«Ж?зден ж?йрік,мы?нан т?лпар» математикалык бай?ау


Беисова Гүлнар Ақылбайқызы
«Ж.Жапаров атындағы орта мектеп МДШО мен» КММ
Сабақтың тақырыбы:
«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» математикалык байқау
Сабақтың мақсаты:
білімділік: алгебра, геометрия пәндерінен оқушылардың білім дәрежесін салыстыру, өткенді қайталап, еске түсіру.
тәрбиелілік: математикалық сайыс арқылы сынып арасындағы байланысты нығайту, ұйымшылдыққа, ізденімпаздылыққа үйрету, белсенділігін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттырып, творчестволық дамуын қалыптастыру.
дамытушылық: есептің ұтымды жолын таба білу; практика мен теорияның арасындағы байланыс, жылдам есептеуге үйрету, басқа пәндермен байланыс және алгебра мен геометрия есептерін аралас шығара отырып ЕНТ-ға дайындық жүргізу
Сабақтың міндеттері:
Өтілген негізгі тақырыптарға есептер шығару арқылы қайталау.
Логикалық тапсырмалар орындату.
Викториналық сұрақтарға жауап беру.
Сабақтың көрнекілігі:
«Математикалық сайыс» атты тақырып жазылған плакат;
Екі топтың «Қырандар», «Жас талапкер» атты газеттері;
Шарлар;
Цитаталар:
а)«Математика-барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика- математика патшасы» К.Гаусс.
б)«Ақын жанды болмасаң, математик те бола алмайсың»
С.В Ковалевская.
5. Оқушылар құрастырған фильм;
6. Интерактивтік тақта;
7. Есептер жазылған карточкалар.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдісі : Cұрақ – жауап әдісі.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1 топ :
«Қырандар» 9а сынып оқушылары
2 топ :
«Жас талапкер» 10 а сынып оқушы
Жюри мүшелері:
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.
математика пәні мұғалімі.
М.О. жетекшісі.
Сыныптың қалған оқушылары 2 топқа бөліп отырғызылды. Өйткені оларға да теориялық материалдан сұрақтар берілді.

Математикалық сайыстың мақсаты мен өтілуі барысы таныстырылады;
Әр топ өзінің құрамдағы оқушыларды таныстырады;
2 дана болып жазылған әр есепті пән мұғалімі топтарға таратып отырады.
Есептің берілгені жарияланып отырылады.
Әр топтың жанкүйелері де шығарып отырады. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Күрделі есептердің кезінде 2-3 минут уақыт беріліп, ол кезде әр топтың жанкүйерлерімен ойындар ойналды. «Жаңылмаймын» және «жылдам санау» ойындары.

Әр есептің жауабы жюри мүшелеріне беріліп отырады. Қай топтың жауабы дұрыс болмайды, сол топтан 1 оқушы сайыстан шығып отырады. Осылайша оқушылардың саны кему арқылы ең соңында
сайыс аяқталады. Жанкүйерлерге теориялық материалдар бойынша сұрақтар беріледі.
1-тапсырма:
1.Теңдеулер жүйесін шешіңдер:
x² + y = 25
x² - y = 7 Жауабы:
2. a (-3;4) векторы берілген. а веторының ұзындығын табыңдар.
3. 3;7;11;... арифметикалық прогрессияның алтыншы мүшесі және алты мүшесінің қосындысын табыңдар.
4. Үшбұрыштың қабырғаларының қатынасы 3:5:6 қатынасындай.
Оған ұқсас 2-ші үшбұрыштың периметрі 4,2 дм. 2-ші үшбұрыштың қабырғаларын табығдар.
5. в₁ =6; q=2 болса, онда геометриялық прогрессияның алғашқы
бес мүшесінің қосындысын табыңдар.
6. Таңбасын анықта:
а) sin(-230˚) ә) cos(-120) б) tg 280˚
6. Бір сан екіншісінен 4-ке артық; ал олардың көбейтідісі 165. Осы
сандарды тап
7. 1\5-дің 10%-ін табыңдар.
8. Келесі бұрыштарды π арқылы өрнектеңдер.
а) 30˚ ә) 45˚ б) 120˚ в) 240˚
9. Арыстан 1 қойды 2 күнде жейді. Қасқыр – 3 күнде,
ит – 6 күнде жейді. Бәрі бірге 1 қойды неше күнде жейді?
10. Саяхатшылар тобы саяхатқа шықты .1-ші күні олар жолдың 1/3 бөлігін, 2-ші күні 1/3 бөлігін, 3-ші күнге қалған 1/3 бөлігін жүрді. Нәтижесінде оларға 32 км жүретін жол қалды. Саяхатшылар неше километр жол жүру керек еді.
11. Шебер күніне 95 бөлшек дайындайды. 2470 бөлшек дайындау үшін, оған қанша күн керек?
12.Теңдеуді шеш:
х4 – 13х2 + 36 = 0¸
13. Бірінші сан еінші саннан 16-ға кем және олардың көбейтіндісі 80-ге тең. Осы сандарды табыңдар.
14. у = х2 + 10; 2) у = х2 – 5; 3) у = (х + 7)2; 4) у = (х – 8)2 функциясының графигін у = х2 функциясының графигінен қалай алуға болады?
2-тапсырма
1.Шеңбер деп нені айтамыз ?
3. Бір жазықтықта жатқан қиылыспайтын түзулер қандай түзулер деп аталады.
4. Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырғасы
5. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасы сол бұрыштың___ деп аталады
6. Шеңбердің центрін шеңбер нүктесімен қосатын кесінді.
7. Шеңбердің ұзындығы неге тең?
8.Өзара кері сандар деп нені айтамыз?
9.Пифагор теоремасы
10.Бөлшектің негізгі қасиеті
11.Геометриялық тізбек деп нені айтамыз?
12.Кесіндінінің ортасының координатасын қалай табамыз?
13.Шеңберге іштей сызылған бұрыш
14.Виет теоремасы
15.үшбұрыштың орта сызығы
3-тапсырма
1.қосындының да мәні,көбейтіндісінің де мәні 6-ға тең болатын тізбектес үш натурал санды тап.
2.Бір жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 8 жұмыртқа неше минутта піседі?
3.Дәптердің 24 бетін белгілеу үшін неше цифр керек?
4. Қайсысы көп:
1+2+3+4+0 немесе 1•2•3•4•0?
5 Теңдік орындалатындай жақша және амал белгілерін қойыңдар:
123456789=1
6. Қаңдай есімдік жолдарды құртады?
7. 1-ден 99-ға дейінгі барлық сандар қатарынан жазылған. 5 цифры қанша рет кездеседі?
8. .Әкесі 29 жаста, ұлы 5-те.Неше жылдан кейіне әкесінің жасы ұлының жасынан 2 есе артық болады?
9 Әкесі 28 жаста,ұлы 6-да.Неше жылдан кейін әкесінің жасы ұлының
жасынан 3 есе артық болады?
10. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
Сергіту сәті:
1.Ш әрпінен басталатын 10 математикалық термин айт
2.Ж әрпінен басталатын 10 математикалық термин айт
3.М әрпінен басталатын 10 математикалық термин айт
4.С әрпінен басталатын 10 математикалық термин айт
4-тапсырма
Адасқан әріптер
Кесірзіңетдт
Қарақтышақ
Сестсисбакир
Дылжымқад
Ларпомаргел
Дүренуретлі
Рефлексия
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.
Жюри мүшелері сайыстың өтілу барысы, оқушылардың дайындығы, білімі, есеп шығару барысы жайында ризашылықпен қорытынды жасап, тиісті мақтау қағаздарын тапсырды.