9 сыныптар?а арнал?ан 3 то?сан ?орытындысы бойынша тест с?ра?тары


ІІІ тоқсан бойынша қорытынды тестілеу
«Ата-ананың қадірі» шығармасының авторы?
А) Шал ақын В) Ы.Алтынсарин С) Нысанбай жырау Д) Абай Е) Махамбет
2. Бекетай деген жерде туған палуан,мерген,домбырашы,ақын,батыр кім?
А. Махамбет В. Шал ақын С. Нысанбай жырау Д. Шортанбай Қанайұлы Е. Дулат Бабатайұлы
3. М.Өтемісұлы А.Пушкинмен кездесті?
А. Әрине В. Мүмкін С. Жоқ Д. Жалған ақпарат Е. Мүмкін емес
4. Махамбет далалық сарынды жақсы білген ақын, олар кімдер?
А. Шалкиіз, Доспамбет В. Асан қайғы, Қорқыт С. Қазтуған, Ақтамберді Д. Дулат, Шортанбай
Е. Пушкин, Даль
5. «Махамбет екі образ жасады.Бірі – Исатай образы, екіншісі – өз образы» деген кім?
А. Ғ.Малдыбаев В. М.Әуезов С. К.Жумалиев Д. М.Көпеев Е. Ш.Уалиханов
6. «Ұлы арман» өлеңінің авторы?
А. Жамбыл В. Сұлтанмахмұт С. Махамбет Д. Абай Е. Шортанбай
7. Нысанбай жыраудың әкесі?
А. Кенесары В. Тайман С. Наурызбай Д. Жаманқұл Е. Көтеш
8. Не себепті Нысанбай есімі халыққа танымал емес?
А. Үш жүздің арасына іріткі салды деген күмәнмен. В. Нысанбай халық жауы болғандықтан.
С. Оның жырлары билікке қарсы болғандықтан. Д. Кенесарының есімін атауға тиым салынғандықтан. Е. Наурызбай үшін.
9. Нысанбайдың бізге қалдырған асыл мұрасы?
А. «Төремұрат жырау» В. «Хан Кене» С. «Ағыбай батыр» Д. «Сұраншы батыр» Е. «Кенесары - Наурызбай»
10. Меңдібай,Дулат,Ағыбай,
Арғыннан шыққан үш жігіт-
Шәкір,Жәуке, Толыбай.
Табыннан қабан Бұқарбай! – қай шығармадан алынған үзінді?
А. «Төремұрат жырау» В. «Хан Кене» С. «Ағыбай батыр» Д. «Сұраншы батыр» Е. «Кенесары - Наурызбай»
11. Оқулықта 245 беттегі сөзмаржанда «әулие» сөзінің неше мағынасы берілген?
А. 4 В. 3 С. 2 Д. 1 Е. 5
12. Балғожа Жаңбыршыұлы кім?
А. Ыбырайдың атасы В. Нысанбайдың досы С. Махамбеттің атасы Д. Абайдың досы
Е. Ж.Аймауытовтың әкесі
13. Нысанбайдың шығармашылығын зерттеген кімдер? А. С.Мұқанов, С.Жантөрин
В. Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайлов С. Т.Сейдаллин, Ж.Шайхисламұлы Д. К.Абылайханов, З.Кабдолла
Е. Ешкім
14. «Қазақтардың білімге қол жеткізетін ең басты құралы -мектеп» деген сөйлем кімдерге қатысты?
А. Ы.Алтынсарин, К.Ушинский В. Ы.Алтынсарин, Н.Ильминский
С. С.Торайғыров, Ы.Алтынсарин Д. Ы.Алтынсарин, В.Григорьевке Е. Ешкімге
15. «Қазақ хрестоматиясы» нешінші жылы жарық көрді?
А. 1859 В. 1860 С. 1879 Д. 1887 Е. 1897
16. Ы.Алтынсарин: «Жоғарыда айтылған қолайсыздықтарды болдырмау үшін осы хрестоматияны құрастыруға кірістім». Қандай қолайсыздықтар туралы айтылған?
..........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
17. Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесінен қандай тұжырым жасауға болады?
....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
18. Ы.Алтынсариннің еңбекті дәріптейтін әңгімесін тап.
А. «Шеше мен бала», «Мейірбанды бала» В. «Әке мен бала», «Бай мен кедей баласы»
С. «Атымтай Жомарт», «Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш» Д. «Егіннің бастары», «Қарға мен түлкі»
Е. Ешқайсысы
19. Ахмет-Риза медресесінде оқыған кім?.....................................................................................
20. Приходская школасында оқыған кім? ........................................................................................
21. Мәтінді оқып шық. Мәтінге байланысты тапсырмаларды орында.
 
Асан деген бай баласы, Үсен жарлы баласы – екеуi құрдас екен. Бiр күнi ел көшкенде қыр астында ойнап жүрiп, ескерiлмей, екеуi жұртта қалыпты. Бiр мезгiлде үйге баралық деп келсе, ауыл жоқ, құр жұрты жатыр. Асан айқай салып, жылай бастады, Үсен ойланып тұрды да айтты:
– Жылағанмен еш нәрсе өнбес. Көшкен ауылды iздеп табалық.
Жұртта бiр көзi сынған ине жатыр екен, оны алды және бiр пышақтың сынығын, бiр-екi уыстай қыл та-уып, оны да алды. Сонан соң ауылдың жұртын айнала жүгiрiп жүрiп, көштiң кеткен сүрлеуiн тауып, сол сүрлеуге түсiп жүре бердi.
Бiраз жер өткен соң сүрлеу екi айрылды. Мұны көрiп Асан жылай бастады:
– Ендi қайсысына түсемiз, – деп, Үсен қарап жүрiп, бiреуiне түстi:
– Мынау сүрлеу, бүгiн жүрген көштiң сүрлеуi екен – малдың жас тезегi бар, – дедi.
Бiраз жер жүрген соң Асан қарным ашты деп жылады. Үсен үндемей келе жатса, екеуiнiң алдынан бiр үйрек ұшып, ұзамай қасына қонды. Асанның онымен iсi болмай жүре бердi. Үсен жүгiрiп барып сипалап жүрiп, үйректiң орнынан алты жұмыртқа тапты. Асан қуанып жұмыртқаны алайын деп едi, Үсен алдырмай:
– Жолдан адасып көп күн жүрсек, бiзге тамақ, керек болар, үйректi де ұстап алайық, – дедi.
Асан айтты:
– Қалай ұстаймыз? Үсен:
– Мен әкемнiң ұстағандарын көрiп едiм, – деп, манағы жұрттан тауып алған қылдан есiп тұзақ iстедi де, оны апарып үйректiң ұясына құрды. Мұнан соң Асанды шақырып алып, екеуi бiр таса жерге, қалың шөптiң арасына барып жатты. Көп ұзамай-ақ үйрек қайта ұшып, жан-жағында адам көрiнбеген соң, ұясына келiп қонды. Бiтегенеден соң Үсен түрегелiп, жүгiрiп ұяға барып едi, үйрек ұша алмай далбырлады да қалды; қараса, үйрек мойнынан тұзаққа iлiнiп қалған екен.
Үйректi Асан:
– Тiрi алып, ойнап баралық, – дедi. Үсен айтты:
– Жоқ, әкем: үйрек, қаз адал құстар, мұқтаждықта құдайтағала бұларды адамға алып, тамақ етуге бұйырады, бiрақ тiрiлей байлап-матап әуре ету обал деп айтушы едi, әуре етпей бауыздап алалық, – деп, манағы жұрттан тауып алған пышақтың сынығымен бауыздап алды.
– Мұнан соң келе-келе жатып, түс ауған уақытта, екеуi бiр өзен-судың бойына жеттi. Су iшiп сусындарын қандырған соң Үсен айтты:
– Ендi бiр тамақ пiсiрiп желiк. Асан:
– От жоқ, неғылып пiсiрiп желiк? – дедi.
Үсен үндемей су жағалап жүгiрiп кетiп, бiр шақпақ тас тауып әкелдi және шапанының бiр кiшкентай жыртылған жерiнен аз ғана мақта суырып алып, оны тастың үстiне қойып, бәрiн бармағына ғана қатты қысып тұрып, манағы пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып едi, от шығып, мақта тұтанды; сонан соң айналасына аз ғана тезек үгiп салып, Үсен өзi отты үрiп тұтандырып жатып, Асанды қу тал жинап алып кел деп жiбердi. Тал келтiрiлген соң от жағып, әуелi жұмыртқаны отқа салып пiсiрдi; онан соң үйректiң жүнiн жұлып, бұтарлап, бiр талдан iстiк iстеп, үйректi отқа қақтады. Пiскен соң екеуi де жесiп, тойып алысты.
Тамағы тойған соң көңiлiнен уайымы шығып, Асан су жағалап жүгiрiп кеттi, бiр мезгiлде дауыстады:
– Үсен, Үсен! Мынау тайыз жерде балықтарды қарашы! – деп.
Үсен оған қарамай баяғы жүрттан тапқан иненi отқа салды. Ине бiраздан соң оттың күшiмен ерiп, қызарды,сол уақытта пышақпен иненi алып, ептеп идi, қармақ iстедi.
Сонан соң Асанды шақырып:
– Сен шегiртке тере бер, – дедi де, өзi манағы қылдан есiп қармаққа бау iстеп байлап, талдан кесiп оған сап iстедi. Сөйтiп, қармағы әбзелiмен даяр болған соң, Үсен суға барып, Асанның жиған шегiрткесiн жемге шаншып, қармағын суға салды. Су әдемi, айнадай таза су екен, iшiндегi ойнаған балықтары көрiнiп жүре-тұғын. Әуелi шабақтар келдi, бiреуi бiр, екеуi екi жемдi иiскеп, тиiп-қашып, жұлқып өтiп жүрдi. Сөйтiп тұрғанда шабақтар дүркiрей келiп қашты. Қараса, бiр шортан келген екен. Ол шортан жемге де қарамай, тәкаппарланып жайымен бұлғаңдап өтiп жүре бердi. Шортан өткен соң манағы бытырап кеткен шабақтар тағы жалма-жан жиылып келiсiп, жемнiң айналасында ойнап, бiрiн-бiрi қуып, жемге де тиiп-қашып, соғып өтiп жүрдi. Сөйтiп тұрғанда, шабақтар және дүркiрей қашып, жоқ боп кеттi. Қараса, бiр бөлек алабұғалар келген екен, жемдi ең бұрын көрген бiреуi тоқталмастан келiп асап келiп қалғанда, Үсен қармақты тартып алып, оны шығарып тастады. Сол қалыпша Үсен бiрталай алабұға алды.
Балықтың алынған қызығына айналып тұрып, балалар күннiң кешке таянып қалғанын аңғармаған да екен. Бiр мезгiлде Үсен күнге қарап:
– Ањ, күн кеш боп қалыпты ғой, жарықта өткел тауып алайық, – деп, қармақпен алған балықтарын бiреуiнiң шапанына орап алып, манағы шақпақ тасын және сабы-бауымен қармағын да қалдырмай алып, ендi өткел iздестi. Бұл турада Үсен кiдiрместен, манағы өздерiнiң түсiп келген сүрлеудiң өткен жерiн тауып алып, сол жерден өте шықты.
Бiраз жүрген соң-ақ күн кеш болды және бiраздан соң ымырт жабылып, жол көрiнбедi. Түн болған соң, балалар екеуi де қорқайын дедi. Сөйтсе де Үсен сыр бiлдiрмей ендi жүрсек адасармыз деп тоқтады, тезек терiп от жақты. Бiраз отырған соң Асан күндiз көп жүрiп шаршаған бала, ұйықтап қалды. Үсен ойлады: әкем айтушы едi: «елдi жердiң ұрысы, далалы жердiң бөрiсi болады» деп, ұйықтамай отқа күндiзгi алған балығын пiсiрiп, ермек етiп отыра бердi; есiтуi бар едi: от жағып отырса, қасқыр келмейдi-мiс деп. Қарап отырса, бiр мезгiлде бiр топ киiк келдi. Олар анадайдан одырайып қарап тұрып-тұрып, өз-өзiнен үркiп жөнелдi. Бiраздан соң құлын, тайы бар бiр үйiр құлан келдi; айғыры алдында басын тiкшитiп, құйрығын шаншып, осқырынып, өзгелерi таңданып қарап тұрды-тұрды да, олар да ша-уып жөнелдi. Бiр мезгiлде жақын жерде қасқыр ұлыды; алысырақта өгiз-шағала адамша шыңғырып, бiресе жылаған балаша, бiресе қарқылдап күлген адамша, әр түрлi дауысқа салды. Үсен түйсiнiңкiреп, бойы мұздап, қолына манағы қармақтың таяғын қысыңқырап ұстап және отыра бердi. Сөйтiп, әр жануарларды көрiп және оттың жарығына жиылған құрт-құмырсқа, көбелектердi қарап, бұл көбелек, қоңыздар неге көрiне өлiм iздеп отқа түсе бередi екен деп, әр түрлi ойларға қалып, сүйенiп жатып, таңды атырды. Күншығыста таң әуел алтынмен бояғандай қызарып, жан-жаққа жайыла-жайыла барып, ақыры қызылы тарап ағара бастағанда, Үсен Асанды да оята бастады: «Жүрер уақыт болды», – деп. Асан далада екенiн ұмытып, үйдегi қалыбынша, жуық арада оянбай ыңырсыса да, Үсен қоймай оятып алып, қасына ертiп жолға шығысты.
Күн сәскеге шейiн жүрiп отырып, сәскеде сүрлеу бiр қатаң шоқаттау жерге түсiп көрiнбей кеттi. Балалар ендi қай жаққа жүрерiн бiлмей дағдарып тұрды. Сөйтiп, жан-жағына қарап тұрса, iлгергi алдында бiр биiк қыр үстiнде, үлкен мола көрiндi. Сонда Үсеннiң ойына әкесiнiң сөзi түстi: далада жүрiп адассаң, молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады дейдi екен. Сол ақыл бойынша Үсен Асанды ертiп, молаға қарай жүрдi. Молаға жақындап келгенде, қаңқылдаған қаздың даусы шықты. Үсен ендi бiлдi жақын жерде көл бар екенiн, оның үшiн қаз сусыз жердi мекен етпейдi. Келiп екеуi ендi молалы қырға шықты, қараса, қырдың жығылар асты үлкен көл екен, көлдiң айналасы да, iшi де жыңылдаған мал; жағасындағы жiбектей жапырылған көкорай қора-қора қой мен жылқы, жылқының бiр парасы көл iшiне кiрiп, белiнен құраққа кiрiп тұр, ендi бiр жақ жағасындағы сортаңда бiр топ түйе жатыр. Бұларды көрiп, балалар қырдан түсiп, жүгiрiп малға келдi. Келсе өз ауылдарының малы екен. Малшылар Асан, Үсендi көрiп, олар да қуанып, бiреуi әке-шешелерiнен сүйiншi сұраймыз деп шауып кеттi, өзгелерi балаларды атқа мiнгiзiп, ауылға алып жүрдi. Жолда келе жатып малшылар айтты:
– Сендердiң жұртта қалғаныңды бiлiп, кешеден ауылдың жан бiткенi iздеуге кетiп едi, – деп.
Нақ бесiн мезгiлiнде балалар аман-есен үйлерiне келiп, әке-шешелерiне қосылды дейдi.
1.Мәтін мазмұнына қандай тақырып сәйкес келеді?
А. Еңбек В. Достық С. Бай,кедей Д. Құрдастар Е. Жалқаулық
2. Мәтіндегі «елді жердің ұрысы, далалы жердің бөрісі болады» деген сөз нені білдіреді?
А. Сезім В. Ұрлық С. Әдеп Д. Қауіп Е. Тіршілік
3. Кейіпкер екіге айрылған сүрлеудің дұрысын таңдауды неден білді?
А. Асан ұшқан құстан В. Үсен ұшқан құстан С. Асан жас малдың тезегінен
Д. Үсен жас малдың тезегінен Е. Асан мен Үсен бүгін жүрген көштің ізі деп
4. Кейіпкер пышақты неге алды?
А. Тауып алғандықтан В. Қызыққандықтан С. Сыйлық болғандықтан Д. Дұрыс жауап жоқ
Е. Керек болып қалуы мүмкін болғандықтан
5. Мәтінде кейіпкерлер неше жұмыртқа тапты?
А. Асан бірнеше жұмыртқа В. Үсен бес жұмыртқа С. Екеуі алты жұмыртқа
Д. Асан алты жұмыртқа Е. Үсен алты жұмыртқа
6. Үсен үйректе не үшін бауыздады?
А. Обал В. Сауап С. Әшейін Д. Әкесі айтқандықтан Е. Асан ойнамасын деп
7. Кейіпкерлер отты қалай тұтатты?
А. Физикалық заңдылық арқылы В. Биологиялық әрекет арқылы
С. Нанотехнология Д. Биохимиялық әркет арқылы Е. Химиялық қоспалар арқылы
8. Мәтінде қандай балықтың түрлері кездесті?
..................................................................................................................................
9. Мәтінде әкесінің баласына үйреткен ақылдары не туралы? Жаз.
...................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
10. Нақ бесін мезгілі қай мезгіл?
А. Түстен кейінгі күннің қақ маңдайға келген шағы В.Ел ұйқыға жатқаннан кейінгі кез
С. Сәскеде Д.Таң бозарып атқанда Е.Күннің түстен ауған шағы
22. Абайдың қандай шығармасында кейіпкер шалды ұрыдан қорғап, ажалдан аман алып қалады?
А. «Масғұт» В. «Әзім әңгімесі» С. «Ескендір» Д. «Сегізаяқ» Е. Қара сөзінде
23. Адамдарды шыдамдылыққа, білімге шақырып, ақылды,қайратты адамға ғылым да мейірлене түсетінін қай шығармасында айтқан?
А. «Масғұт» В. «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» С. «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл»
Д. «Сегізаяқ» Е. «Интернатта оқып жүр»
24. Жас бала анадан туғанда екі мінезбен туатындығы туралы нешінші қарасөзінде айтылған?
А. 19 В. 10 С. 7 Д. 17 Е. 5
25. Абайдың «Күз» өлеңінде қандай әдебиет теориясы кезедеседі?
А. Ирония В. Прототип С. Эпитет Д. Аллегория Е. Архаизмдер
26. Абайдың «Қыс» өлеңінде қандай әдебиет теориясы кездеседі?
А. Ирония В. Прототип С. Эпитет Д. Аллегория Е. Архаизмдер
27. «Шындықты айт, әділдікті жырла! Көне,тозығы жеткен жолға түспе,жаңа жол,даңғыл жолға түс!» деп Жамбылға кім бата берді және даңғыл сөзі нені білдіреді?
А. Сүйінбай, проспект В. Жамбыл,Сайрап жатқан, кең тегіс жол С. Жамбыл, проспект
Д. Сүйінбай, сайрап жатқан, кең тегіс жол Е. Дұрыс жауап жоқ
28. Жамбылдың Абай дәстүрінде жазылған қандай сатирикалық лирикасы бар?
А. «Шағым» В. «Зілді бұйрық» С. «Патша әмірі тарылды» Д. «Жылқышы» Е. «Кәдірбайдың төбеті»
29. Жамбылдың арнау өлеңін тап.
А. «Шағым» В. «Өсиет» С. «Ленинградтық өренім» Д. «Ата жаумен айқастық» Е. «Қазақстан тойына»
30. Ағартушылық идеяны жалғастырған кім?
А. С.Торайғыров В. Жамбыл С. Сүйінбай Д. Нысанбай Е. Махамбет
31. «Қазақ ішінде оқу оқыту жайы қалай» мақаласының авторы?
А. С.Торайғыров В. Ж.Аймауытов С. Ы.Алтынсарин Д. Абай Е. М.Жұмабаев
32. Құрт аурудай жайлаған,
Құртпаққа бізді ойлаған,
Қанымызға тоймаған,
Қолымызды байлаған, - қандай өлең жолдарынан алынған үзінді?
А. «Таныстыру» В. «Алаш ұраны» С. «Кім жазықты» Д. «Адасқан өмір» Е. «Бір адамға»
33 . 1910 ж, Жамбыл. «Шолпан» өлеңдер жинағы нешінші жылы жарық көрді және авторы кім?
А. 1910, Жамбыл Жабаев В. 1912 ж, Мағжан Жұмабаев С. 1914 ж, Жүсіпбек Аймауытов
Д. 1916 ж, Ілияс Жансүгіров Е. 1918 ж, Ғалымжан Ибрагимов
34. Шын хакім,сөзің асыл – баға жетпес
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанды,
Дүние қолын жайып енді күтпес, - кімге арналған өлең? Авторын жаз
...................................................................................................................................
35. «Түркістан» өлеңінің авторы кім?
А. С.Торайғыров В. Ж.Аймауытов С. М.Жұмабаев Д. Абай Е. Жамбыл
36. Жүсіпбек Аймауытовтың бес пьесасын жаз.
.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
37. Ж.Аймауытовтың мұғалімдерге арналған төрт әдістемелік құралдарын жаз.
................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
38. Ж.Аймауытовтың өлеңдері бар ма?
Иә жоқ
39. Қартқожаның өмірлік ұстанымы?
А. Өнерге талпын! В. Адам бол! С. Іздесең,табасың! Д. Оқысаң, білесің!
40. «Қартқожа» романына тиісті кейіпкерлердің атын бос орынға жаз.
.......................... – аз, нашар атаның тұқымы,момын адам,бес уақыт намазын оқып,шүкіршілік етер,иманды адам болса, ал ..................................... – сезімтал,сабырлы,қара басын алыстан ойлайтын қу.
Аты-жөнің: ......................................................................................................................................................................
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40