М??гі ?лмес жырыменен із ?алдыр?ан


Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған
(М. Мақатаевтың 85 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш)
Мақсаты:
Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу.
М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі:
Залды шарлармен безендіру. Ақынның портреті, интербелсенді тақта, үнтаспа, шағын көрме, буклет, автордың кітаптары.
(Кеш хабарланбастан «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы арқылы ашылады.
Көрініс аяқталған соң «Көнеміз ғой» әні орындалады.
Мұқағалидың өз оқуындағы «Есіңе мені алғайсың» өлеңі қосылады.)
Жүргізуші:армысыздар
Сырым да - осы,Жырым да - осы,Алдыңда.Байқашы бірБықсыдым ба, жандым ба?Махаңдар жоқ,Махаңдардың сарқыты -Мұқағали Мақатаев бар мұнда,- деп бір күндік сәуледей ағып өткен ақиық ақын М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған» атты әдеби-сазды кешімізді қош келдіңіздер.
ЛАУРА
Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам?Арма, өмір, бар әлемді баурына алып шайқаған!Әрбір әрпі қанға шомған тарихына қараңдар,Отырардай опат болған қала жоқ па, жараңдар?Тату-тәтті бармысындар, армысыңдар, Адамдар!Әлем - дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар,Қорған емес, салтанатты, сәнді сарай соғыңдар.Ей, Адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!Анамыз - Жер, сол Анадан жаратылдық, туыстық,Алайда біз қан да төктік, қалжырадық, ұрыстық...Армысың, сен, арамызда жалғыз перзент - Тыныштық!
Жүргізуші:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.   
Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты.
Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын  тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын.
Таулар, таулар, тауларым-ай! Сағынысып қаппыз ғой тарланым –ай! Таудағыдай еш жерде күн шықпайды,Түн болмайды еш жерде таудағыдай. Тау менің несібеме тиіпті ерек, Мендегі шаттық бөлек, күйік бөлек. Ақсақалдар: - Таудай бол –дейтін маған, Таудай болғым келеді биік керек. Осылайша тереңнен толғаған сыршыл ақын өмірден өз биігін іздеумен өтті. Ол биігі – Туған халқы, Ана тілі, Атаменкені. («Үш бақытым», «Туған жерге», «Қайырлы түн», «Күнін сүйем»өлеңдері оқылады)
8 «А» класс оқушысы Набиева Назкеннің орындауында «Сарыжайлау» әні
Жүргізуші:
Өмір дегенге Тірлікте сірә жетер ме ой!Жарық сәуледен Басқаның бәрі бекер ғой, Бекер ғой бәрі, бөтен ғой, Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой!
Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы. Халық көңілін сусындатқан, ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы, тірршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жыр етеді.
( «Пай-пай өмір», «Ей, өмір» өлеңдері оқылады)
6 «а» класс оқушыларының орындауында «Бақыт деген» әні
Жүргізуші:
Анасына өлең арнамаған, анасын жырға қоспаған ақын бар ма бұл дүниеде? Мұқағали да анасына деген махаббатын балалық мөлдір сезіммен тебірене жеткізді. Ақындар өмірге, анаға, балаға да ғашық бола біледі. Мұқағали бірде
«Өткенде түс көрдім. Шешем басында ақ жаулығы бар Абай атамыздың қасынан қуана басып маған қарай күліп келе жатыр.Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен» дейді. Ұзақ толғаныстан «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келді. Мұқағалидың анасы туралы сөз қозғағанда әжесі Тиынды айтпай кетуге болмайды.
... Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
Ақ кимешек жоғалса... нені көрем? – деп өзі жырлағандай, Мұқағали ер мінезді, айбынды әжесін ерекше құрметтеген.
(Әдемі «ана», «Әже»)
Ән «Бесік басында» Ж. Орынбасарова
Жүргізуші:
Ғашықтық па? 
Ғашық та бола білгем. Бір-ақ жанға ғашықпын бала күннен, Жанымменен сүйемін,жанарыммен. 
Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жок десек
артық айтқандық емес. Махаббат мәселесі, бұл – мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін өзінің ішкі жан дүниесін әрқалай шығарады. Мұқағалидың сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш – бір үміт, бір өкініш – бір күдік болатыны жасырын емес
(Маржан мен Мират, Санат)
Ән «Сенің көзің» Нұрдаулет, Әсем
«Ұнатамын» Арай, Бота, Назерке
Жүргізуші:
Қазынам бар 
Біреуге берсем бе екен?
Өкпелейді-ау бермесем,
Берсем, бөтен.
Бар байлықты қойныма тығып алып,
Әлде мына құмардай өлсем бе екен?
Әрине, Мұқағалидың қазынасы да өлең, досы да өлең.
(Мадина, Назерке)
Жүргізуші:
Өздеріңіз жылда «Мұқағали оқулары » байқауы өтетінін білесіздер. Биылғы жылы осы байқауға 9 «А» класының оқушысы Абилова Маржан қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленіп қайтты. Маржан Мұқағалидың екі поэмасын, 50 шақты өлеңін жатқа біледі. Маржанды шақырайық бізге бірнеше өлеңін оқып берсін.
Жүргізуші:
Бүгінде Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқымайтын қазақ жоқ шығар. Оның нәзік поэзиясы жырсүйер әр жанның жүректерінен ойып орын алды. Бұл Мұқағали жырларының мәңгілік екендігін көрсетеді. Біздің арамызда да кешімізге арнайы келіп отырған қонақтарымыз бар. Ол кісілерді ортаға шақырғым келіп тұр.
(«Поэзия» Ләззат, « » Еламанның мамасы, Мира)
Ән «Арулар», «Есіне мені алғайсың» Назкеннің мамасы
Гүлсезім «Мұқағалиға арнау»
Жүргізуші:
Дәстүрлі қазақ қоғамында үйге келген қонақты құрметтеп, ауылдың алты ауызымен көңілін көтеруге тырысқан. Ал, содан соң келген қонақты қолқалап, “қонақкәде” сұраған. Мен де сіздерден қонақкәде сұрайын деп тұрмын.
(Оқушылар мен ұстаздар арасынан шығып оқиды.)
Жүргізуші:
Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймыз.
Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер! Ендігі жерде ақынның сыр сандығын ақтарып, оны өсу мен өркендеудің ұлағатты үрдісіне лайықты пайдалану міндеті бәріміздің еншімізде қалып отыр. Мұқағалидай ақыны бар халық- бақытты халық!
Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір! Мұқағали - ұрпаққа мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған ақын
Бүгінгі поэзия кешіне қатысқан барлық оқушылар мен ата- аналарға алғысымды білдіремін. (ата- аналарға алғыс білдіру)
«Күрең күз»
Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды.
Қош сау, болыңыздар!