Мен кіммін? орта буында?ы о?ушылар?а арнал?ан


«Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»КММ
Тренинг тақырыбы: «Мен кіммін?» (орта буындағы оқушыларға арналған психологиялық тренинг)
Мақсаты: Оқушылардың өзіндік жеке-психологиялық ерекшелігін сезіну. Мен-тұжырымдамасын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Оқушылардың өзі туралы жағымды ойларын қалыптастыру, өзіндік тұлғалық ерекшеліктеріне түсінік беру.
2. Қоршаған ортада өзін дұрыс ұстап, сапалық қасиеттерін қалыптастыру.
3. Әр оқушы өз бойындағы сапалы және сапасыз қасиеттерін анықтап, жағымды қасиетін дамыту.
Тренинг түрі: топ бойынша және жеке өзіндік туралы жұмысы;
Әдістері : диагностикалық және дамыту жаттығулары;
Құралдары: А-4 қағаздары, жұмыс дәптері
Тренингтің барысы:
Ой толғауы: Әр адамның жеке басының ерекше қасиеті бар. Өзі жайлы оны ерекшелейтін теориясы да бар. Ол осынысымен ерекшеленіп тұрады. Сондықтан мынадай сұрақтар туындайды:
Менің басқа адамнан қандай айырмашылығым бар?
Менің көзқарасыммен басқа адамдар бөлісе ме?
Егерде олар басқаша ойласа, қалай бағалайды?
Диагностикалық кезең
Әр оқушыға қағаздар таратылады, қағаздың үсті жағына өзінің бір есімін жазады /бұл жәй өзінің есімі, аты-жөні, болмаса қысқаша- еркелік есімі/ өзінің үйреншікті есімі. Содан кейін:
А. «Мен кіммін?» сұрағына жауап бер. Жылдам, рет-ретімен қалай ойыңа келеді.
1.................................................................................................................................
2...................................................................................................................................
3.................................................................................................................................
4................................................................................................................................
5...................................................................................................................................
Ә. Осы сұраққа ата-анаң қалай жауап беретін еді. Әкең немесе анаңның атынан / біреуін таңда/ жауап бер.
1.................................................................................................................................
2...................................................................................................................................
3.................................................................................................................................
4................................................................................................................................
5...................................................................................................................................

Б. Осы сұраққа сіздің ойыңызша жан досыңыз қалай жауап беретін еді.
1.................................................................................................................................
2...................................................................................................................................
3.................................................................................................................................
4................................................................................................................................
5...................................................................................................................................
Талқылау:
Енді үш жауапты салыстырайық.
Келесі сұрақтарға жауап берейік.
1. Қандай ұқсастық бар?
2. Қандай айырмашылық бар?
3.Егерде айырмашылық болса, қалай түсіндіруге болады?
4. Қаншалықты өзіңді жақсы білесің?
5. Қандай 10 жауап өз мінездемеңізге сәйкес:
а/ дене даму /түрі,күші,денсаулық/
ә/психологиялық ерекшеліктер /эмоциялық орта, интеллект/
б/ әлеуметтік ролі /мамандақ қайраткерлігі,жанұялық жағдай/
Қандай жауап сізге жақынырақ?
Оқушылардың білімін бағалау.
Тренингті қорыту:
Енді қорытындысын жазбаша түрде жазайық, бұл сіздің
Мен-тұжырымдамаңыз.