?зін ?зі тану п?нінен Салауатты отбасы та?ырыбында ?ыс?а мерзімді жоспар 2 сынып


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырып: Салауатты отбасы
Құндылық: қиянат жасамау
Қасиеттер: мейірімділік, кешірімділік, қамқорлық, бауырмалдық
Мұғалiм: Мухамбетжанова С.О.
Сынып: 2 а сынып
Оқушылар саны: 16
Мерзімі:
Сабақ мақсаты: оқушыларға салауатты отбасы туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- салауатты отбасы туралы түсінік беру;
-кешірімділік, қамқорлық,бауырмалдық қасиеттерін дамыту;
-мейірімділік, кешірімділік, қамқорлық, бауырмалдық қасиеттерге тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi.(баяу әуен)
Нұрға бөлену.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Аманатқа қиянат жасама....
Сұрақтар:
Саудагер неліктен аманатқа қиянат жасамақ болды?
Саудагердің жаман ойы неге іске аспады?
Адамның ойының күштілігіне сенесіңдер ме? Қалай?
Сендердің өмірлеріңде осындай жағдайлар болып па еді? Әңгімелеп беріңдер. Сабақ барысын талқылау:
Дәйек сөз.
" Бір адам жаққан отқа, жүз адам жылынады"
Қазақ мақалы
Дәйексөзді хормен оқу, қайталау дәптерге көшіріп жазу.
Дәйексөздің мағынасын түсініп оқып, жаттап алыңдар.
Мұғалім сыйы: "Бақытты отбасының сыры"
Бір шағын қалада екі отбасы көрші тұрады. Бір отбасында үнемі ұрыс болады, ал екінші отбасында барлығы тату –тәтті өмір сүреді.
Бір күні бақытты отбасына қызығып жүрген екінші үйдің баласы олардың қалай өмір сүріп жатқанын білгісі келеді.
Сөйтіп, бір күні ол көрші үйге келіп,жасырынып, бақылап отырады.
Бақытты үйде барлығы әкесі, анасы, балалары да ылғи көңілді жүреді екен. Олар бәрін бірлесіп жасап жатыр. Анасы үйін тазалап жүріп бір құмыраны сүртіп тұр еді, кенеттен біреу телефон соғады. Ол құмыраны үстелдің шетіне қойып кетеді.
Анасына көмектесіп жүрген баласы бөлмедегі жаңағы құмыраны байқамай құлатып алады. Құмыра сынып қалады.
Бала « Міне қазір ұрыс басталады » деп ойлайды. Өйткені олардың отбасында осылай болушы еді.
Анасы оны көріп, ұлына :
- Кешір , балам. Мен кінәлімін. Мен оны дұрыс қоймадым.
- Жоқ, мен кінәлімін. Байқамай қалдым.
- Жарайды, ештеңе етпейді, бұл болмашы нәрсе,- дейді әкесі.
... Көрші бала оларға қызыға қарап, өз үйіне қарай жүгіре жөнеледі.
Анасы:
- Не болды, сонша жүгіріп, бірдеңе көрдің бе?
- Иә!
- Анашым,мен көршілердің бақытының сырын, олардың бізден ерекшелігін енді ұқтым.
- Олардың отбасында әркім өзін кінәлайды. Ал біздің отбасымызда әрқайсымыз « менікі дұрыс» дейміз....
Сұрақтар:
1.Отбасы жылулығы мен саулығы кімге және неге байланысты деп ойлайсыңдар?
2. Отбасы салауатты болу үшін қандай құндылықтармен өмір сүру керек?
3. Өз отбасыңды салауатты отбасы деп санайсыңдар ма? Неліктен? Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1-тапсырма
« Менің отбасым қандай? » тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар.
2-тапсырма
Жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Айнұрдың әке-шешесі күні бойы жұмыста. 2- сыныпта оқитын Айнур әжесімен бірге қалатын. Әжесі Айнурға ылғи да үйдің тазалығын сақтау оның міндеті екенін айтып отыратын. Әжесінің бұл ақылын Айнур түсінбейтін...
*Айнур неліктен әжесінің ақылын түсінбеді?
*Үйдің таза болуы неге байланысты деп ойлайсыңдар?
3-тапсырма
Отбасындағы аға,іні,әпке, сіңлі, қарындастың міндеттерін жазыңдар. Топпен ән айту
Біз осылай өсеміз.
Өлеңін жазған: М.Әлімбаев.
Әнін жазған: И.Нүсіпбаев.
Таң атады арайлап,
Күн күлімдеп туады.
Жадырайды бар аймақ,
Жарқырайды шуағы.
Дала гүлін жинаған,
Жазып ерлік дастанды.
Аталарым сыйлаған,
Бізге ашық аспанды.
Жарқын заман бөбегін,
Аялайды нұрлы таң.
Алтын бесік өз елім,
Туған өлкем Ұлы Отан.
Үй тапсырмасы.
"Жаның жеті жаманнан аман болсын" мәтінін оқып келу. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады.