Бір бірімізге ?уаныш сыйлау сыныптан тыс іс — шара


Тақырыбы: Бір-бірімізге күлкі мен қуаныш сыйлаймыз.
Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы өз өзіне қол жұмсауды болдырмау;
Жасөспірімдердің өмірге деген құштарлығын арттыру;
Қолдағы бар «байлығымызды» құрметтеп, қастерлей білуге тәрбиелеу;
Қатысатын сыныптар: ____________________________
Өтілетін орны: ____________________________
Өтілетін мерзімі: ___________________________
Сабақтың барысы:
Балалар, бүгін біз ерекше тапсырмалар орындаймыз. Өзіңізге қалай сенсеңіз маған да солай сенуіңізді сұраймын. Себебі бұл тек екеуіміздің арамыздағы құпиямыз болып қалсын, партада көрші отырған достарыңа да көрсетпей жазуларыңызды сұраймын. Мен құпияларыңды ешкімге жария етпеуге сөз беремін.
1. Ал, балалар, мына жарық дүниеге келгелі әрқайсымыздың ең бір аса ерекше жақсы көретін тағамдарымыз бар. Кейде ойлайсың мен осы сүйікті тағамымды қанша жесем де ешқашан шығып кетпейтін шығармын деп. Келіңдер, ендеше, сол сүйікті тағамдарымыздың атауларын тізіп жазып шығайық.
Мысалы: Шоколад «Несквик», торт «Сказка», балмұздақ, манты, т.с.с.
(Балалар өзі қалаған тағамдарын парақтың бетіне жазып шығады. 10 минут)
2. Ал енді балалар, жазып болған болсаңдар, біздің өмірімізге сән келтіретін көптеген заттар бар. Олар: түрлі сәнді киімдер, кеңсе заттары, үй жиһаздары, автокөлік, муз. аппаратура, жақсы кітап, дисктер, т.б.с.с. жаныңа жағымды заттар. Ендеше қазір өзің алуды армандап жүрген, сол сенің ерекше көңіліңді көтеретін заттарды атап тізіп жазып шығайық.
(Балалар өзі армандап жүрген заттарын парақтың бетіне жазып шығады. 10 минут)3. Қане, балалар, жазып болдыңыздар ма? Енді айналамыздағы қоршаған ортада Сені көргенде ерекше қуанатын, саған әрқашан тек жақсылық тілейтін құрбың, сүйіктің, аға-әпкелерің, достарың, бар. 3-абзацтан бастап солардың аттарын ең сүйікті адаман бастап тізіп жазып шығайық. Мысалы: Марат, Ерғали, Айгүл досым, Мұхит ағам, т.с.с.
(Балалар өзінің сүйіктілері мен жақсы көретін адамдардың аттарын парақтың бетіне жазып шығады. 10 минут).
Енді, балалар, жазғандарымызға бір көз жүгіртіп алайықшы. Көрдіңдер ме, балалар, біздің жақсы көретін көптеген заттарымыз, тағамдарымыз, бізді сүйетін, біз сүйетін адамдарымыз бар екен. Ендеше, бүгіннен бастап біз осы сүйіктіміз үшін, жақсы көретін адамдарымыз үшін біз бүгінгіден де жақсы оқитын, тәртіпті, білімді болуға тырысайық. Себебі білімді адам ғана өз арманына тез қол жеткізе алады. Келешекте үлкен азамат болып, жақсы маман болып, орындалмаған армандарың сендердің балаларыңда қайталанбауын қамтамасыз етіңдер.
Тап қазір әрбіріміз бір-біріміздің сәл болса да көңілімізді көтеру үшін ешқайда бармай, тегін не сыйлай аламыз? Әрине - күлкі. Қане бір-бірімізге қарап өмір сүру қандай керемет деген оймен күлкі сыйлайықшы. Сендердің осы мектепте оқығандарыңа, мен сендермен таныс болып бірге жұмыс жасағанымызға мен өте қуаныштымын.
Менімен ой бөлісіп, тыңдағандарыңызға рахмет.