12-?ырк?йектен 12-?азан аралы?ында ?ткен «Мемлекеттік р?міздер – ма?танышым» айлы?ыны? ?тілуі туралы м?лімет.


"Теректі орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2016 – 2017 оқу жылы
12-қыркүйектен 12-қазан аралығында өткен
«Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым»
айлығының өтілуі туралы мәлімет.
Теректі орта мектебінде 2016 жылдың 12-қыркүйектен 12-қазан аралығында «Мемлекеттік рәміздер– мақтанышым» атты айлық өткізілді. Аталған айлықты өткізуге жоспарланған барлық іс – шаралар толық атқарылды және өз нәтижелерін көрсете білді. Айлық барысында 1 – 11 сыныптар арасында әрбір сынып жетекшілері Қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке, Қазақстан Республикасының Рәміздерін дәріптеу, құрметтеу мақсатында тәрбие сабақтарын өткізді. 10 қазанда 1 – 11 сынып оқушылары арасында "Мен өз елімнің патриотымын" тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды. Айлықта бастауыш сыныптарының мұғалімдері ҚР мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихын оқып үйретіп, таныстырды. Тарих пәні мұғалімі Игликова Ж.Б „Мәңгілік Ел рәміздері" 6-7 сынып оқушыларының арасында сауалнама ұйымдастырды. 3 – қазанда тіл мамандардың ұйымдастыруымен „Мемлекеттік Рәміздер-ұлт мақтанышы" тақырыбында 8-9 сынып оқушыларының арасында сырттай шығарма байқауын өткізді. Байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды. Тарих пәні мұғалімі Қасен Д. ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттау мақсатында 10-11 сынып окушыларының арасында „100" сұрақ сайысын өткізді. Айлықтың барысында ата-аналармен мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында іс- шаралар өткізілді. Айлық барысында мектеп кітапханасында кітапханашы Шорина О.Ф. – ның ұйымдастыруымен мемлекеттік рәміздерді насихаттайтын материалдар, көрнекіліктер көрмеге қойылды. Атқарылған іс-шаралар өз нәтижесін берді.
Мектеп директоры Н.Ластоверов
Орын.: Х.Асхар
Тел.:4-80-12