Орыс тілі саба?ында жа?а технологияларды тиімді пайдаланып, білім сапасы к?теру


ОРЫС ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫП, БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ
Агинтаева Роза АлдабергеновнаОрыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Жоғарғы санатты
Алматы облысы
Алакөл ауданы, Жыланды ауылы
Жыланды орта мектеп-лицейі

Елбасымыз жаңа Жолдауында: «Білім беру саласының басты міндеті –2010 жылға дейін білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту» - деген болатын. [1,2 б] Бұл білім беру мекемелерінің қазіргі жаңа құрылымы мен оқытудың жаңа мазмұнын мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік пен қазақ тілін оқып үйренудің жаңа технологиясын ендіру міндеттерін шешуге жетелейді. Әсіресе, орыс сыныптарында сабақ беретін қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне қатысы бар деп санаймын. Себебі 2007-2008 оқу жылындағы 11 орыс сыныптарының мемлекеттік тілден ҰБТ, 9 орыс сыныптары МАБ тапсырады. Бұл ұстаз алдындағы үлкен жауапкершілік. Бүгінгі таңда мектептерде оқитын шәкірттердің білім деңгейі неліктен ала-құла? Неге 11 сыныптардың кей оқушылары емтихан тапсырады... Бұның себебі неде? Орыс тілі біздің екінші тіліміз. Сабақты тиімді меңгерту үшін сабақты мұғалім қызықты, тартымды өткізуі керек. Сабақ- өте күрделі, сан қырлы.Әрбір сабаққа қойылатын басты талап: - оқушының білімге деген қызығушылығын арттыру; - сабақтың әдіс-тәсілдерін түрлендіру; - көрнекті құралдарды тиімді пайдалану, оқушылар сезіміне әсерін білу; - балалармен ынтымақтастықта болу; - сабақтың өмірмен байланысын нығайту; - мұғалімнің сабаққа жаңашылдық, шығармашылық әрекеті. - Мұғалім өз пәнін жетік білумен қатар үнемі шәкірттерінен қолдау тапқанда ғана еңбегінің нәтижесі көрінеді. Өзімнің 27 жылдан астам уақыт ішіндегі педагогтық тәжірибемдегі әрбір сабағымда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында басты назар аударатыным: - тақырыпты нақты жоспарлауға; - сабақтың типін,әдістерін өзгертіп, проблемалық ізденіс, зерттеу туғызу; - сабақты өмірмен байланыстыру; - қосымша әдебиет, көркем шығармаларды басшылыққа ала отырып оны сабақтан тыс жұмыстарда жалғастыру. Еңбексіз, ізденіссіз тәжірибе немесе әдістеме пайда болмайды. Еңбектің жемісті болуы көбіне мұғалімнің жеке басына, оның шеберлігіне, іскерлігіне байланысты.Ол үшін көп тер төгіп ізденіс жасау қажет. Ізденіс- табыс кілті. Ізденген мұғалім: - пәннің төңірегінде ғылыми жаңалықтармен оқушыларды қаруландырады; - оқушылардың шығармашылқпен жұмыс істеп ізденуіне бағыт береді. Менің ойымша, проблемалық оқу-әдісін жүзеге асырудың ең қолайлы жолы- оқушыға проблемалық- логикалық ойлау сұрақтарын беріп шешкізу. Ол- оқушыны ойландыра отырып есте сақтау ынтасын арттырады. Ондай сұрақтарды көбіне мен жаңа сабақты бастамас бұрын, жаңа материалды баяндап болғаннан кейін, үй тапсырмасын сұрау кезінде де іске асырып отырамын. Дәстүрлі педагогика болып өткен істің байыбымен барып, ол туралы ойлауды мұғалімнен де, оқушыдан да талап еткен жоқ деуге болады. Оның орнына мұғалім арнайы әзірленген тапсырмалар арқылы білім алушылардың жаңа ақпаратты қалай меңгергенін анықтау, алған білімді пысықтау мен бекіту мақсатындағы жұмыстар жүргізетін. Сабақты қорытындылауды өзінің міндеті санайтын. Бұл жадай бірнеше ұрпақтың өзіне сын көзбен қарап баға бере алу сияқты қабілеттерінің төмен болуына әкелді. Соның көрінісі ретінде біліктілікті арттыру курстарына келген тыңдаушылармен жүргізген сауал- сұрақтарға жауап бергендердің 80 пайызы өздерін қандай мәселелердің қиналдырып жүргенін, одан шығудың қандай жолдары бар екенін дөп басып айта алмайды, өз сабақтарына өзіндік талдау жасауға шорқақ келеді. Соңғы кездерде «педагогикалық технология» жөнінде жиі сөз қозғалып жүр. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз не? Педагог ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбиесі процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы - белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы». Технология қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын ғана, нақты мақсаттардың алдын ала ойластырылған нақты жобасы, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы. Ал, педагогикалық жүйе – педагогикалық технология негізі. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер. Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деген Елбасы Н.Ә. Назарбаев мұғалімдердің ІІ съезінде сөйлеген сөзінде. [2, 16 б] Ал, белгілі педагог Ш.А. Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтырушылығын арттыру үшін оқытуды жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң содан бастау керек», деген.[3,6 б] Сол себептен жаңа технологияларды енгізу арқылы, оқу процесінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді. Жылдан-жылға білім беру ісі ерекше қолға алынып отыр. Мектептерде жаңа бағдарламалар, технологиялар пайдаланылып жүр Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артты. Адамның болашағы, оның қазіргі алған білімнің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі, білік негіздерден меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру -жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ескі жүйені бұзу үшін оқытуды жаңаша ұйымдастыру қажет. Ол мына міндеттерді қамтуы тиіс: 1. Оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру; 2. Ұжымдық іс- әрекетті ортақ қарым- қатыныс құралы ету; 3. Деңгейіне қарап саралып, ерекшелігіне қарап даралап оқыту. Міне, осы міндеттерді қамтитын «дамыта оқыту» жүйесі даму заңдылықтарын ескере отырып, теориялық ойлауға бағытталған жақын даму аймағында оқытады. Нақ осы мәселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларының көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс- әрекетінің субъектісі етуге ұмтылдырады, мақсатты оқу іс- әрекеті барысында нақты оқу міндеттерін шеше отырып даму педагогикалық ықпалдың алдын алатын іс- әрекеттік оқыту тәсілі арқылы балада ақпараттық және жалпы біліммен қатар амалдар мен құндылықтар жиынтығын қалыптастырады. Мен өзім көпке дейін профессор Ж. Қараевтың «Оқытудың педагогикалық технологиясы» еңбегін басшылыққа алып, оқушыларымды деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дамыта оқыту идеясын жүзеге асырып келдім. Бірақ 2005-2006 жылы Павлодар облыстық педагог-мамандар біліктілігін арттыру институтында Кенембаева Ш.К. жетекшілігімен ашылған « Оқушы шығармашылығын сыни тұрғыдан ойлау негізінде дамыту» атты курста болдым. Бұл курс 2 кезеңнен тұрады. Курс мені өте қатты ойландырды, оның қазақ тілі мұғалімдері үшін үлкен пайдасы бар деген тұжырымға келдім. Міне, 2 жыл болды осы СТО технологиясын өз сабағымда қолданып жүрмін. Бұл әдістеме бойынша, сабақтың құрылымы да ерекше деп айта аламын. Сабақтың құрылымы: 1. Қызығушылықты ояту, (мотивация) 2. Мағынаны тани білу немесе мағынаны ашу,(жаңа ақпарат ұсынады) 3.Талдау, қорытынды немесе рефликасия. Осы әдістің көптеген стратегиялары бар. Менің сабақта көп қолданатындарым: Әлемдегі педагогика мен әдістеме саласындағы жаңалықтар бізге де жат емес. Оның ең тиімдісі үйреніп, практикада қолдану біліктілігімізді арттыра түседі деп ойлаймын. Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. ХХІ ғасыр информациялық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ Республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолғк алынды. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізу, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Компьютерлік технологияны қолдану оқытуға арналған программалық жабдықтарды (электрондық оқулықтар т.б.) сабақта тиімді қолдану пән мұғалімдерінің мол тәжірибесін, ізденісін, әдістемелік шеберлігін қажет етеді. Өз тәжірибемде оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыруда мүмкіндігімше компьютерді пайдаланамын. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сыныптық сабақ жүйесі екені бәрімізге мәлім. Осыған орай менің тәжірибемде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрінен басқа, дәстүрлі емес сабақтар түрлері де пайда болуда. Олар көбінесе оқытудың жаңаша әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсатым-әрбір сабақтың оқу - тәрбиелік мүмкіншіліктерін ескере отырып, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Бүгінде оқыту жұмысын осылай ұйымдастыру мен әдістің жаңалығы басқа ұстаздардың жаңа жағдайға байланысты оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен пацдаланудың негізгі өлшеміне айналуда. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері мені пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді. Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні – білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы- ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Сын тұрғысынан ойлауды үйренген оқушы «Оқушы-компьютер-мұғалім» жүйесін қалыптастырады, оқушы-басты тұлға, жаңа тақырыпты ақпарат көзі – компьютерден оқып, қажетті мәліметтерді дәптерлеріне түсіріп, мұғалімге бере алатындай түсінікпен келуі, СТО-ның әдіс-тәсілдері оқушы мен ұстаз біртұтастығын қажет етіп, екеуін де тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың қандай да болмасын шығарманы оқуына бетбұрыс жасап, одан әрі зерттеуіне, ізденуіне бағдар көрсетеді. СТО-ның әдіс-тәсілдерінің қазақ тілі пәніне ықпалы, әсері шексіз. Ол баланың еркін ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Мақсатымыз мына әрекеттер арқылы жүзеге асады: сыни ойлау, еркін сөйлеу, ізденіс, белсенділік, ой бөлісу, тұлға аралық қатынас. Күтілетін нәтиже: - Оқушылар көркем, мәнерлі сөйлеуге төселеді; - Шығармашылық жұмысқа белсене араласады; - Дүниетанымы кеңейеді; - Мазмұндаманың барлық түрін қызығып орындайды; - Білім сапасы артады. Ал дәстүрлі сабақ кезінде оқушылар белсенділігі төмен болатындығын білеміз, өйткені бірсарынды сабақтар оқушыларды жалықтырады. СТО әдістерін оқып-үйрене келе және оны тәкелей тәжірибемде қолданғанда байқағаным, бұл әдістің білім беру жүйесіне, әсіресе қазақ тілі пәнінен тиімді жақтары көп деген шешімдемін. СТО стратегиялары және ізгілендіруді көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, өзін дамыта алатын үнемі жетілдіру арқылы өз бағыт бағдарын айқындай алатын оқушы тұлғасын қалыптастырады. Осы технологияны сабақта пайдаланғанда мен мынадай нәтижелерді күтемін. - Өз қабілеттеріне қарай мемлекеттік стандартты сапалы білім; - Еркін әрі сыни ойлай білетін, белсенді және білікті; - Өзін-өзі тани алатын, өзіне сене отырып, біліміне жауапкершілікпен қарайтын; - Оқу процесі кезінде алған түрлі мүмкіндіктерін өзекті мәселелерді шешуде таңдай және қолдана алатын; - өз мүмкіндігінше сенімді және жоғары баға беретін; - Қазақ тілін еркін меңгерген; Танымдық белсенділігі жоғары, өз- ісіне сныи тұрғыдан қарай білетін тұлға болады.