Ашы? саба? Ана туралы жыр 6 сынып


1– апта 06. 03.2014ж 1 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шәмші Қалдаяқов «Ана туралы жыр»
Сілтеме: Жоспар (күнтізбелік жоспар)
Жалпы мақсаттар: Ш.Қалдаяқовтың әндерінің мазмұны, шығу тарихы өзінің өмірлік жолымен тығыз байланысты екенін түсінуге, ұғуға үйрету арқылы ойлау, түсіну, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ананы құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Музыкаға деген қызығушылығын қалыптастырып, білімдерін жетілдіру. Топтық жұмыс жасауға бағыттау
Сабақта туындаған негізгі идеялар Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену.
Жаңа теориалық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын,мәнерін және топпен жұмыс жасау амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.
Оқу нәтижесі: 1.Шәмші Қалдаяқов туралы ұғым, білімді қалыптастыру.
2.Жаңа технологиялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа тақырып жайлы түсінік қалыптастыру;
3.Оқушылардың бірін – бірі оқыту арқылы жаңа тақырыпты меңгеруі
4.Оқуға бағыттап отыру
5.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау.
Қолданылатын технология түрлері мен тәсілдері АКТ,СТО,диалогтік оқыту,ВЕЕН диаграммасы, топтық жұмыс, эссе жазу т.б
Ақпарат көздері: Композитор портреті,слайд,үнтаспа,оқулық, суреттер, әндер жинағы
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Алғашқы кезең:
(Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу)
ҚР Мемлекеттік Гимнімен сабақты бастау Оқушылар қолдарын жүректеріне қойып, көтеріңкі көңіл – күймен орындайды. Сабаққа деген ынталары артады.
Үй тапсырмасын тексеру (5мин.):
Өткен тақырыпқа байланысты тест сұрақтарын беру
1.Қазақстандағы хор өнерінің негізін салушылардың бірі-
А)Б.Байқадамов ә)Н.Тілендиев б) С.Мұхамеджанов
2.Б.Байқадамов Құрманғазының қандай күйін лайықтап хорға түсірген?
А) Ақбай ә) Кішкентай б) Адай
3.Сүйемелдеусіз орындалатын хор қалай аталады?
А)камералық ә)капелла б) ерлер
4. Бір биіктіктегі дыбыстарды байланыстырып ұзартатын белгі қалай аталады?
А) фермата ә) кода б) лига
5.”Ғасырлар үні” алғашқы ораторияны қай талантты композитор жазған?
А)Б.Байқадамов ә)Н.Тілендиев б)С. Мұхамеджанов
6.С.Мұхамеджановтың поэмасын ата?
А) Дауыл ә) Қыз қуу б) Ақан сері-Ақтоқты
7. С.Мұхамеджановтың тұңғыш комедиялық операсын белгіле?
А)Жұмбақ қыз ә)Айсұлу б)Қамар сұлу
8. Нотаның оң жағына қойылып, оны тағы жарты нотаға ұзартатын белгі?
А) Нүкте белгісі ә)Қос нүкте б) Лига
9.Қайталау белгісін көрсетіп бер?
А)реприза ә) бемоль б) диез
10. Әйгілі компазитордың,халықтың жанына өте жақын әсем әндердің бірі-
А) өз елім ә)алатау б) ақ бантик Оқушылар интерактивті тақтада берілген тест сұрақтарына ауызша жауап береді.
Әр дұрыс жауап үшін топтарға жұлдызшалар беріледі.
Миға шабуыл. Ойлан тап (дидактикалық ойын)
Балалар! Сендерді қызықты тапсырмалар күтіп тұр. Ендеше сендерден ұйымшылдықпен көтеріңкі көңіл күймен қатысуларыңды сұраймын.
Мақсатымыз-білім алу,
Міндетіміз-еңбектену.
Еңбек етіп жұмыла
5-ке қолды жеткізу
Ал енді, тор көздегі әріптерді ретімен қойып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашайық.
Қ ш о л қ
2 6 16 18 23

ә а т н р ж а ы а
1 2 17 22 20 25 5 3 15
в м л
26 9 12

ш ы а р д і у я а
8 24 10 14 4 13 11 19 21
Мұғалім: қане балалар, қай топ бірінші тапты. Ойыннан қандай сөз шықты Балалар мұғалімнің сөзін зейін қойып тыңдайды. Барлығы хормен өлең шумақтарын айтады.
Оқушылар жылдам қимылдап тақырыпты табуға тырысады.
Шәмші Қалдаяқов «Ана туралы жыр»
Жаңа тақырып: (15мин.)
Мұғалімнің кіріспе сөзі(слайдта көрсетілген материалдар бойынша бағдар беру)
Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жердегі қойнауында «Сарыкөл» деген шағын көл бар.Осы көлдің жағасын 1927 жылы бір жағы қыстамшылық қуған Қалдаяқ деген кедей келіп, қамыстан күрке салып, осында мекендеп қалады.
Қалдаяқтың шын аты- Әнапия.Оң аяқ балтырындағы үлкен қалды көріп жүрген жеңгелері оны Қалдаяқ атап кеткен.Татарлардың гармонын, қазақтың домбырасы мен қобызын шебер орындайтын сері Қалдаяқтың сол қамыс күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келеді.
Басқа баладай шыңғырып жыламай, бір түрлі әуезді ырғаққа ұқсайтын үн шығарған ұлына қарап Қалдаяқ:
-Мен сені қиссадағы Жамшид патшаның атымен атағалы жүр едім.Мына даусың патша емес әншіге көбірек ұқсайды екен,- дейді. Баладан басқа байлығы жоқ кедей әрі өнерпаз әке баланың атын Жамшид қояды. Жәмшит деген ат алған сол бала отыз жыл өткен соң Шәмші Қалдаяқов болып «Қазақ вальсінің королі» атанды.
- Ш. Қалдаяқов шығармашылық жұмыспен 1950 жылдан бастап айналысқан.
- 1956 жылы Алматы консерваториясына оқуға түскен. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде 300-ге жуық туынды жазды. Шәмші өзінің қайталанбас бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі ән өнерін биік белеске көтерді. Танымал әндер жазудағы тамаша табысы үшін композитор 1965 жылы Қазақстан Жастар одағы сыйлығын алды. Шәмші өзінің жанындай жақсы көрген әкесі қайтыс болғанда үлкен кесене салдырды. Ал, өзің ақ сүтімен асыраған анасына арнап әннің ең асылын жазды. Ол-«Ана туралы жыр».
Жәмшит-Шәмші атанып оның композиторлық атағы шартарапқа шарлап кеткенде, анасы айықпайтын дертке ұшырайды. Өзінің о дүниелік екенін сезген анасы Алматыдағы Шәмшіні шақыртады. «Балам,-бұл өмірден жас кеттім демеймін. Маған келіннің қызығын көруді, немере сүюді бұйыртпапты. Тағдыр солай да, қайтейін. Жалғыз тілеуім-сен аман бол. Бұл өмірде әнің ұзаққа кетсін,-деген екен. Сөйтіп 1957жылы «Ана туралы жыр» әні дүниеге келді.
Бүгінгі біздің үйренетін әніміз осы «Ана туралы жыр»Ән үйренбес бұрын музыка тыңдау, ән айту ережесін еске түсірейік. Оқушылар мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдап, керек жерін жазып отырады.
Слайдта берілген суреттерден композитордың жанұясы, еңбек жолы, әндері, мұражайы, ескерткіші,басқа да ақын, композиторлар туралы танысып, білімдерін толықтырады.
Оқушылар слайдқа назар аударады.
Музыкалық сауат:
1.Ән айту ережелерін еске түсіру.( Слайдтан көрсету)
2. «Ана туралы жыр» әнін үйрету. Анықтамаларын дәптерлеріне жазады, есте сақтайды. Ән орындау кезінде дұрыс қолдануға дағдыланады.
Топтық жұмыс.
1-топ «Ана» сөзіне ассоциация жасау, мақал-мәтелдер жазу
2-топ Ана туралы өлең шумақтарын құрастыру
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған.....
Аяулы анашым,
Ақ сүт берген маған.....
Аналардың тілегін,
Тыңдайықшы жүрегін...

3-топ Ана туралы эссе жазу Оқушылар топта бірігіп жұмыс жасайды.
1-топ

ардақты
13531851460500
156019514986000 асыраушы
7747003183500 қамқоршы
АНА
774700273050015627578474001358374856200
тәрбиеші
ұстаз
аяулы
Ананың құшағы жылы,
Күннің шуағы жылы.
Анаңды Меккеге жаяу арқалап барсаңда ақ сүтін өтей алмайсың.
2-топ
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған.....
Анашыммен мақтанам,
Аман болшы,ақ мамам
Аяулы анашым,
Ақ сүт берген маған.
Қарызымды алдыңда
Қалай өтей алам
Аналардың тілегін,
Тыңдайықшы жүрегін
Біз мұңайсақ мұңайып,
Бізбен бірге күлетін
3- топ эсселерін оқып береді.
Қорытындылау.
Өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беру.
1.Қалдаяқтың қоныстанған жері?
2.Қалдаяқтың шын аты кім?
3. Жәмшит қандай мағынаны білдіреді?
4. Шәмші қай жерде, қай жылы туған?
5. Шәмшіге арнап қай ақын өлең жазған?
6. Шәмшіні кім деп атайды?
7. Шәмшінің мұражайы қай қалада?
8. Шәмшінің қарындасы кім?
9. Шәмшінің жары?
10.Шәмшінің қандай әндерін білесіңдер?
ВЕЕН диагарммасы
Шәмші Латиф
-463550“Қайықта”
“Менің Қазақстаным”
“Ана туралы жыр”
“Шынарым”
“Арыс жағасында”
“Ақ бантик”
“Кешікпей келем
деп ең...”
“Сыған серенадасы”
00“Қайықта”
“Менің Қазақстаным”
“Ана туралы жыр”
“Шынарым”
“Арыс жағасында”
“Ақ бантик”
“Кешікпей келем
деп ең...”
“Сыған серенадасы”
14249405303“Аққу”
“Қазақ вальсі”
“Бұлбұл”
“Отан”
“Лаула
кастёр”
00“Аққу”
“Қазақ вальсі”
“Бұлбұл”
“Отан”
“Лаула
кастёр”

149976315875Әнші
Сазгер
Компо
зитор
Вальс
жанры
ның негізін
салушы
негізін
00Әнші
Сазгер
Компо
зитор
Вальс
жанры
ның негізін
салушы
негізін


Берілген сұрақтарға жауап береді.
1. Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жердегі қойнауында «Сарыкөл»
2.Әнәпия
3.Қиссадағы патшаның аты
4.1930 жылы 15 тамызда ОҚО Темірланова селосында
5.Мұқағали Мақатаев
6. Қазақ вальсінің королі
7. Шымкент қаласы
8. Раушан
9. Жәмиля
10. «Ана туралы жыр»
«Әнім сен едің»«Қайықта»«Сыр сұлуы»«Арыс жағасында»«Ақмаңдайлым»«Бақыт құшағында»«Қуаныш вальсі»
Бір – бірінің қатесін түзей отырып,білімдерін толықтырады.
ВЕЕН диаграммасын дәптерлеріне жазып алады
Бағалау : топтар бір-бірлеріне баға береді. Қайсы топ көп жұлдызша жинады бағалау кезінде ескеріледі. Барлығын қорытып жиынтық бағаны мұғалім қояды. Топтар бір - бірін бағалауда әділ болуға қалыптасады. Өздерінің қателіктерін түсініп, алдағы уақытта қайталамауға тырысады.
Үйге тапсырма:Композитор туралы қосымша мәлімет жинақтау, «Ана туралы жыр» әнін жаттау. Ана туралы өлең, әндер жаттау, эссе жазып келу Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.
Әнші
Сазгер
Композитор
Вальс
жанрының
негіз
Сабақтың тақырыбы: Шәмші Қалдаяқов
«Ана туралы жыр»
♪♫♪♫
№30 орта мектебінің
музықа пәні мұғалімі: Г.А.Амреева
2014 жыл
Тор көздегі әріптерді ретімен қойып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашайыңдар
Қ ш о л қ
2 6 16 18 23

ә а т н р ж а ы а
1 2 17 22 20 25 5 3 15
в м л
26 9 12

ш ы а р д і у я а
8 24 10 14 4 13 11 19 21
1-топ
АНА
2-топ
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған...
Аяулы анашым,
Ақ сүт берген маған...
Аналардың тілегін,
Тыңдайықшы жүрегін...