Мен кіммін? та?ырыбында?ы саба? жоспары. Жіктік жал?ауы. (5 — сынып)


Сабақ тақырыбы: Мен кіммін?
Оқу мақсаты
Шағын көлемді мәтінді түсіну, жіктік жалғауын сөйлем құрауда дұрыс қолдану.
Ойлау деңгейлері Бағалау критерийлері
Білу және түсіну Оқылған шағын мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Қолдану Жіктік жалғауын сөйлем құрауда дұрыс қолданады.
Сабақтың барысы:
Уақыт Сабақ кезеңі Жүргізілетін жұмыс Ресурс
1 мин
4 мин Ұйымдастыру кезеңі:
«Мен қазақпын» әнін тыңдату
«Ойға шабуыл» әдісі бойынша өлең жолдарын оқиды, тақырыпқа кіріспе сөз айтады. Слайд 1
5 мин
8 мин
2 мин
3 мин
7 мин
7 мин
Негізгі кезеңі Жіктік жалғауы туралы түсінік қалыптастыру
Мәтінді оқып, жіктік жалғауына назар аударыңдар.
Мен Қазақстан деген тамаша елде дүниеге келдім. Қазақстан Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан. Қазақстан жері кең-байтақ және өте бай. Біз қазақтың киелі жерінде бейбітшілікте өмір сүріп жатырмыз. Біз қазақ елінің балаларымыз. Ата-анамыз аман-есен. Олар күнделікті жұмыстарына барып, еңбектеніп жатыр. Біз ата-бабаларымыздың алдында соғыс пен аштықты көрмегеніміз үшін борыштымыз. Сен қалайойласың?
Жаттығу орындау.
1 – жаттығу. Мәтінен жіктік жалғаулы сөздерді теріп жазыңдар.
2 – жаттығу. Берілген сөздерге жіктік жалғауын жалғаңдар.
Берілген сөздер: Ақылды, инженер, заңгер, отыр, бірінші.
3 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын қойыңдар.
Сен 7 – сынып оқушысы... . Бүгін 5 сабақ болады. Біз химия кабинетінде болды... . Сендер мектепке кешігіп келген жоқ... . Бүгін кезекші мен емес... . Олар кеше театрға барған жоқ ... . Біз Алматыға бара... . Мен ертең келе... . Олар Астанаға жол жүрді... . Сен төртінші... . Біз айналаға көз татады... . Сіздер тойға бара... . Мен Алматылық... . Сендер мұражайдан келді... .
4 – жаттығу. Берілген сөздерді құрамына қарай талдаңдар.
Берілген сөздер:
Студентсіңдер, агрономсыз, әдемісің, үшіншімін, отырсың, оқушысың.
Үлгі: Студентсіңдер
Студент-түбір
-сіңдер – жіктік жалғауы, көпше түрінің ІІ жағы Қосымша №1
Қосымша №2
Қосымша №3
Қосымша №4
Қосымша №5
2 мин
3 мин
1 мин Қорытынды кезең: Аудару.
5 – жаттығу. Қазақ тіліне аударыңдар.
Я живу в Казахстане.
Он пришел в школу.
Мы в кинотеатре.
Они ученики.
Мы студенты.
Я врач.
Ты учитель.
Вы писатель.
Он инженер.
Ты актер.
Сұрақ-жауап арқылы сабақ туралы әңгімелесі
Үй тапсырмасын беру.
Тест тапсырмасын орындау.
Қосымша №6
Қосымша №7
2 мин Бағалау:
Бағалау критерийлері Дескрипторлар
Оқылған шағын мәтіннің мазмұнын түсінеді. - мәтіннің мазмұнын түсінеді – 2 ұпай
- мәтіннен жіктік жалғаулы сөздерді анықтайды – 2 ұпай
-мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді – 2 ұпай
Жіктік жалғауын сөйлем құрауда дұрыс қолданады. -берілген сөздерге жіктік жалғауын дұрыс жалғайды -2 ұпай
-Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын жалғайды – 2 ұпай
- жіктік жалғаулы сөзді құрамына қарай талдайды – 2 ұпай
10-12 ұпай – «5»
7 – 9 ұпай – «4»
6 – 4 ұпай – «3»
1-3 ұпай – «2»
Қосымша №1
Жіктік жалғаудың толық түрі және қысқа түрі бар:
Толық түрі
Жекеше
Жақ Жалғаулары Мысалы
І Мен мын/мін, бын/бін, пын/пін Оқушымын, ұшқышпын
ІІ Сен сың/сің Оқушысың, ұшқышсың
Сіз сыз/сіз Оқушысыз, ұшқышсыз
ІІІ Ол Øтретье лицо не имеет окончания Оқушы, ұшқыш
Көпше
Жақ Жалғаулары Мысалы:
І Біз -мыз/-міз, -быз/-біз, -пыз/-піз Оқушымыз, ұшқышпыз
ІІ Сендер -сыңдар/-сіңдер Оқушысыңдар, ұшқышсыңдар
Сіздер -сыздар/-сіздер Оқушысыздар, ұшқышсыздар
ІІІ Олар Øтретье лицо не имеет окончания Оқушылар, ұшқыштар
Қысқа түрі:
Жекеше
Жалғаулары Мысалы:
Жедел өткен шақтағы етістік Шартты райлы етістік
І Мен –м, -қ, -к Бар+ды+м Бар+са+қ
ІІ Сен –ң, -ңдар, -ндер Бар+ды+ң Бар+са+ң
ІІІ Сіз -ңыз. –ңіз, -ңыздар, -ңіздер Бар+ды+ңыз Бар+са+ңыз
ІҮ Ол Øтретье лицо не имеет окончания Бар+ды Бар+са
Көпше
Жалғаулары Мысалы:
Жедел өткен шақтағы етістік Шартты райлы етістік
І Біз -қ/ -к Бар+ды+қ Бар+са+қ
ІІ Сендер -ңдар/-ңдер Бар+ды+ңдар Бар+са+ңдар
Сіздер -ңыздар/-ңiздер Бар+ды+ңыздар Бар+са+ңыздар
ІІІ Олар Бар+ды Бар+са
Қосымша №2
Мәтінді оқып, жіктік жалғауына назар аударыңдар.
Мен Қазақстан деген тамаша елде дүниеге келдім. Қазақстан Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан. Қазақстан жері кең-байтақ және өте бай. Біз қазақтың киелі жерінде бейбітшілікте өмір сүріп жатырмыз. Ата-анамыз аман-есен. Олар күнделікті жұмыстарына барып, еңбектеніп жатыр. Біз ата-бабаларымыздың алдында соғыс пен аштықты көрмегеніміз үшін борыштымыз. Сен қалайойласың?
Қосымша №3
2 – жаттығу. Берілген сөздерге жіктік жалғауын жалғаңдар.
Берілген сөздер: Ақылды, инженер, заңгер, отыр, бірінші.
Жекеше түрі
Ақылды Инженер Отыр Бірінші
І Мен ІІ Сен Сіз ІІІ Ол Көпше түрі
І Біз ІІ Сендер Сіздер ІІІ Олар Қосымша №4
3 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын қойыңдар.
Сен 7 – сынып оқушысы... . Бүгін 5 сабақ болады. Біз химия кабинетінде болды... . Сендер мектепке кешігіп келген жоқ... . Бүгін кезекші мен емес... . Олар кеше театрға барған жоқ ... . Біз Алматыға бара... . Мен ертең келе... . Олар Астанаға жол жүрді... . Сен төртінші... . Біз айналаға көз татады... . Сіздер тойға бара... . Мен Алматылық... . Сендер мұражайдан келді... .
Қосымша №5
4 – жаттығу. Берілген сөздерді құрамына қарай талдаңдар.
Берілген сөздер: Студентсіңдер, агрономсыз, әдемісің, үшіншімін, отырсың, оқушысың.
Үлгі: Студентсіңдер
Студент-түбір
-сіңдер – жіктік жалғауы, көпше түрінің ІІ жағы
Қосымша № 6
5 – жаттығу. Қазақ тіліне аударыңдар.
Я живу в Казахстане.
Он пришел в школу.
Мы в кинотеатре.
Они ученики.
Мы студенты.
Я врач.
Ты учитель.
Вы писатель.
Он инженер.
Ты актер.
Қосымша № 7
Тест тапсырмасын орындайық
1.Жіктік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.
а) Бардың
ә) Сынып
б) Кітабым
в) Елімнің
г) Мектепте
2.Жіктік жалғауының жекеше түрінің І жағын көрсетіңіз.
а) Олсуреттіжақсысалды.
ә) Тауғабарыпдемалды.
б) Сен Алматыдатұрасыңба?
в) Кеше Астанада демалдым.
г) Театрға кеше барғанбыз.
3.Жіктік жалғауының жекеше түрінің І жағын көрсетіңіз.
а) оқисың
ә) оқыды
б) тұрдық
в) көрдім
г) өмір
4.Көп нүктенің орнына қажетті жалғуды тап.
Біз ата-бабаларымыздың алдында соғыс пен аштықты көрмегеніміз үшін борышты... .
а) -сың
ә) -қ
б) -мін
в) -мыз
г)-сыз
5.Жіктікжалғауынкөрсетіңіз.
а) -тар, -тер
ә) -да, -де
б) -сың, -сің
в) -ға,-ге
г) -лар,-лер
6.Жіктік жалғауының І жағын көрсетіңіз.
а) оқушысың
ә) дүкенге
б) болашақта
в) жері
г) тұрмын
7. Жіктеліп тұрған етістікті көрсетіңіз.
а) көрдің
ә) көрші
б) сұрау
в) тұр
г) оқу
8. Жіктеліп тұрған етістікті көрсетіңіз.
а) Бару
ә) Оқыған
б) Көрдік
в) Жазып
г) Көру
9. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды таңдаңыз. Біз Алматыға бара...
а) -қ
ә) -ды
б) -міз
в) -мыз
г) -к
10. Жіктік жалғауының жекеше түрінің ІІ жағын көрсетіңіз.
а) жаздық
ә) барамыз
б) тамашалаймыз
в) оқыдың
г) көрдім
Қосымша №8
Өзіңді тексер!
1 – жаттығу.
2 – жаттығу.
Жекеше түрі
Ақылды Инженер Отыр Бірінші
І Мен Ақылдымен Инженермін Отырдым Біріншімін
ІІ Сен Ақылдысың Инженерсің Отырдың Біріншісің
Сіз Ақылдысыз Инженерсіз Отырдыңыз Біріншісіз
ІІІ Ол Ақылды Инженер Отырды Бірінші
Көпше түрі
І Біз Ақылдымыз Инженерміз Отырдық Біріншіміз
ІІ Сендер Ақылдысыңдар Инженерсіңдер Отырдыңдар Біріншісіңдер
Сіздер Ақылдысыздар Инженерсіздер Отырдыңыздар Біріншісіздер
ІІІ Олар Ақылдылар Инженерлер Отырды Бірінші
3 – жаттығу.
Сен 7 – сынып оқушысысың . Бүгін 5 сабақ болады. Біз химия кабинетінде болдық . Сендер мектепке кешігіп келген жоқсыңдар. Бүгін кезекші мен емеспін. Олар кеше театрға барған жоқ. Біз Алматыға барамыз. Мен ертең келемін. Олар Астанаға жол жүрді. Сен төртіншісің. Біз айналаға көз татадық. Сіздер тойға барасыздар. Мен Алматылықпын. Сендер мұражайдан келдіңдер.
4 – жаттығу.
Студентсіңдер
Студент-түбір
-сіңдер – жіктік жалғауының көпше түрінің ІІ жағы
агрономсыз
агрогом – түбір
-сыз – жіктік жалғауының жекеше түрінің ІІ жағы, сыпайы жағы
әдемісің
әдемі – түбір
-сің - жіктік жалғауының жекеше түрінің ІІ жағы
үшіншімін
үш – түбір
-інші – реттіс сан есім жұрнағы
-мін - жіктік жалғауының жекеше түрінің І жағы
отырсың
отыр(у) – түбір
-сың - жіктік жалғауының жекеше түрінің ІІ жағы
оқушысың
оқу – түбір
-шы – зат есім тудырушы жұрнақ
-сың - жіктік жалғауының жекеше түрінің ІІ жағы
5 – жаттығу.
Мен Қазақстанда тұрамын.
Ол мектепке келді.
Біз кинотеатрдамыз.
Олар оқушылар
Біз студентпіз
Мен дәрігермін.
Сен мұғалімсің.
Сіз жазушысыз.
Ол инженер.
Сен актерсің.
Тест тапсырмасы
–а
–в
–в
–в
–б
–г
–а
–б
–в
–в