызда қабылдайды. Үйге “Өзіңе деген махаббат” тақырыбына эссе жазып келу.