Химия п?нінен Химия патшалы?ына саяхат атты т?рбие са?аты


Химия патшалығына саяхат
Жүргізуші:
Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар!
Химия патшалығына саяхат атты кешімізге қош келдіңіздер!
Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым-зия,
Жаңалап бірі жаралған.
Химия-ырыс бұлағы,
Шалқыған байлық,мол дәулет.
Аялап күтіп тұр алда
«Болашағымыз-Нұр сәулет.
Аялдама,алға ұмтыл,
Құдіретті біздің ой!
Сенде байлық,сенде ырыс
Сенімен өмір сәнді ғой.
Қызық думан-өміріміз ғаламат!
Қас қаққанша жаңа қала,жаңа бақ!
Қыруар істің қайсысында болса да,
Құдіретті химия жүр аралап.
дей келе, баршаңызды химия патшасының сарайына саяхатқа шақырамыз!
(Осы кезде Ереймен жарлық оқиды)
«Тыңдаңыздар !Тыңдаңыздар!
Химия патшасының сарайында бал болады.Бәріңізді де балға шақырамыз.Келіңіздер,көріңіздер ,бағаларыңызды беріңіздер!»
(Сахна ашылып,элементтер вальсі басталады.)
Ереймен:Аса мәртебелі,химия патшасы өз өнерлерін көрсетуге Органика мен Бейорганика атты ханымдар келіп тұр.
(Органика мен бейорганика айтысады)
Органика:
Көруге химия кешін жиылғандар,
Менделеевке құдайындай сыйынғандар.
Қош келдіңіздер,бүгінгі ғажайыпты
Тамашалау бақыты бұйырғандар.
Органикпін ,несіне жасырайын,
Сенен достым күшімді асырайын.
Органика күшіне химияда
Тұра алар дәті шыдап қасымда кім?
Бейорганика:
Армысыздар,бүгінгі кешті көретіндер.
Химия десе жанын беретіндер.
Химия кереметі жырғып айтам
Сөзіме сенетіндер,көнетіндер.
Есімім-бейорганик,таныстырсам,
Жеңілер деп ойлама жарыстырсаң.
Химияның тірегі мына менмін.
Не қыласың күшіңе қарсы тұрсам?!
Органика:
Органика-өмір, тұрмыс тірегі
Құрамына көміртегі кіреді.
Эфир,шайыр,целлюлоза,бояу да
Мен арқылы өндірісің жүреді.
Ауырсаңдар, дәрі беріп емдеймін.
Крахмал,ақуыз түзілуін жөндеймін.
Полимерден полиэтилен жасаймын.
Өнеркәсіп,отын көзі мен деймін.
Машинаға мен керекпін қараңыз.
Менен болар шырпы,қалам, балауыз.
Талшық,каучук,спирт,қышқыл беремін.
Мені оқыңыз,жеткенінше санаңыз.
Бейорганика:
Тыңайтқыш өсімдікке бағалы,
Менен болат және шойын алады
Сода,шыны, цемент,әктас беремін
Тұзсыз дәмі кіруші ме еді тағамның?
Мақтанасың сен бекерге басқа ұрып,
Уланудан дерт те кетті асқынып,
Спиртіңнен арақ-шарап өндіріп,
Адамдарды «алқаш» еттің мас қылып.
Органика:
Көйлек киер мода қуып қыздарың
«Маскүнем» деп,балағаттап қызбағын.
Пайдаң қайсы,мақтағанда тигізген .
Аралыңды басып жатыр тұздарың
Мұнайым бар май сияқты сұйықпын,
Талайыңнан ағзасыздар биікпін.
Өңдегенде түсім берем он түрлі
Өз бойыма көп қасиет жиыппын.
Бейорганика:
Титанымды ғарышта қолданады,
Жұтсаң-ауа,ішсең –су қолда бары,
Алтын,күміс,платина,асыл газдар-
Тұнып тұрған байлыққа көз болады.
Әрқашанда ашық ғылым қақпасы,
Көп мақтанып,кеудеңізді қақпашы.
Қайсымыздың пайдамыз көп өмірге
Төрелігін берсін химия патшасы.
Химия патшасы:
Органика,Бейорганика!
Дауласудың қажеті жоқ,екеуің де өмір тірегісіңдер.
Ереймен:
Химия патшалығының үштен екі бөлігіне билігі жүретін,премьер министр
Сутегі мырза:
Сутегімін,судың арғы тегімін
Суда нашар,металда жақсы еримін.
Түссіз,иіссіз,дәмсіз газбын ежелден
Серігімін оттегі атты серінің.
Жалыныммен металдарды кеседі,
Менімен болар қандай істің есебі.
Кавендичтің көргенімен ашылдым,
Адам суды өмір нәрі деседі.
Жүйеде де бірінші мен тұрамын,
Сыңарыммен бірге әркез тұрағым.
Массам да бір,тек бірінші келемін
Мен боламын сылдыраған бұлағың.
Он төрт есе жеңілмін ауадан,
Он алты процент жер бетіне тараған.
Тіршіліктің тынысы су да боламын
Ішіп жүрген уақытында қалаған.
Химия патшалығындағы батыр металлдар Маркиз Магний және Лорд Кальций .
Маркиз Магний:
Мен магний-күміс түсті металмын,
Көп жағдайда магнезия аталдым.
Жапырақта хлорофилді түзуші,
Тіршіліктің көзі болып кете алдым.
Жануарда,адамдар да бармын мен
Талай снаряд,бомбаларды жардым мен.
Ұшақтар мен ракеталар жасадым,
Сөйтіп мәңгі тарихта қалдым мен .
Қайткенде де болашағым мол менің
Полиграфия да артты маған зор сенім.
Тіршіліктің тірегімін,көзімін
Дұрыс болар есте сақтап сенгенің.
Лорд кальций:
Кальций деген күміс түсті металмын
Өмір бойы керегіңе жете алдым
Менмін-ақ бор,әктас,мәрмәр,ғанышпен
Тіршілікке қажет металл аталдым.
Қыртысында жердің мен кездесем,
Артық болмас «жер металы» мен десем.
Ғарыштағы ракетада,ұшақтан
Қолтаңбамды табасың сен іздесең .
Жануардың бақалшағы,қаңқасы
Жер бетінің минералды әр тасы
Сан құрылыстың мен сәулеті негізі
Қаланады менен ғана ойланшы.
Галогендер Ханзадасы:
Ауыз суда үлесім болмай қалса,
Дерт қармайды ,көңіл - күй болмайды аса
Жасыл түспен кездессем, жеке дара-
Улы затпын,абайла,қолдан шара.
Натриймен қосылсам-тұз боламын,
Менсіз дәмі келмейді ас,тағамның.
Түссіз етіп матаны,қағазды да
Пайдасына жараймын барша жанның
Дәрі-дәрмек,киноға материалмын,
Көл түбінде тұз болса мен де бармын.
Мен қосылсам,бензин де жақсарады.
Бар қажетін адамзат атқарамын.
Пайда болса жарақат денеңізде
Алаң болмай басқаға мені ізде
Ас тұзына шамалы менен қосып,
Алқым ауруын жоярсыз сіз ілезде
Галоген деп атайды бәрімізді,
Жетінші топ орнымыз жүйедегі .
Зерттеп жатыр ғалымдар әлі бізді
Пайдамызға адамзат сүйенеді.
Алюминий-Ханшайым:
Боксит,корунт,креолит,силикаттар
Кендерінің құрамында алюмин бар.
Ақ металмын жеп-жеңіл қаға –жақтай,
Қасиетім көп мені жұртым мақтар
Амфотерлі металмын,сырым анық
Қасиетіме боларсың,өзің қанық
Қосылыста тұз берем,негіз берем
Қоспаларым тым берік-алғын танып
Ұшаққа сан алуан бөлшек болам,
Ток жүретін сым үшін қолданылам,
Троллейбус,автобустар корпусымын
Ханзада,міне,менің сырымды ұғын.
Инертті газдар:Тағамдарды сүрмелеп
Металдарды өңдеуге,
Атом қалпы гелий керек
Реттеуге,жөндеуге.
Криптон,аргон,ксенон,
Инертті газ барлығы.
Кеме,ұшақ хабаршысы оң-
Неон жаққан жарығы
Инертті газ-асыл газдар
Тамамдайды жүйені
Активтігі кем болса да
Үрдістердің тірегі
Көгілдір-көк-аргон түсті,
Қызыл жарық-неонда
Түтіктегі жарық түсін
Саралай біл әманда.
Бұл газдарды білу керек-
Білім қымбат өмірде.
Сырын түсін,ойлан- дер ек,
Мәнін түйіп көңілге.
Айтыс аяқтала бере сахнаға галогендер патшалығынан Фтор-кемпір кірді.Ол ертегі айтып, жұрт назарын өзіне қаратты.
Бағзы бір заманда Инерт патшалығы Жердегі элементтерге өкпелеп,Күн жүйесіндегі Юпитер ғаламшарына кетіп қалыпты.Күндердің күнінде Инерт патша өзінің қызы Гелий аруды тұрмысқа бермекші болады.Сонымен Инерт патша жарлық шығарды...
Тыңдаңыздар!!!
Кімде-кім Инерт патшаның қызы Гелий ханшайымның үш жұмбағын шешсе, сол Гелий ханшайымның өмірлік жолдасы болады.
Осы кезде Жер ғаламшарында Титан атты металл өмір сүреді...
Осы жарлық Титанның құлағына жетіп,Титан Гелий ханшайымды алуға құмартады.Жатса да,тұрса да нәзік Гелий есінен кетер емес. «Жоқ,бұлай болмас»,деп Титан ханшайымды Юпитер ғаламшарына іздеп шығады.Қараса ,бір металл тұр.Қуанып кеткендігі соншалықты,металға қалай жүгіріп барғанын сезген жоқ.
Бұл металл Магний еді...
-Ау,бауырым!Металсың ба?
-Металмын!
-Жерденсің бе?
-Жерденмін!
-Метал-ау,екеуміз Жерлес екенбіз ғой!
-Ия,бұл патшалыққа сені не айдап келді?
-Патшаларың қызын берейін деп жатыр екен ғой !Соны естіп келдім.
-Ой,сенде сондай ауруға шалдыққансың ба?
-Иә.
-Бауырым-ау,күйіп кетесің ғой!Жүрші,металдарша сөйлесіп келейік!
-Металл-ау!Күйіп кетесің ғой!Неғыласың ондай қызды?
-Қазір Жерде бай да,сұлу да қыз жоқ.Ойлашы,ол байдың қызы ғой! Оны алсам, мен де байып қалмаймын ба?Қорықпа менің әулие кітабым бар.(Титан Хомченконың «Химия» кітабын көрсетеді.)
-Өзің де қайтпас жан екенсің.
Екеуі Гелий аруға барады.Титан Гелиймен амандасады.
Гелий ханшайым (орнынан тұрып):
-Сіз менің үш шарт қоятынымды білетін боларсыз.Дайындалыңыз. Титан қолына Хомченконың кітабын алды...Оны көрген Гелий ару:
-Бұл жерде қолданба құралға жол жоқ.Ксенон мырза қолданба құралдың көзін жоғалтыңыз!–деді бұйырып.
Гелий ханшайым.
1-СҰРАҚ.-Титан мырза,біздің елде инертті газдар ешқашан жұптаспайды,жеке дара, өз күнін өзі көреді.Сіздерде қалай?Жер ғаламшарында тіршілік ететін галогендер жайлы не айтар едіңіз?
Титан мырза.
-Ләппай,Күннен де сұлу аруым-Гелий,ғаламшардағы галогендер қосарланып,жұптасып өмір сүруді ұнатады.Дара қалған саяқтары ашу-ызаға булығып,улы келеді.
Инертті газдар(аргон,ксенон,неон,радон) орындарынан ұшып тұрып:
-Тапты,тапты,тапты!-десіп дүрлігеді.
Гелий ханшайым.
-Несіне мәз болдыңдар.Менің тағы да сұрағым бар емес пе?
2-СҰРАҚ.-Титан мырза,бір сұраққа жауап бердім деп масаттанба.Біз күн ғаламшарының тұрғынымыз –оның температурасының қанша екенін білетін боларсыз,солай бола тұрса да сұйық күйімде 268,9℃ -та қайнаймын.Күннің алапат қызуына төзе аласыз ба?
Титан мырза.-Мен ғарыштық металмын,балқу температурамның 1665℃ екенін айтсам,сұрағыңызға қайтарған жауабым болар деген үміттемін.
Гелий ханшайым.
-Құп , солай-ақ болсын,дегенмен біздің елде құрметті қонаққа шарап ұсыну дәстүрі бар еді,соған орай мына екі кеседегі шарапты алып,сырын ашып берсеңіз,3-сұрақты да шешкеніңіз (екі кесе сұйықтықты Титанға ұсынады).
Титан мырза қандай шешім қабылдаса дұрыс болатынын ойлап,біраз үнсіз отырады да ,екі кеседегі сұйықтықты екі қолына ұстап,әлде "Ішіп алсам ба екен,әлде екеуін неде болса араластырып жіберсем қайтеді»,дейді де кеселердегі сұйықтықты біріне –бірін құйып,араластырады.
Гелий ханшайым.-Иә бұдан не шықты-түсіндіріңіз.
Титан мырза.
Бірінші ыдыста сілті,екінші ыдыста индикатор-фенолфталин болды деп ойлаймын.
Екеуін араластырғанда сілтілік орта әсерінен таңқурай түс пайда болды.Сұрағыңыз шешілді білем.
Аргон,Ксенон,Неон,Радон бар дауыстарымен айғайлап:
-Шешті,шешті,шешті-десті.
Гелий ханшайым мойындаған белгі берді.Титан мырза Гелий аруға химиялық жолмен алынған гүл шоғын ұсынды.Сөйтіп Күн аруы Гелийге Жер ханзадасы-Титан үйленіпті.Үйлену тойында Магний болып, «Бағытынан таймайтын Титан мырза дегеніне жетті,маған да үлес тиетін болар» деген дәмемен екі жастың отыз күн ойынын,қырық күн тойын жасатыпты.Ал бағалы газдар:Аргон,Ксенон,Неон,Радондар: «Не бай,не құдай алмайтын отырған қыздан құтылдық!»десіп мәз болыпты. «Сөйтіп менің де ертегім болды»-деп қорытыпты өз сөзін Фтор кемпір.
Өмірге әр ғылым керегін ұғыңдар
Қараңдар,жараңдар,химиядай ғылым бар..
Ғылыммен осындай кеңейер білімің,
Ғылымның зер салып,зерттеңдер сырын әр!
Химия айналдым,көп уақыт ойландым...
Ақыры ұғындым мән- жайын пайдаңның,
Химия ырыс қой ,түсінсең пайдасын
Қызметі өрлесін,маңызын жоймасын!
Атом-бомба полигон жарғызбасын...
Адамзатты қылмысқа барғызбасын...
Жамандыққа қолданып химияны,
Басымызға азапты салғызбасын.
Кешке қатысқан оқушылар сахнаға топталып,барлығы хормен кештің аяқталғанын былай хабарлайды:
Біраз болды химияны меңгердік,
Алғашқыда түсіне алмай сенделдік.
Гүлнар апай химияны үйретіп,
Мендеелев атамызға теңделдік.
Достар,достар, кетсек те біз есейіп,
-Химияның қызығын бір кешейік.
Таза ауа,мөлдір су,қойнауы бай,
Баурайында табиғаттың кездесейік!