# ДІННІ?_Т?ТАСТЫ?Ы_ЕЛДІ?_Т?ТАСТЫ?Ы ?азалы ауданды? ішкі саясат б?ліміні? тапсырысына с?йкес «Жас Орда» жастар ?о?амды? бірлестігіні? ?йымдастыруымен ауданды? жастар ?йінде «Діни т?ра?тылы? – ?лт болаша?ыны? кепілі» атты діни конференция ?тті. Конференция


HYPERLINK "https://www.facebook.com/hashtag/%D0%B4%D1%96%D0%BD%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D1%82%D2%B1%D1%82%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B%D2%93%D1%8B_%D0%B5%D0%BB%D0%B4%D1%96%D2%A3_%D1%82%D2%B1%D1%82%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B%D2%93%D1%8B?source=feed_text&story_id=1638906849731177" #‎ДІННІҢ_ТҰТАСТЫҒЫ_ЕЛДІҢ_ТҰТАСТЫҒЫ‬
Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысына сәйкес «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық жастар үйінде «Діни тұрақтылық – ұлт болашағының кепілі» атты діни конференция өтті.Конференцияға аудан ардагерлері, Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті, ауылдық округтердегі мешіттердің имамдары, мектептердің тәрбие ісінің меңгерушілері, психологтары, «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдері қатысты.Конференцияны аудан әкімі аппаратының басшысы А.Қаржаубаев ашып, жүргізіп отырды.Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы М.Жәмиев «Ислам шариғаты мен қазақ салт-дәстүрінің ұштастығы», облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының Қазалы ауданы бойынша теолог маманы Н.Нәлібаев «Ислам және ғылым» тақырыптарында баяндама жасады. Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекбанов конференцияның мақсатын құптайтындығын білдіріп, жастардың діни сауаттылығын арттыру жолында бірігіп іс-әрекет етуге шақырды."Жиенәлі ахун" мешітінің бас имамы Қ.Дәуіржанұлы, "Жанқожа батыр" мешітінің найб имамы Қ.Құсайынұлы, №70 мектептің "Дінтану негіздері" пәнінің мұғалімі Б.Түменбаевтар конференцияда қозғалған мәселелерге байланысты өз пікірлерін айтып, игі лебіздерін білдірді.Діни конференцияға қатысушыларға брошюралар, «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдеріне «Жұмақтың кілті жаныңда», «Исламдағы жанұя» атты кітаптар таратылды.Конференция нәтижесімен «Діни тұрақтылық – ұлт болашағының кепілі» атты діни конференцияның үндеуі қабылданды.
#‎ЖАҚСЫ_ІСТЕР_ЖАЛҒАСЫН_ТАБА_БЕРЕДІ‬.