Презентация по самопознанию Сіз деген-?деп 3 класс


«Сіз» деген - әдеп, «біз» деген – көмек Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Білімділігі: өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;Дамытушылығы: бірлесіп еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру;Тәрбиелігі: өзара сыйластыққа, өзара көмекке, бірлікке тәрбиелеу. Сыйластықты іздеген Әдеп сақтар ізгі өрен, Сыпайылық белгісі- Үлкендерге «Сіз» деген. Әңгімелесу:-Адамдармен сіз деп сөйлескенде қандай сезімде боласыңдар? -«Сен» деген де ше?- «Біз» деп сөйлескенде ше?- «Мен» деп сөйлескенде ше?-Өздеріңе басқа кісілер «Сіз» дегенде ше? “Сен» дегенде ше? -қазақ халқында өзінен үлкенмен, сондай –ақ жасы кіші болса да сыйлы адаммен «сіз»деп сөйлесу игі әдетке айналған. Бұл сыпайылықты, адамға деген сыйлас-тықты білдіреді. «Біз»деген ұғым көпшілікті білдіреді. «Жалғыз ағаш орман болмайды »деген халық мақалы бар. Сол сияқты жалғыз адам бір өзі адами қасиеттерді көрсете алмайды, адамның адамдығы адамдармен бірге көрінеді. II.Тыныштық сәті. III.Оқулықпен жұмыс. -Бірлік дегенді қалай түсінесіңдер?-Жалғыз боп істеген жұмыстан көп болып жасаған істің қандай айырмашылығы бар?-Сендер достарыңмен бірлесіп жұмыс істеген де қандай сезімге бөлендіңдер?Жалғыз істегенде ше?-Әңгімеден қандай ой қорытуға болады? ІҮ. СахналауБалалар, А.Естеновтың «Бес нәрсеге асық бол!» өлеңін сахналап оқып көрсетеді. Қатысушылар: Мұғалім, Қанағат, рақым, Терең ой, Талап, Еңбек. Ү. Жағдаяттарды талдау 1. Ұланға әке - шешесі жұмысқа кетерде:Сендер Ұланның орнында болсаңдар, не істер едіңдер? Жаңыл інісіне не туралы айтты? 3. Бүгін сенбілік. Бұл сыныпты қандай сынып деп ойлайсыңдар? ҮІ.Тақтамен жұмыс:«Көп жүрген жер –көңілді,көп еңбегі-өнімді»-бір адам жалғыздан жалғыз көп жұмысты бітіре алмайды,жұмыс жасаса да әрі қызықсыз,әрі қажыр қайратын тауысып барып ұзақ уақытта аяқтауы мүмкін. Ал көп болса,жұмыс әрі қызықты,әрі тез, әрі тиянақты бітеді.Бәрі бірге жасаған жұмыстан адамның көңіл күйі көтеріледі,тіпті дем алады.Бұл адамды достыққа,қамқор болуға жетелейді. Керегенің тапсырмасы:Бірлік бар жерде........бар.(тірлік) Бірлігі........ел тозады,(жоқ) Бірлігі ........ел озады.(күшті)Шаңырақ тапсырмасы...:......... тілеймін! (бақыт,байлық,денсаулық)...............тілеймін!.............тілеймін!Есіктің тапсырмасы: ........... келдіңіздер!(қош) Ойын. «Киіз үй» құрастыру. Жаңа ақпаратАдамдар арасындағы ізгілік, сыйластық қарым - қатынасынан әдептілік туады. Әдепті адам биязы, сыпайы, инабатты, ізетті, тәртіпті болады. Дәптермен жұмысТапсырмаӨлеңді оқыңдар. Өлеңнен түйген ойларыңды жазыңдар. Қорытындылау Әдеп, ізет, иба да – Әдеп - алтын сабырың,Шарайнасы жаныңның Жетелейтін мұратқаӘдептіні сыйла да, Әдеп - талап, жалының,Тәңіріңдей табынғын. Ақ желкенін құлатпа «Сіз», «біз» деген жылы сөзӨ. Тұрманжанов«Сіз», «біз» деген жылы сөз – Баршаға керек жақсылық!Жылытады жүректі. Қызғанбай бөліп алыңыз!Жақсылық билеп жанды тез, «Сіз», «біз» деген жылы сөз –Оятады игі тілекті. Жақсылықтың мейірі.Біреуге біреу жақсылық, Бір - біріне болып көз,Тілесе әркез жаны ашып, Кең болсын адам пейілі!Осы бір шырын – тәттілік,Тұрмай ма жанға жарасып?!