«Ма?атаев пен Есенин о?улары» атты ?алалы? жас а?ындар м?ш?йрасыны? ашылуы



Қазақ халқы мен орыс халқының ақиық ақындарына арналған «Мақатаев пен Есенин оқулары» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасының ашылуы
 
1-жүргізуші: 
Бәрі есімде мекен-жай, тұрағым да,
         Тек есте жоқ күлдім бе, жыладым ба?
         Балалық шақ жармасып жүретұғын,
         Өгіз жеккен соқаның құлағында.
 
         Қарсы жауға біз де шықтық түренмен.
         Аңыздардан тере жүріп масақты.
         Рас, рас көзімізден жас ақты.
         Бірақ, со бір дауыл жылдар, от жылдар,
         Бәрімізден бір-бір батыр жасапты.
2-жүргізуші: 
Родился я с песнями в травном одеяле.
        Зори меня вешние в радугу свивали.
        Вырос я до зрелости, внук купальской ночи,
        Сутепень колдовная счастье мне пророчит.
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті өлең сүйер,өнер сүйер қонақтар,білім алушылар, ұстаздар! Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар коллджінде өткелі отырған қазақ халқы мен орыс халқының ақиық ақындарына арналған «Мақатаев пен Есенин оқулары» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: 
-Здраствуйте, дорогие гости! Для знакомства с творчеством великого казахского поэта Мукагали Макатаева и знаменитого русского поэта Сергея Есенина, мы решили провести конкурс молодых чтецов и поэтов.Мы рады приветствовать вас в нашем городском конкурсе!
1-жүргізуші:
Таудай едің, таудың алып тумасы
Нағыз қазақ едің сөздің турасы.
Қыр басында нағып шөгіп жатырсың,
Ей, өлеңнің буырқанған бурасы.
2-жүргізуші: 
Быть поэтом – это значит то же,Если правды жизни не нарушить,Рубцевать себя по нежной коже,Кровью чувств ласкать чужие души.
1-жүргізуші:
Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклдық комиссиясы бұл байқауды  колледж білім алушылары арасында қос ақын шығармаларының мұңды да, сырлы, сан қырлы жырларын оқу арқылы рухани азық алуға бағыттау; тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында өткізіп отыр.
Мұқағали оқулары екі номинация бойынша өтеді:
1.Қасиетіңнен қара өлең, айналайын. (Мұқағалидың өлеңдерін жатқа айту)
2.Болашағым, сен барда мен өлмеспін. (Жас ақындар шығармашылығы М.Мақатавқа арналған өлеңдерін оқу)
Мұқағали оқулары әдістемелік кабинетте өткізіледі.
2-жүргізуші:
Основная задача конкурса: пропаганда стихов Мукагали Макатаева и Сергея Есенина среди студентов колледжей города. Развить творческие способности, эстетический вкус, культуру чувств презентабельности молодежи. Вырабатывать навык гармонизовать палитру и благозвучие слово.
I – номинация конкурса «Художественное чтение» ( Участники читают стихотворения поэта С.Есенина наизусть)  
IІ – номинация конкурса «Молодые поэты» (участники конкурса читают свои стихи посвященные С.Есенину)
«Чтение Есенина» будет проходить в 302 кабинете.
1-жүргізуші:
Байқау шарттары:
-Оқылатын мәтін көлемі 7 минуттан аспау керек;
-Дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;
-Талапкерлер сарапқа ұсынуға таңдап алған мәтіндерді жатқа білулері қажет.
2-жүргізуші:
- Қазақ халқы мен орыс халқының ақиық ақындарына арналған «Мақатаев пен Есенин оқулары» атты қалалық жас ақындар байқауына қатысушыларды таныстырып өтейік:
-
-
-
-
-
-
-
1-жүргізуші:
-Бүгінгі өз колледждерінің намысын қорғап келіп отырған білім алушыларға сәттілік тілей отырып, жыр додасына әділ жүргізетін сарапшы әділ-қазыларды таныстырып өтейік.
«Мұқағали оқуларын» бағалайтын әділқазылар:
1.
2.
3.
1-жүргізуші:
Жюри которые будут оценивать «Чтение Есенина»
1.
2.
3.
2-жүргізуші:
-Бүгін қазақтың қара өлеңінің құдіреті Мұқағали Мақатаев пен орыстың ірі ақындарының бірі Сергей Алексендрович Есенин шығармаларын жатқа айту мен екі ақынның ақындық тұлғасын жырлайтын жас ақындарға сәттілік тілей отырып байқауымызды бастаймыз!
Қазақ халқы мен орыс халқының ақиық ақындарына арналған «Мақатаев пен Есенин оқулары» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасының жабылуы
1-Жүргізуші:
            -Қазақ халқы мен орыс халқының ақиық ақындарына арналған «Мақатаев пен Есенин оқулары» өз мәресіне жетті.Екеуінің бойында тоғысып жатқан асыл қасиеттері мен ұқсастықтарын М.Мақатаевтың осы өлең жолдарынан байқауға болады
                            С.ЕсенингеӘй, Сергей!
Сергей, Сергей, Сергей, Сергей!
Түстім-ау сергелдеңге мен де сендей.
Аулаққа тым аулаққа кеттім білем,
Жаны ашып, ақыл берген елге сенбей.-деп 
Мен дағы сол жақтанмын,
Ауылданмын,
Ауылдың ауруымен ауырғанмын.
Өзіңді Мәскеу қалай қабылдаса,
Алматы мені солай қабылдады.
 
Менің де өкіндірер өткенім көпАтқа міндім, алысып теппедім доп.
Мен дағы малды сүйем, итті сүйем,
Інімнің маңдайынан шерткенім жоқ.
 
Шаршағанда ширығам шарап ішіп,
Саған ұқсап менің де жанады ішім.
Құлағыма сыбырлап «құран» оқып,
Иектейді мені де «қара кісі».
 
Мен де сендей, Серега, күмәндамын,
Жыр азабын тартамын, тіл азабын.
Туған ауыл, туған жұрт қайда барсам,
Қайда барсам- қасымда Рязаным...
 
Әй, Сергей!
Сергей,Сергей,Сергей,Сергей!
Бір ауылдан екенбіз мен де, сен де.
Басым сынып барады, басым сынып,
Жөндесем де болмайды емдесем де.
Ведущий: Конечно, замечательные произведения этих поэтов своеобразны и неповторимы. Но вместе с тем их лирика созвучна,у них много общего: тема родины, тема природы, их мысли о месте поэта в жизни народа.
 1-Жүргізуші:
Барлық адамзаттың мәңгілік тақырыбына айналған Отан,жер,табиғат махаббат тақырыбында қалам тербемеген, жырламаған ақын- жазушы сірә да жоқ шығар. Бүгінгі байқауда осы тақырыптардың бәрі де қамтылды.Енді байқауға қатысушылардың өнерін бағалайтын да сәт жетті.
1-Жүргізуші: 
Қорытынды сөз кезегі әділ-қазы алқасына беріледі.
Қазақ халқының ақиық ақынына арналған «Мақатаев оқулары» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасының тіркеу парағы
(1 номинация –жатқа оқу)
№ Қатысушының аты-жөні номинациясы
Колледж атауы жетекшісі
Орыс халқының ақиық ақынына арналған «Есенин оқулары» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасының тіркеу парағы
(2 номинация –арнау)
№ Қатысушының аты-жөні номинациясы Колледж атауы жетекшісі
Қазақ халқының ақиық ақынына арналған «Мақатаев оқулары» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасының тіркеу парағы
(2 номинация –арнау)
№ Қатысушының аты-жөні номинациясы
Колледж атауы жетекшісі
Орыс халқының ақиық ақынына арналған «Есенин оқулары» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасының тіркеу парағы
(1 номинация –жатқа айту)
№ Қатысушының аты-жөні номинациясы Колледж атауы жетекшісі